Өйткені Жаратқан Ие сүйенішің болар, Жүрген өмір жолыңда сені тордан сақтар.
Нақыл сөздер 3:26
Күнделікті нұр
Өйткені Жаратқан Ие сүйенішің болар, Жүрген өмір жолыңда сені тордан сақтар.
Нақыл сөздер 3:26
Мейірленуді Құдай ұмытқан ба? Қаһары рақымын басып тастаған ба?
Забур жырлары 76:10
Патшаның жүрегі Жаратқанның қолында Ұқсайды аққан суға өзен салаларында: Жаратқан бағыттайды оны қалаған жағына.
Нақыл сөздер 21:1
Адамның жолы Жаратқанға ұнаса, Тату қылар соның жауларын да.
Нақыл сөздер 16:7
Жанымды алмақ жаулар ұятқа қалсын, Мені құртуға әрекет еткендер жасырын Енді кері қайтып, әбден масқаралансын!
Забур жырлары 34:4
Ежелден Құдай болып келеді баспанаң, Аясында боласың мәңгілік қолының, Ол жауыңды алдыңнан қуып шығады, Оны жойып құртуға бұйырады,
Заңды қайталау 33:27
Ал Жаратқан Иеге сенімін артатын, бар үмітін Оған жүктейтін адам бақытты!
Еремия 17:7
Бұл жайында не дейміз? Құдай жақтаса, бізге кім қарсы шыға алады?!
Римдіктерге хат 8:31
Мәсіхпен байланыстарың сендерді жігерлендіріп, Оның сүйіспеншілігі көңілдеріңді жұбатқандықтан және өздерің Киелі Рухпен қатынаста жүріп, қайырымды да жанашыр болғандықтан,
Філіпілікт. хат 2:1
Пенденің өмірі қып-қысқа, соның өзі де әбден мазасыз. Адам гүл секілді өсіп шығып, солып қалады, өткінші көлеңкедей болған жерінде қала алмайды.
Әйүп 14:1–2
Мен көктегі Әкемнен сендермен мәңгі бірге болатын Қамқоршыны жіберуін өтінемін,
Жохан 14:16
Ал Әкем Менің атымнан Қамқоршыларың — Киелі Рухты жібереді. Ол Менің сендерге айтқан сөздерімнің бәрін естеріңе салып, рухани өмірлеріңе керектің бәрін үйретеді.
Жохан 14:26
Иеміз Иса Мәсіхтің Әкесі Құдай мадақталсын! Құдай — қайырымды Әкеміз, жұбаныш пен жігер атаулының бастауы. Ол бізді барлық азаптарымызда жұбатып, жігерлендіреді. Осылай Құдайдың өзімізді жігерлендірген жұбанышымен біз де әр түрлі қайғы-қасірет шегіп жүргендерді жігерлендіре аламыз.
Қорынттықт. 2-хат 1:3–4
Исаның өліп, қайта тірілгендігіне кәміл сенеміз ғой. Сондықтан Оған сеніп бұ дүниеден кеткендердің Исамен бірге болулары үшін Құдайдың оларды қайта тірілтетініне де сенейік.
Салониқал. 1-хат 4:14
Тірі жүрген біз мұнан соң солармен бірге Иемізбен кездесу үшін бұлттың үстімен көкке көтерілеміз. Содан мәңгі бақи Иемізбен бірге боламыз. Бір-біріңді осы сөзбен жұбатыңдар!
Салониқал. 1-хат 4:17–18
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2013 ж. 18 қаз.
2013 ж. 17 қаз.
2013 ж. 16 қаз.
2013 ж. 15 қаз.
2013 ж. 14 қаз.
2013 ж. 13 қаз.
2013 ж. 12 қаз.
Құдай
Құдайдың мәңгіліктен мәңгілікке дейінгі бірегей мәңгілігін түсініңіз. Мәңгілік Құдай өзгермейтін пана мен…

Киелілік
Киелі кітаптың әулиелер туралы шынымен не үйрететінін біліңіз. Әрбір сенуші рухани суперқаһармандар ғана…
Қызмет
Левиттердің үлгісіндегі Құдай заңын үйрету мен ғибадат ету арасындағы маңызды байланысты ашыңыз.
Сенім
Біз көбінесе Құдайды күтсек те, Ол да біздің сеніммен әрекет етуімізді күтеді. Мойынсұнумен алға жылжудың…

Христология
Исаның Жохан Інжіліндегі «Менмін» деген сөздері арқылы Құдайдың түсініксіз, бірақ танымал табиғатын қалай…

Қасиетті Вечер
Мәсіхшіге қауымдастықтың бір бөлігін жіберіп алу дұрыс па? Егер нан таратылып, ол кірмей тұрып тостаған…