Ақбұлақ

Шолу

  • Кітаптар
  • Мақалалар
  • Оқу жоспарлары
  • Сөздік

Байланысу

  • Біз туралы
  • Байланыс

Қадам жасаңыз

  • Құдайды тану
  • Інжілді оқыңыз

Бүгінгі оқуды email арқылы алыңыз

© 2026 Ақбұлақ. Тегін христиан кітапханасы. Көптеген мақалалар қайта басылған; рұқсаттар дереккөзге байланысты.

Қолдау
Ақбұлақ
  • Мақалалар
  • Оқу жоспарлары
  • Сөздік
Құдайды тануКіру
Ақбұлақ
Ақбұлақ
  • Күнделікті Жарық
  • Иеміз жақын

2013 ж. 6 қазан, жексенбі

Күнделікті нұр

Күнделікті жарық
Барлық жазбалар

Содан кейін мен жиналған көптеген халықтың зор дауыстарын тағы да естідім. Олар сарқырап аласұрған судың гүрілі мен қатты күн күркіріне ұқсап, былай деп айқайлады: «Жаратқан Иені мадақтаңдар! Себебі біздің Құдайымыз — Жаратқан Ие, бүкіл әлемнің Билеушісі Патшалық құруда.

Аян 19:6

— Сенің барлық нәрсені де істей алатыныңды енді білдім. Ешбір ниетіңді тоқтату мүмкін емес.

Әйүп 42:2

Иса: — Адамның қолынан келмейтін нәрселер Құдайдың қолынан келеді, — деп жауап берді.

Лұқа 18:27

мәңгі Сол болып келемін! Менің қолымнан құтқара алатын ешкім жоқ. Менің істегендерімді кім бұрынғы қалпына келтіре алады?!»

Ишая 43:13

«О, Абба, Әкем! Сенің қолыңнан бәрі де келеді. (Қаһарыңа толы) осы «тостағанды» Маған жолатпай алып кете гөр. Бірақ Менің емес, Сенің еркің болсын!» — деп мінажат етті.

Марқа 14:36

Иса үйге кіргеннен кейін сол екі зағип Оның қасына келді. Иса: — Менің солай істей алатыныма сенесіңдер ме? — деген сұрақ қойды. Олар: — Иә, Тақсыр, сенеміз, — деп жауап берді. Сонда Иса: — Сенімдеріңе сай болсын! — деп, көздеріне саусағын тигізді.

Матай 9:28–29

Сонда алапеспен ауырған біреу Исаның алдына келді де, тізе бүгіп тағзым етіп: — Мырза, егер қаласаңыз, мені құлантаза сауықтыра аласыз, — деп өтінді. Иса қолын созып, денесіне тигізді де: — Қалаймын, құлантаза сауығып кет! — деді. Сол сәтте-ақ ауру адам алапесінен арылып, тазарды.

Матай 8:2–3

Себебі Сәби дүниеге келді, Біз үшін осы Ұл сыйға берілді! Билік Оның қолында қала береді: Ол «керемет ақылды Кеңесші, Құдіретті Құдай, Мәңгілік Әке, Тыныштықты сыйлайтын Әмірші» Деп те аталатын болады.

Ишая 9:6

Иса қастарына таяу келіп, былай деді: «Маған көк пен жердің бүкіл билігі берілген!

Матай 28:18

Сен патшаны мәңгілік жарылқадың, Қасыңда болу қуанышын сыйладың.

Забур жырлары 20:7

«Қайратты да батыл болыңдар! Ассур патшасынан және оның ертіп алып келе жатқан қалың тобырынан абыржып қорықпаңдар! Бәрінен де құдіретті күш оның емес, біздің жақта!

Шежірелер 2-ж. 32:7

Ели: — Құдай саған не деді? Оны менен жасырма. Егер де Құдайдың өзіңе білдіргендерін түгелдей айтпай, бір нәрсесін жасырып қалсаң, Ол сені жазалаған үстіне жазалай бермек, — деді.

Патшалықтар 1-ж. 3:17

— Уа, адам, Жаратқан Ие саған ненің игілікті екенін білдірген еді. Ол сенен нені талап етеді? Әділ істер істеп, мейірімділікті ұнатуыңды, әрі сиынатын Құдайыңмен тығыз байланыста болып кішіпейіл жүруіңді талап етеді емес пе?!

Миха 6:8

әрі Жаратқан Иенің өсиеттері мен ережелерін жүзеге асыруыңды. Бұларды бүгін сендерге өз игіліктерің үшін тапсырып отырмын.

Заңды қайталау 10:13

Ал өздерінің Таурат заңын ұстанғандарына сүйенушілердің бәріне қарғыс тиеді! Сол туралы мынадай сөздер жазылған: Таурат заңының кітабындағы барлық ережелерді сақтап орындамағанды қарғыс атады! Ендеше Таурат заңын орындаған ешкімнің сол арқылы Құдай алдында ақтала алмайтыны анық. Өйткені «сенімі арқылы ақталған адам шынайы өмірге ие болады».

Ғалаттықт. хат 3:10–11

Онда Таурат заңының атқаратын қызметі қандай? Ол күнәларды әшкерелеу үшін қосымша ретінде берілді. Тәңірдің уәдесі Ыбырайымның Ұрпағы Мәсіхке байланысты; Ол келгенше, Таурат заңы күшінде тұрды. Періштелер мұны халыққа арада жүрген Мұса пайғамбар арқылы жеткізген еді.

Ғалаттықт. хат 3:19

Өткен заманда Құдай әлденеше рет түрлі жолдармен өз хабарын ата-бабаларымызға пайғамбарлар арқылы жеткізіп отырған. Ал осы соңғы заманда Ол бізге хабарын Өзінің рухани Ұлын жіберіп жеткізді. Құдай Сол арқылы әлемді жаратып, Оны барлығының иесі етіп тағайындады.

Еврейлерге хат 1:1–2

оған: — Бар да жат. Егер сені қайтадан шақырса, онда: «Уа, Ием, айта гөр, пендең тыңдап тұр» деп жауап бер, — деді. Самуил төсегіне барып жатты.

Патшалықтар 1-ж. 3:9

ЖИ көмегімен аударылған, Киелі кітап дәйексөздері де соның ішінде — кез келген сілтемені ашып, Киелі кітап аудармасынан оқыңыз.

© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.

Ахмет Йүксек ✪ Unsplash сайтындағы фотосы (https://unsplash.com/photos/hazy-mountain-peaks-at-sunrise-or-sunset-jUZUTcnJoQw)

Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).

АлдыңғыКелесі
Оқу параметрлері

Мақала қаріп өлшемі

Соңғы күндер

Барлығын көру→
  • 2013 ж. 5 қаз.

    Забур жырлары 50:15 · Забур жырлары 42:11

  • 2013 ж. 4 қаз.

    Мысырдан шығу 34:29 · Забур жырлары 115:1

  • 2013 ж. 3 қаз.

    Аян 1:5 · Таңдаулы ән 8:7

  • 2013 ж. 2 қаз.

    Леуіліктер 16:22 · Забур жырлары 103:12

  • 2013 ж. 1 қаз.

    Ғалаттықт. хат 5:22–23 · Қорынттықт. 1-хат 9:25–27

  • 2013 ж. 30 қыр.

    Әйүп 23:10 · Забур жырлары 103:14

  • 2013 ж. 29 қыр.

    Жоханның 1-хаты 3:16 · Ефестікт. хат 3:19

Ұқсас мақалалар

  • Иса Мәсіх, азғырылған тас: Оның сынақтарында ашылған

    Азғыру

    Иса Мәсіх, азғырылған тас: Оның сынақтарында ашылған

    Иса Мәсіхтің, «Азғырылған тастың» сынақтары арқылы қалай ашылғанын біліңіз. Ол азғыруды жеңді және бізге…

    2023 ж. 31 нау.·Майкл и Долли Макари
  • Құдайдың қамқорлығы

    Құдайдың егеменді бақылауы: Оның өзгермейтін мақсатын түсіну

    Құдайдың өзгермейтін мақсаты әрбір оқиғаны қалай ұйымдастыратынын, өмірдің жұмбақтарына тыныштық пен…

    2021 ж. 6 мам.·Белгісіз
  • Жақында бір әлемдік шіркеу болады деген рас па?

    Пайғамбарлық

    Жақында бір әлемдік шіркеу болады деген рас па?

    Киелі кітап келе жатқан бір әлемдік шіркеу туралы не айтады? Киелі жазбаның Шіркеу, діннен безіну және соңғы…

    2026 ж. 12 мам.·Юджин П. Веддер, мл.
  • Исаның Киелі жазбаларды қолдануы және оның біздің сенімімізге әсері

    Иса Мәсіх

    Исаның Киелі жазбаны қолдануы және оның біздің сенімімізге әсері

    Исаның Киелі жазбадан қаншалықты жиі дәйексөз келтіргенін және оның қызметіне терең әсерін біліңіз. Құдай…

    2026 ж. 25 сәу.·Д.В. Патерсон
  • Фарисей мен салықшы: Құдайға қайсысы ұнады?

    Кішіпейілділік

    Фарисей мен салық жинаушы: Қайсысы Құдайға ұнады?

    Фарисей өзіне ұнады, бірақ кішіпейіл салық жинаушы Құдайға ұнады. Неге өзін-өзі ақтау емес, кішіпейілдік…

    2024 ж. 19 қыр.·Том Палмер
  • Шәкірттік

    Шәкірттіктің талаптары: Иса Мәсіхтің артынан еру

    Шәкірттіктің маңызды талаптарын, соның ішінде Исаның кім екенін түсінуді, өзінен бас тартуды және крестіңді…

    2021 ж. 1 мау.
  • Иса Мәсіх, азғырылған тас: Оның сынақтарында ашылған

    Азғыру

    Иса Мәсіх, азғырылған тас: Оның сынақтарында ашылған

    Иса Мәсіхтің, «Азғырылған тастың» сынақтары арқылы қалай ашылғанын біліңіз. Ол азғыруды жеңді және бізге…

    2023 ж. 31 нау.·Майкл и Долли Макари
  • Құдайдың қамқорлығы

    Құдайдың егеменді бақылауы: Оның өзгермейтін мақсатын түсіну

    Құдайдың өзгермейтін мақсаты әрбір оқиғаны қалай ұйымдастыратынын, өмірдің жұмбақтарына тыныштық пен…

    2021 ж. 6 мам.·Белгісіз
  • Жақында бір әлемдік шіркеу болады деген рас па?

    Пайғамбарлық

    Жақында бір әлемдік шіркеу болады деген рас па?

    Киелі кітап келе жатқан бір әлемдік шіркеу туралы не айтады? Киелі жазбаның Шіркеу, діннен безіну және соңғы…

    2026 ж. 12 мам.·Юджин П. Веддер, мл.
  • Исаның Киелі жазбаларды қолдануы және оның біздің сенімімізге әсері

    Иса Мәсіх

    Исаның Киелі жазбаны қолдануы және оның біздің сенімімізге әсері

    Исаның Киелі жазбадан қаншалықты жиі дәйексөз келтіргенін және оның қызметіне терең әсерін біліңіз. Құдай…

    2026 ж. 25 сәу.·Д.В. Патерсон
  • Фарисей мен салықшы: Құдайға қайсысы ұнады?

    Кішіпейілділік

    Фарисей мен салық жинаушы: Қайсысы Құдайға ұнады?

    Фарисей өзіне ұнады, бірақ кішіпейіл салық жинаушы Құдайға ұнады. Неге өзін-өзі ақтау емес, кішіпейілдік…

    2024 ж. 19 қыр.·Том Палмер
  • Шәкірттік

    Шәкірттіктің талаптары: Иса Мәсіхтің артынан еру

    Шәкірттіктің маңызды талаптарын, соның ішінде Исаның кім екенін түсінуді, өзінен бас тартуды және крестіңді…

    2021 ж. 1 мау.