Сен Өзіңді сеніммен күткендерге игіліктер жасайсың. Мұны істейтін бірде-бір өзге құдай жоқ! Бұрын-соңды ешкім ондай құдай туралы құлағымен естіп, көзімен көрген де емес.
Ишая 64:4
Күнделікті нұр
Сен Өзіңді сеніммен күткендерге игіліктер жасайсың. Мұны істейтін бірде-бір өзге құдай жоқ! Бұрын-соңды ешкім ондай құдай туралы құлағымен естіп, көзімен көрген де емес.
Ишая 64:4
Алайда (Киелі жазбаларда) алдын ала жазылғандай, көз көріп, құлақ естімеген, адам ойына ешқашан келмеген игіліктерді Құдай Өзін сүйетіндерге дайындап қойған. Бұны Құдай біздерге Өзінің Киелі Рухы арқылы анық білдірді. Киелі Рух бәрінен де, Құдайдың терең ой-мақсаттарынан да хабардар.
Қорынттықт. 1-хат 2:9–10
Соңымнан қуып олар қоршап алады, Жерге ұрып-соғу үшін қарайды қырағы,
Забур жырлары 16:11
Шыдамды бол Жаратқанның алдында, Шешімін күт сабырмен, еш асықпа! Арам жоспарын іске асырған жанға, Табысқа жеткен зұлымға ашуланба! Ашу-ызаңнан қайт, бас қаһарыңды, Сұмдыққа өршітпесін олар жаныңды. Зұлымдық жасаушылар жойылып кетер, Иемізге сенушілер елді иемденер.
Забур жырлары 36:7–9
Денені шынықтырудың біраз пайдасы бар, ал Құдайға ұнамды жүру барлық жағынан да пайдалы: Құдайдың уәдесі бойынша ол осы және болашақ өмірде де игілікті.
Тімотеге 1-хат 4:8
Тиятирдағы қауымның періштесіне былай деп жаз: Бұл — Құдайдың рухани Ұлынан хабар. Оның көздері оттай жалындап, аяқтары балқыған қоладай жалтырайды.
Аян 2:18
Адамның жүрегі бәрінен бетер алдамшы әрі жазылмайтындай бүлінген. Оны танып біле алатын кім бар? Мен, Жаратқан Ие, адамның жүрегіндегісін зерттеймін, оның жан дүниесін анық тексеремін. Содан әркімге жасаған қылығына, істеген істеріне қарай есесін қайтарамын.
Еремия 17:9–10
Тек болып жатқанды көріп тұрасың, Зұлымдардың жазаланғанын ұғасың.
Забур жырлары 90:8
Сонда Иеміз бұрылып, Петірге қарады. Петірдің есіне Иеміздің «Осы түні-ақ әтеш шақырғанша, сен Менен үш рет танасың» деген сөзі түсті. Содан Петір сыртқа шығып, қатты жылады.
Лұқа 22:61–62
Алайда бәрінің ойы мен ниеті құбылмалы екенін біліп, Иса оларға сене қоймады. Ол адам баласының көңіліндегісін толық білгендіктен, біреудің Өзіне ол туралы мәлімет беруін қажет етпеді.
Жохан 2:24–25
Топырақтан мал азығына шөп өсіресің, Адамға ас болуға дақылдар еккізесің,
Забур жырлары 103:14
Ол майысқан таяқты сындырмайды, Бықсыған білтені де сөндірмейді, Шынында әділдікті орындайды.
Ишая 42:3
Бірақ Құдайдың салған негізі берік тұрады, онда мына сөздер «мөрленіп» жазылған: «Иеміз Өзінікі болған адамдарын жақсы біледі» және «Иеміздің атын атап сиынатын әркім жамандықтан алшақтасын!»
Тімотеге 2-хат 2:19
14-Мен «ізгі Бағушымын». Әкемнің Мені, Менің Әкемді жақсы білетініміз сияқты, Мен қарамағымдағыларды жақсы білемін, олар да Мені жақсы біледі. Солар үшін жанымды қиямын.
Жохан 10:14
Өз «қойларым» даусымды естіп, бағынады. Мен оларды жақсы білемін, олар Маған еріп жүреді. Соларға мәңгілік өмір беремін. Олар ешқашан жойылмайды, ешкім оларды Менің қолымнан тартып та алмайды.
Жохан 10:27–28
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2013 ж. 24 мам.
2013 ж. 23 мам.
2013 ж. 22 мам.
2013 ж. 21 мам.
2013 ж. 20 мам.
2013 ж. 19 мам.
2013 ж. 18 мам.

Иса Мәсіх
Киелі кітап – Құдай Сөзі – шабыттандырылған, беделді, қатесіз және толығымен сенімді. Ол барлық шабуылдарға…

Тиатира
Тиатирадағы шіркеуге Мәсіхтің хабарын зерттеңіз, Оның билігіне, ажырата білетін көздеріне және Изабелдің…

Жаратылыш
Құдай аспан мен жерді жаратты, және Құдай: «Сулардың ортасында кеңістік болсын» деді (1:20-тармақ) Құдай…

Киелі кітапты зерттеу
Христиан діни қызметкерлері мен мұғалімдері Киелі Жазбада айтылған белгілі бір тақырып немесе адам туралы…

Мәңгілік қауіпсіздік
Иса Мәсіхке сенушілер үшін мәңгілік қауіпсіздіктің киелі жазбалық кепілдігін ашыңыз. Құтқарылуды алғаннан…

Мәңгілік өмір
Киелі жазбаларға сәйкес мәңгілік өмірдің шынайы мағынасын ашыңыз. Бұл тек ұзақтық емес, Исаны жеке тану және…