Мені тұңғиыққа, терең теңіздің Түбіне Сен лақтырған едің, Айналам түгел тек ағыстар болған, Соққылап қарқынды толқындарыңның Барлығы да өтті мына басымнан.
Жүніс 2:4
Күнделікті нұр
Мені тұңғиыққа, терең теңіздің Түбіне Сен лақтырған едің, Айналам түгел тек ағыстар болған, Соққылап қарқынды толқындарыңның Барлығы да өтті мына басымнан.
Жүніс 2:4
Ал Сионның халқы былай деген еді: — Құдайым мені ұмытып, тастап кетті! — (Жасаған Иенің жауабы мынау:) — Әлде әйел өз сәбиін ұмыта ала ма, құрсағынан шыққан ұлын аямай ма?! Анасы ұмытып кеткен күнде де Мен сені ешқашан ұмытпаймын, Иерусалим!
Ишая 49:14–15
Тыныштық атаулыдан айырылды жаным, Амандықтың не екенін мүлдем ұмытқанмын. Былай дедім: ғайып болды Менің бар күшім, Жаратқан Иеге артқан бүкіл үмітім.
Жоқтау 3:17–18
Жақыптың әулеті, неге шағым айтасың, Исраил халқы, неге былай деп налисың: «Жүрген жолым Жаратқаннан жасырынған, Мүддем Құдайымның назарынан тыс қалған!»
Ишая 40:27
Қаһарланған кезде сенен бір сәтке бетімді жасырған едім. Алайда мәңгілік сүйіспеншілігіммен саған рақым етемін», — дейді сені құтқарып алған Қамқоршың Жаратқан Ие.
Ишая 54:8
Сен менің Патшам әрі Құдайымсың, Жақыптың халқына құтқарылу сыйлайсың,
Забур жырлары 43:5
Жан-жақтан қысым көрудеміз, бірақ тапталған жоқпыз, шарасыз болып қысылудамыз, бірақ үмітімізді үзген жоқпыз. Қуғынға түссек те, Тәңір Ие бізді жалғыз қалдырған жоқ; жығылсақ та, жойылмаймыз.
Қорынттықт. 2-хат 4:8–9
«Мына бейшара, мүсәпір халқым су іздеп, таба алмайды. Олар шөлдеп, таңдайлары кеуіп қалады. Ал Мен, Жаратқан Ие, мінажаттарына құлақ асамын. Мен, Исраил сиынған Құдай, оларды жалғыз қалдырмаймын;
Ишая 41:17
Жаратқанға лайықты тарту арнаңдар, Оған сенім артып, мойынсұныңдар!
Забур жырлары 4:6
Солай болғанда адам баласына осы өткінші дүниеде атқарған бейнетті еңбегінен және жан салған ұмтылысынан не пайда? Ол өмір бойы міндетін өтеп, азап пен мехнат шегіп жүреді, тіпті түнде де оның ақыл-санасы толықтай тынықпайды. Бұл да бекершілік.
Уағыздаушы 2:22–23
Содан мен осы өткінші дүниеде болып жатқан істерге наразыланып, өмірді жек көріп кеттім. Себебі бәрі де жел соңынан қуғандай бекершілік екен.
Уағыздаушы 2:17
Себебі Менің халқым екі түрлі зұлымдық жасады: олар Мені, «тірі судың қайнар көзін», тастап кетті және өздеріне арнап «құдықтар» қазып алды. Сол «құдықтарының» жырық тесіктері болғандықтан, оларда су сақталмайды.
Еремия 2:13
Әкем қарамағыма берген адамдардың барлығы Маған келеді, ал Мен Өзіме келгендерді ешқашан қуып жібермеймін.
Жохан 6:37
Мен шөлдеген жерді суға кенелтіп, кеуіп қалған далаға суды тасқындатып ағызамын. Ұрпақтарыңның үстіне Рухымды құйып, оларға жарылқауымды жаудыра беремін.
Ишая 44:3
Әділдікті аңсап зарыққандар бақытты: олар қанағат табатын болады!
Матай 5:6
(Ән-күйдің жетекшісіне арналған Дәуіттің жыры.)
Забур жырлары 63:1
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2013 ж. 23 қаз.
2013 ж. 22 қаз.
2013 ж. 21 қаз.
2013 ж. 20 қаз.
2013 ж. 19 қаз.
2013 ж. 18 қаз.
2013 ж. 17 қаз.
Мәңгілік
Забур 49 бізге жердегі байлыққа сенім артпай, мәңгілікті көз алдында ұстап өмір сүруді үйретеді. Құдайдың…

Бейбітшілік
Оңтүстік Каролина штатындағы Энори қаласындағы шіркеуде хор жаттығуын өткізіп жатқанда, бір сәби жылай…

Құтқарылу
Кішкентай қыз өліп бара жатқан анасына құтқарылу табуға көмектесу үшін уағызшы іздейді. Әйел де, уағызшы да…

Азғыру
Иса Мәсіхтің, «Азғырылған тастың» сынақтары арқылы қалай ашылғанын біліңіз. Ол азғыруды жеңді және бізге…

Иса Мәсіх
Ібіліс өзінің бұл зұлым амбициясынан бас тартқан да, өкінбеген де. Ол Құдайға қарамастан адамзат арасында…

Иса Мәсіх
Исаның Киелі жазбадан қаншалықты жиі дәйексөз келтіргенін және оның қызметіне терең әсерін біліңіз. Құдай…