Өйткені өз халқын Жаратқан Ие Өзінен аластатпайды мәңгілікке. Ол қайғыртса да, кейін рақым көрсетеді, Соншалықты зор Оның берік мейірімі!
Жоқтау 3:31–32
Күнделікті нұр
Өйткені өз халқын Жаратқан Ие Өзінен аластатпайды мәңгілікке. Ол қайғыртса да, кейін рақым көрсетеді, Соншалықты зор Оның берік мейірімі!
Жоқтау 3:31–32
Қорықпа, уа, қызметшім Жақып, — дейді Жаратқан Ие. — Себебі Мен саған жар боламын. Сені араларына айдатып жіберген халықтарды құртып жоқ қыламын, бірақ өзіңді құртпаймын. Алайда сені мүлдем жазасыз қалдырмай, әділдікпен жазалап тәрбиелеймін.
Еремия 46:28
«Сені біраз уақытқа тастап кетіп едім, бірақ зор сүйіспеншілікпен Өзіме қайтарып алып келемін. Қаһарланған кезде сенен бір сәтке бетімді жасырған едім. Алайда мәңгілік сүйіспеншілігіммен саған рақым етемін», — дейді сені құтқарып алған Қамқоршың Жаратқан Ие.
Ишая 54:7–8
Мен Самарияны өзінің пайдасыз тәңірлерімен қоса құрттым, Иерусалимге және ондағы жұрт табынатын мүсіндерге де дәл солай істеймін!»
Ишая 10:11
Мен Жаратқан Иеге қарсы күнә жасағандықтан Оның қаһарына ұшыраймын. Бірақ кейін Ол мүддемді қорғап, мені ақтайды. Сонда Ол мені нұрға алып шығады, Оның әділ істерін көремін!
Миха 7:9
Бірақ исраилдіктер қайтадан Жаратқан Иеге жалбарына сиынғанда, Ол бір құтқарушыны: буняминдік Гера ұлы Ехудті тағайындады. Ехуд солақай болатын. Бірде исраилдіктер оны Моаб патшасы Еглонға алым-салықтарын табыстауға жіберді.
Билер 3:15
Ехудтен кейін Анат ұлы Шамғар Исраилді жау қолынан құтқарды. Бірде Шамғар бұқа айдайтын, ұшы өткір істікпен алты жүз філістірдің көзін құртты.
Билер 3:31
Жаратқан Ие Гедеонға бұрылып: — Сен бар да, осы құдіретіңмен Исраилді мадияндықтардың қолынан құтқарып ал! Сені жұмсап тұрған Өзім емеспін бе?! — деп аманаттады. Бірақ Гедеон: — Уа, Мырзам, мен қалайша Исраилді құтқармақпын? Менің әулетім Манаса руының ішіндегі ең әлсізі, әрі өзім де әкемнің үйіндегі кенжесімін ғой! — деп жауап қатты.
Билер 6:14–15
Жаратқан Ие Гедеонға былай деп тапсырды: «Мадияндықтарды қолдарына тапсыруым үшін сенімен бірге шыққан жасақ тым көп. Әйтпесе кейін исраилдіктер «Өз күшіміз бізді жау қолынан құтқарды» деп Менің алдымда мақтанып жүрер.
Билер 7:2
Ол маған былай деп түсіндірді: — Жаратқан Иенің Зоробабелге арнаған сөзі мынау: Күш-қуатпен де емес, билік күшімен де емес, тек Менің Рухыммен ғана табысқа жетесің! — дейді Әлемнің Иесі. —
Зәкәрия 4:6
Соңында айтарым мынау, бауырластарым: Иемізбен тығыз байланыста жүріп, Оның құдіретінен қуат алып, нығая беріңдер!
Ефестікт. хат 6:10
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2013 ж. 11 там.
2013 ж. 10 там.
2013 ж. 9 там.
2013 ж. 8 там.
2013 ж. 7 там.
2013 ж. 6 там.
2013 ж. 5 там.
Қызмет
Христиандық қызметтегі үлкен сандардың рөлін зерттеңіз. Көпшілік Құдайдан бата болғанда және олар мақтанышқа…

Сенім
Киелі кітап бізге біз сияқты адамдар туралы көптеген әңгімелер береді. Отниэл Халебтің інісі Кеназдың ұлы…
Құлшылық
Иеміз өлетін болды, және Бетфаниялық Мәриям мұны білді, өйткені ол Иеміздің аяғында отырып, Оның ілімін алған…

Киелі кітапты зерттеу
Осы екі сұрақпен Інжіл туралы біліміңізді тексеріңіз. Інжірді кім көргенін және себетке салынып кім қашып…

Иса Мәсіх
Исаның Киелі жазбадан қаншалықты жиі дәйексөз келтіргенін және оның қызметіне терең әсерін біліңіз. Құдай…

Мәсіхшілік өмір
Мәсіхтің алдын ала білуі мен арашашылығы Оның біздің қажеттіліктерімізге әрдайым дайын екенін, бізді кез…