Алайда Құтқарушы Құдайымыз Өзінің қайырымын және адамзатқа деген зор сүйіспеншілігін айқын көрсеткенде
Титке хат 3:4
Күнделікті нұр
Алайда Құтқарушы Құдайымыз Өзінің қайырымын және адамзатқа деген зор сүйіспеншілігін айқын көрсеткенде
Титке хат 3:4
Ежелде Жаратқан Ие бізге аян беріп былай деген еді: «Саған деген сүйіспеншілігім мәңгілік, берік мейіріміммен сені Өзіме баурап келемін.
Еремия 31:3
Құдай бізге деген сүйіспеншілігін былай көрсетті: Сол арқылы шынайы өмір сүруіміз үшін Құдай Өзінің жалғыз рухани Ұлын бұ дүниеге жіберді. Бұл сүйіспеншіліктің мәнісі мынада: Құдайды сүйген біз емес, қайта, Ол бізді сүйгендіктен, құрбандығы арқылы күнәміздің құнын өтеу үшін Өзінің рухани Ұлын жіберді.
Жоханның 1-хаты 4:9–10
Ал Құдай белгілеген уақыты жеткенде, Өзінің рухани Ұлын жіберді. Ол бір әйел арқылы дүниеге келіп, Таурат заңы үстемдік етіп тұрған халықтың арасында сол заңға бағынғандарды босатып, Өзінің рухани балалары ету үшін келді.
Ғалаттықт. хат 4:4–5
Сөз адамға айналып, арамызда өмір сүрді. Сонда біз Әкенің жалғыз рухани Ұлының асқан ұлылығын көрдік: Ол рақымдылық пен шындыққа толы еді.
Жохан 1:14
Құдайға ұнамдылық туралы бізге ашылған мына құпияның ұлы екендігі еш шүбәсіз: Мәсіх адам болып дүниеге келді, Киелі Рух әділдігін дәлелдеді, Содан Мәсіх періштелерге көрінді, Халықтарға Ол жарияланды, Жер жүзінде Оған көбі иланды, Ол ұлылықпен көкке қабылданды.
Тімотеге 1-хат 3:16
Тәңір Иенің рухани балалары ет пен сүйектен жаралғандықтан, Иса да ет пен сүйектен тұратын тәнді қабылдады. Осылайша Ол Өзінің құрбандық өлімі арқылы өлімнің әміршісін, яғни әзәзіл шайтанды, жеңіп шықты,
Еврейлерге хат 2:14
Бізге берген баға жетпес сыйы үшін Құдайға лайым шүкірлік етейік!
Қорынттықт. 2-хат 9:15
(Дәуіттің жыры.) Рақым мен әділдік жайлы ән шырқаймын, Уа, Жаратқан, әніммен Сені мадақтаймын. Мінсіз жүру жайлы мұқият ойлаймын, «Қашан маған келесің?» деп сұраймын, Таза жүрекпен үйімді аралаймын.
Забур жырлары 100:1–2
Азғын жүректіні қасымнан қуамын, Зұлымдық атаулыдан аулақ боламын,
Забур жырлары 100:4
Себебі Сәби дүниеге келді, Біз үшін осы Ұл сыйға берілді! Билік Оның қолында қала береді: Ол «керемет ақылды Кеңесші, Құдіретті Құдай, Мәңгілік Әке, Тыныштықты сыйлайтын Әмірші» Деп те аталатын болады. Оның құрған билігі арта түсіп, Орнатқан тыныштығы шексіз болады, Өзі Дәуіттің тағына отырып, Мәңгі патшалығын сол кезден бастайды, Әділдікпен нығайтып, жалғастырып, Ақиқатты да ұстанатын болады. Барлық қайрат-жігерімен бұларды Әлемнің Иесі іске асырады!
Ишая 9:6–7
Ол Өзінің жалғыз рухани Ұлын аямай, Оны біз үшін өлімге қиды. Ендеше Онымен бірге бізге қажеттінің бәрін қалайша сыйламайды?
Римдіктерге хат 8:32
Бақ иесінің жұмсайтын тағы бір адамы — өзінің сүйікті ұлы қалады. Ақыр соңында қожайын: «Менің ұлымнан қаймығар» — деп ойлап, оны да жұмсайды.
Марқа 12:6
Жан-тәніммен Жаратушыны мадақтаймын. Уа, Құдай Ием, Сен керемет ұлысың, Құрмет пен салтанатқа бөленгенсің.
Забур жырлары 103:1
Сонда Мәриям былай деді: — Жан дүнием Иемді мадақтайды, Құтқарушым Құдайға қуанады:
Лұқа 1:46–47
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2013 ж. 24 жел.
2013 ж. 23 жел.
2013 ж. 22 жел.
2013 ж. 21 жел.
2013 ж. 20 жел.
2013 ж. 19 жел.
2013 ж. 18 жел.

Жаратылыш
Құдайдың адамды неліктен Өз бейнесінде жаратқанын біліңіз. Құдайдың сүйіспеншілік табиғатының адамзатты…

Құтқарылу
Сенушілер үшін Римдіктерге 8-ден он екі жігерлендіретін уәдені ашыңыз: айыптау жоқ, Киелі Рухтың күші…

Киелі кітапты зерттеу
Киелі кітаптың өзін рухани тағам, жетекші жарық және тазартатын айна сияқты метафоралар арқылы қалай…

Өлім
Некрологиялық қызметтердің имандылар үшін Киелі кітап принциптеріне сәйкес келетінін біліңіз. Еске алу…

Алғыс айту
Шынайы библиялық алғыс айтудың қандай екенін біліңіз. Осы мезгілде Құдайды Жаратушы, Құтқарушы және Шопан…

Киелілік
Құдайдың қаһары Қасиетті әрекет Бұл – «Мейірім мен Ақиқат» журналы Құдайдың қаһары Мұнда қасиетті әрекет…