Жаратқанның оны құтқарып азат етуін Сабыр сақтап күткені игі адам үшін.
Жоқтау 3:26
Күнделікті нұр
Жаратқанның оны құтқарып азат етуін Сабыр сақтап күткені игі адам үшін.
Жоқтау 3:26
Ефремнің ұрпақтары садақпен қаруланған, Ал шайқасар күні кері бұрылып қашқан,
Забур жырлары 77:9
Ал Құдай Өзі таңдап алған, Өзіне күні-түні жалбарына сиынған адамдарының мүдделерін қорғамай ма? Әлде соны ұзаққа созып жібере ме? Сендерге шындығын айтамын: Құдай олардың мүдделерін тезірек қорғайды! Алайда Мен Билеуші ретінде көктен қайтып келгенімде жер бетінен Өзіме сондай қатты сенетіндерді таба алар ма екенмін?»
Лұқа 18:7–8
Зұлымдықтың кегін қайтарам деме, Тәңір Иеге тапсыр, Ол қолдайды сені.
Нақыл сөздер 20:22
Иіліп кеттім тұла бойым бүгіліп, Күні бойы жүремін қайғы шегіп.
Забур жырлары 37:7
Осы жолы шайқасатын сендер емессіңдер. Тек сол жерге барып, берік тұрыңдар! Сонда Жаратқан Иенің өздеріңді құтқаруын көресіңдер, уа, Яһуда мен Иерусалим халқы! Үрейленіп қорықпаңдар! Ертең оларға қарсы шығыңдар! Жаратқан Ие сендермен бірге жүріп жар болады.
Шежірелер 2-ж. 20:17
Жақсылық жасаудан талмайық! Себебі бұдан шаршап, бас тартпасақ, тиісті уақытта оның игілікті өнімін Құдайдан қабылдайтын боламыз.
Ғалаттықт. хат 6:9
Ендеше, бауырластарым, Иеміз қайтып келетін кезге дейін шыдаңдар. Диқанға қараңдаршы: ол егіндік жерінен алатын құнды өнімін тосып, оны күзгі және көктемгі жаңбырдың суғаруын төзімділікпен күтеді.
Жақыптың хаты 5:7
Ұстаңдаршы сол кішкентай түлкілерді, Олар бүлдіреді ғой жүзімдіктерді, Жүзімдігіміз гүлдеп тұр себебі. (Қалыңдық:)
Таңдаулы ән 2:15
Абай болыңдар, ешқайсың Құдайдың рақымынан құр қалып жүрмеңдер! Әйтпесе улы жеміс беретін тамырды қазып алып тастамаса, оның қайтадан көктеп, қаулап өсіп кететіні сияқты, мұндай адамдарың өздерінің жаман көзқарастарына көптеген басқаларды да еліктіріп, арамдап, зор зиян тигізетін болады.
Еврейлерге хат 12:15
Жақсы жүріп бара жатыр едіңдер. Енді кім жолдарыңа бөгеу болып, сендерді шындыққа мойынсұнудан бас тартқызады?
Ғалаттықт. хат 5:7
Өмірлеріңде игі ісін бастаған Құдайдың оны жалғастыра беріп, Мәсіх Иса қайта оралар күнге дейін толықтай аяқтайтынына кәміл сенемін.
Філіпілікт. хат 1:6
Қандай жағдай болмасын, тек Мәсіх жайлы Ізгі хабарға сай өмір сүріңдер! Мен келіп, сендерді көремін бе, я болмаса алыста жүремін бе, бәрібір — сендер туралы «бірдей ниетпен табанды тұрады, Ізгі хабарға деген сенімдері үшін бір кісідей жұмылып, жан аямай күреседі,
Філіпілікт. хат 1:27
Сол сияқты, тіл де дененің кішігірім мүшесі бола тұра, ғаламат нәрселермен мақтанады. От ұшқыны қаншама майда болса да, қалың орманды өртеп жібере алады! Тіл де от іспетті, әділетсіздік тудырғыш. Дене мүшелерінің арасында орналасқан ол бүкіл денемізді арамдап, өзі тозақ отынан тұтанып, бар өмірімізді де өртеп, құрта алады.
Жақыптың хаты 3:5–6
Алайда адамдардың ешқайсысы да өз тілін бағындыра алмайды! Тіл — бағынуға көнбейтін жаман нәрсе, кісі өлтіретін уға толы.
Жақыптың хаты 3:8
Сөйлескенде ұдайы ниеттерің игі, сөздерің дәмді болсын, әрқайсысына қалай жауап беру керек екенін біліңдер.
Қолостықт. хат 4:6
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2012 ж. 29 қаз.
2012 ж. 28 қаз.
2012 ж. 27 қаз.
2012 ж. 26 қаз.
2012 ж. 25 қаз.
2012 ж. 24 қаз.
2012 ж. 23 қаз.

Сөз
Құдайдың күші арқылы сөйлеуді бақылаудың киелі кітап принциптерін үйреніңіз. Мейірімділіктің біздің…

Шәкірттік
Христиандық жарысты шыдамдылықпен жүгіру үшін әрбір ауыртпалық пен күнәні тастаңыз. Дүниелік жетістіктер мен…

Мәңгілік қауіпсіздік
Иса Мәсіхке сенушілер үшін мәңгілік қауіпсіздіктің киелі жазбалық кепілдігін ашыңыз. Құтқарылуды алғаннан…

Дұға
Забурдан дұғаның бес қарапайым аспектісін ашыңыз, олар сізге тереңірек, жеке дұға өмірін дамытуға көмектеседі.

Жаңа жаратылыс
Құдайдың Киелі жазбада Нұхтан Исаның өзгерістеріне дейін қалай жаңа бастамалар ұсынатынын біліңіз. Оның…

Дұға
Бұл мақала Жақып 5:16-ға сүйене отырып, қызметте бір-бірің үшін дұға етудің күшін көрсетеді. Д.Л.