2009 ж. 14 қаң.
Күнделікті нұр
Ажал аузында жанымның жатқаны-ай, Аман сақтай гөр берген уәдеңе сай!
Забур жырлары 118:25
Сонымен, Мәсіх өлімнен қайта тірілгенде сендер Онымен бірге рухани тірілдіңдер. Сондықтан көкке лайықты қасиеттерді иемденуге ұмтылыңдар! Өйткені Мәсіх көкте, Құдайдың оң жағында отыр. Ойларыңды күнәкар дүниедегіге емес, көктегіге аударыңдар! ... енді өлген кісідей бұрынғы күнәлі іс-әрекеттеріңе жоқсыңдар. Ал Мәсіхпен бірлесіп сүрген жаңа өмірлерің ел көзінен таса, Құдайдың алдында.
Қолостықт. хат 3:1–3
Алайда біздің отанымыз көкте, содан Құтқарушымызды — Иеміз Иса Мәсіхті сағына күтеміз. Ол әлемдегі күллі нәрселерді де жеңіп бағындыру үшін қолданатын құдіретті күшімен біздің өткінші тәнімізді Өзінікі сияқты салтанатты денеге айналдырады.
Філіпілікт. хат 3:20–21
Өйткені ескі болмысымыздың қалауы Киелі Рухқа қарсы, әрі Рухтың қалауы ескі болмысымызға қарсы. Бұл екеуі бір-біріне қарама-қайшы, сондықтан игі ниеттеріңді жүзеге асыра алмайсыңдар.
Ғалаттықт. хат 5:17
Қымбатты бауырластар, ескі күнәкар болмысымыздың еркімен өмір сүруге міндетті емеспіз! Өйткені егер оның еркіне сай өмір сүрсеңдер, Құдайдан ажырап, мәңгілік өлімге ұшырайсыңдар. Ал егер Киелі Рухтың күшімен күнәкар болмыстарыңның іс-әрекетінен мүлдем бас тартсаңдар, шынайы өмір сүресіңдер.
Римдіктерге хат 8:12–13
Сүйікті бауырластарым, (осы күнәкар дүниеде) жат жерлік адамсыңдар, сондықтан сендерге ескертемін: өз жандарыңа ұдайы қарсы шығатын арам құмарлықтардан бас тартыңдар!
Петірдің 1-хаты 2:11
Өздеріңді саналы түрде бағалаңдар.
Римдіктерге хат 12:3
Сенімі әлсіз бауырластарды олардың ой-пікірлері жөнінде таласпай.
Римдіктерге хат 14:1
Оған деген сенімінен қуат алды.
Римдіктерге хат 4:20
Неліктен (Менің құдіретіме) күдіктендің? — деді.
Матай 14:31
Сенімің ғаламат зор екен! Тілегенің болсын! — деді.
Матай 15:28
Деген сұрақ қойды. Олар: — Иә, Тақсыр, сенеміз, — деп жауап берді. ... деп, көздеріне саусағын тигізді.
Матай 9:28–29
Сенімімізді арттыра көріңіз, — деп өтінді.
Лұқа 17:5
Өздерің сенетін Тәңір Иенің қасиетті де пәк таза ілімінің негізінде рухани өсіп толысуға ұмтылыңдар.
Яһуданың хаты 1:20
Негіздерің Мәсіхте болып, терең тамыр жайып, өсе беріңдер.
Қолостықт. хат 2:7
Мәсіхпен байланысымызда бізді сендермен бірге табанды етіп ... Құдайдың Өзі.
Қорынттықт. 2-хат 1:21
Ал барлық рақымның бастауы, Құдай ... қуатты да табанды етпек. Себебі Ол Мәсіх Иса арқылы сендерді Өзінің салтанатты ұлылығын мәңгі бөлісуге шақырды.
Петірдің 1-хаты 5:10
Сенімі берік біздер күмәнданғандардың Таурат заңына сәйкес іс-әрекеттеріне төзіп, оларға көмектесуге тиіспіз. Тек өзімізге ұнайтынды ғана емес.
Римдіктерге хат 15:1
Ендеше бір-бірімізді айыптауды тоқтатайық! Қайта, бауырластарыңды істегендерің арқылы тура жолдан тайдырып, азғындыққа түсірмеуге шешім қабылдаңдар!
Римдіктерге хат 14:13
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2009 ж. 14 қаң.
2009 ж. 13 қаң.
2009 ж. 12 қаң.
2009 ж. 11 қаң.
2009 ж. 10 қаң.
2009 ж. 9 қаң.
2009 ж. 8 қаң.

Адалдық
Қауіпті уақыттарда қалай адал өмір сүруге болатынын біліңіз, Дәуіттің жауынгерлерінен және Елші Пауылдың…

Құдайдың қасиеттері
Құдайдың қасиеттілігінің табиғатын, сенушінің Мәсіхтегі позициялық қасиеттілігін және киелену арқылы іс…

Үміт
Христиандық үміттің Киелі жазбалардағы көзқарасын, Құдайдың орындалмайтын уәделеріне негізделген сенімді…

Сенім
Нақұм кітабы – сот кітабы. 1-тарауда біз Құдайдың кек қайтарушы Құдай ретіндегі мінезін көреміз. Ол Өз…

Христиан өмірі
Ауыртпалықтар мен күнәні тастап, сенімнің бастаушысы және аяқтаушысы Исаға нық қарап, христиандық жарысты…

Мәсіхшілік өмір
Рождество әндері арқылы Рождествоның шынайы мағынасын ашыңыз, Иса Мәсіх арқылы Құдаймен татуласудан келетін…