Демек, жансыз тәннің өлі екеніндей, әрекетсіз сенім де өлі.
Жақыптың хаты 2:26
Күнделікті нұр
Демек, жансыз тәннің өлі екеніндей, әрекетсіз сенім де өлі.
Жақыптың хаты 2:26
Маған: «Мырза, Ие!» дейтін әркім емес, көктегі Әкемнің еркін орындайтындар ғана Оның Патшалығына кіре алады.
Матай 7:21
Барлық адамдармен тату болып, Құдайға бағышталған қасиетті өмір сүруге ұмтылыңдар! Мұнсыз ешкім Жаратқан Иені көре алмайды.
Еврейлерге хат 12:14
Себебі Құдайдың рақымымен, Мәсіхке деген сенімдерің арқылы құтқарылдыңдар. Бұл — өздеріңнің жетістіктерің емес, Құдайдан келген сый. Сондықтан игі істерімнің арқасында құтқарылдым деп ешкім мақтанбасын.
Ефестікт. хат 2:8–9
Тәңір Иенің рухани балалары ет пен сүйектен жаралғандықтан, Иса да ет пен сүйектен тұратын тәнді қабылдады. Осылайша Ол Өзінің құрбандық өлімі арқылы өлімнің әміршісін, яғни әзәзіл шайтанды, жеңіп шықты, әрі өмір бойы өлімнен қорқып, шайтанның құлы болып жүрген адамдарды азат етті.
Еврейлерге хат 2:14–15
Өлім, қайда сенің жеңісің? О дүние, қайда улы тісің?
Қорынттықт. 1-хат 15:55
Құдайға шүкірлік етейік! Ол бізге Иеміз Иса Мәсіх арқылы жеңісті сыйлайды.
Қорынттықт. 1-хат 15:57
Сондықтан да еш мойымаймыз. Тәніміз тозып әлсірегенмен, жан дүниеміз күн сайын жаңара түсуде.
Қорынттықт. 2-хат 4:16
Мынаны да білеміз: жер бетіндегі «шатырымыз», яғни тәніміз, күйрегенде, адам қолы емес, Құдайдың Өзі жасаған көктегі мәңгілік мекенімізге, яғни жаңа денеге, ие боламыз.
Қорынттықт. 2-хат 5:1
Сол себептен әрдайым жігерліміз. Әлі де қазіргі тәнімізде тұрғанда Иеміздің қасындағы мекенімізден алшақ екенімізді білеміз. Ал біз көргенімізбен емес, сенімімізбен өмір сүреміз. Содан жігерлі болып, осы тәнімізді тастап, Иеміздің қасында орнығуды қалаймыз.
Қорынттықт. 2-хат 5:6–8
— Көңілдерің толқымасын! Құдайға сеніңдер және Маған да сеніңдер! Көктегі Әкемнің үйінде тұратын орын көп. Егер солай болмаса, Мен сендерге айтқан болар едім ғой. Енді сол жерден сендер үшін орын дайындауға бара жатырмын. Барып, дайындап болғаннан кейін қайтып келіп, Өзім болатын жерде сендерді де болсын деп қасыма алып кетемін.
Жохан 14:1–3
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2012 ж. 27 қар.
2012 ж. 26 қар.
2012 ж. 25 қар.
2012 ж. 24 қар.
2012 ж. 23 қар.
2012 ж. 22 қар.
2012 ж. 21 қар.

Құдайдың қасиеттері
Құдайдың қасиеттілігінің табиғатын, сенушінің Мәсіхтегі позициялық қасиеттілігін және киелену арқылы іс…

Құтқарылу
Бұл мақала құтқарылу, таңдау, қасиеттену және сенушінің Мәсіхтегі өмірін қоса алғанда, христиандықтың іргелі…

Рухани соғыс
Киелі жазбаларға сүйене отырып, мәсіхшінің жауы Шайтан туралы біліңіз. Оның есімдерін, әрекеттерін және…
Рухани соғыс
Аян 12:11-ді және Қозының қаны шайтанның айыптауларын қалай жеңетінін түсініңіз. Мәсіхтің құрбандығы сиқырлы…
Дұға
Құдайдың дұғаға жауаптары жиі күтпеген жолдармен келеді, кейде проблемалар немесе қиындықтар ретінде көрінеді.
Дүниеқоңыздық
Бұл әлем мен біздің өміріміз иллюзиялар сияқты уақытша. Біз көрінбейтін және мәңгілік нәрсеге көзімізді…