Ақбұлақ

Шолу

  • Кітаптар
  • Мақалалар
  • Оқу жоспарлары
  • Сөздік

Байланысу

  • Біз туралы
  • Байланыс

Қадам жасаңыз

  • Құдайды тану
  • Інжілді оқыңыз

Бүгінгі оқуды email арқылы алыңыз

© 2026 Ақбұлақ. Тегін христиан кітапханасы. Көптеген мақалалар қайта басылған; рұқсаттар дереккөзге байланысты.

Қолдау
Ақбұлақ
  • Мақалалар
  • Оқу жоспарлары
  • Сөздік
Құдайды тануКіру
Ақбұлақ
Ақбұлақ
  • Күнделікті Жарық
  • Иеміз жақын

2013 ж. 27 желтоқсан, жұма

Күнделікті нұр

Күнделікті жарық
Барлық жазбалар

Сонымен көзге көрінетін емес, көрінбейтін нәрселерге назар тігеміз. Себебі қазір көрініп тұрғандар өткінші, ал көрінбейтіндер мәңгі.

Қорынттықт. 2-хат 4:18

Осы күнәкар дүниеде біз тұратын мәңгілік қала жоқ, қайта, көктегі келешек қаланы аңсап күтудеміз.

Еврейлерге хат 13:14

тұтқынға түскендерге жандарың ашып, жәрдем бердіңдер. Мал-мүліктеріңді талан-таражға салғанда, бұны тіпті қуана қабылдадыңдар! Себебі көкте өздеріңе арналған, одан әлдеқайда құнды, мәңгілік дәулеттің бар екенін білдіңдер.

Еврейлерге хат 10:34

Шағын қауым, қорықпа! Көктегі Әкең Патшалықты сендерге тапсыруға ризалық еткен.

Лұқа 12:32

Қазір сендерге біраз уақыт азап шегіп, қуғын-сүргін көруге тура келгенмен, осы сөнбес үмітке қуаныңдар!

Петірдің 1-хаты 1:6

Себебі о дүниеде зұлымдар қоқан-лоқы жасауларын доғарған, әрі шаршап-шалдыққандар тыным тапқан.

Әйүп 3:17

Әлі де осы «шатырда» тұрып, ауыртпалық көргенде ыңқылдай күрсініп отырмыз. Алайда ажалдан жанымыз жалаңашталмай-ақ, көктен келген денемізді бірден жамылуды қалаймыз. Сонда өткінші тұрмысымыздың орнын мәңгілік өмір ауыстырады.

Қорынттықт. 2-хат 5:4

Ол барлық көз жастарын сүртіп тастап жұбатады. Енді қайтып өлім, жоқтау, зар еңіреу мен ауру болмайды. Себебі бұрынғы әлем құрып, жоқ болды».

Аян 21:4

Болашақта біз үшін анық көрінетін салтанатты ұлылықпен салыстырғанда, қазіргі заманның азаптарының түк емес екендігіне әбден сенемін.

Римдіктерге хат 8:18

Уақытша көретін жеңіл азаптарымыз бізді өздерінен әлдеқайда зор, тіпті шексіз де мәңгілік ұлылыққа жеткізеді!

Қорынттықт. 2-хат 4:17

Мәсіх — татулығымыздың Бастауы: Ол екі топқа бөліп тұрған қабырғадай өштестікті жойып, алып тастап, екі жағын біріктірді.

Ефестікт. хат 2:14

Құдай адамзатты Мәсіхтің арқасында Өзімен татуластырды, енді олардың күнәларын мойындарына артпай, татуласу туралы Ізгі хабарды жариялауды бізге тапсырды.

Қорынттықт. 2-хат 5:19

Тәңір Ие біздің күнәларымызды ешқашан күнә жасамаған Мәсіхке артты. Онымен тығыз байланысқан біз осы арқылы Құдайдың алдында ақталдық.

Қорынттықт. 2-хат 5:21

Ол арқылы Құдай жер мен көктегі барлық нәрсені Өзімен татуластыруды қалады, яғни Оның айқышта қанын төгіп, құрбан болғандығының арқасында татулық орнатуды жөн көрді. Ал сендер бұрын жаман ой-пікірлерге салынып, зұлым іс-әрекет жасап, Құдайға жат әрі қас болдыңдар. Алайда Ол сендерді Мәсіхтің тәндік өлімі арқылы Өзімен татуластырды. Бұны сендерді алдына әкелген кезде Өзіне бағышталған кінәратсыз, айып тақпайтындай таза болуларың үшін жасады.

Қолостықт. хат 1:20–22

бізге айып тағып, үкім белгілейтін «құжатты» Мәсіх құрбан болған айқышқа «шегелеп іліп қойып», күшін жойды.

Қолостықт. хат 2:14

Мәсіх өз денесін біз үшін құрбан еткенде, Таураттың өсиеттері мен ережелерін (орындауды құтқарылу жолы ретінде) күшінен айырды. Осылай Ол яһуди және басқа ұлттық сенушілерді Өзімен байланысқан бір жаңа халық етіп қайта жасап, өзара татуластырды.

Ефестікт. хат 2:15

Мен сендерге амандық пен тыныштық сыйлаймын, Өзімнің тыныштығымды беремін. Менің беретінім осы дүниенің беретін өткінші тыныштығы сияқты емес, сондықтан көңілдерің қобалжып, қорықпаңдар.

Жохан 14:27

ЖИ көмегімен аударылған, Киелі кітап дәйексөздері де соның ішінде — кез келген сілтемені ашып, Киелі кітап аудармасынан оқыңыз.

© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.

Ахмет Йүксек ✪ Unsplash сайтындағы фотосы (https://unsplash.com/photos/hazy-mountain-peaks-at-sunrise-or-sunset-jUZUTcnJoQw)

Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).

АлдыңғыКелесі
Оқу параметрлері

Мақала қаріп өлшемі

Соңғы күндер

Барлығын көру→
  • 2013 ж. 26 жел.

    Қорынттықт. 1-хат 15:58 · Қорынттықт. 1-хат 15:58

  • 2013 ж. 25 жел.

    Титке хат 3:4 · Еремия 31:3

  • 2013 ж. 24 жел.

    Римдіктерге хат 8:13 · Ғалаттықт. хат 5:19

  • 2013 ж. 23 жел.

    Ишая 27:5 · Еремия 29:11

  • 2013 ж. 22 жел.

    Салониқал. 1-хат 1:3 · Жохан 6:29

  • 2013 ж. 21 жел.

    Ишая 60:20 · Жохан 16:33

  • 2013 ж. 20 жел.

    Ефестікт. хат 1:4 · Салониқал. 2-хат 2:13

Ұқсас мақалалар

  • Неліктен Құдай білім ағашын Едемнің ортасына орналастырды

    Құдайдың егемендігі

    Неліктен Құдай білім ағашын Едемнің ортасына орналастырды

    Құдай білім ағашын бағыну сынағы ретінде, қателік емес, көз алдына қойды.

    2024 ж. 13 жел.·Белгісіз
  • Құдайдың жылға арналған жаңа көзқарасын қабылдау: Жаратылыстан Жаңаға

    Жаңа жаратылыс

    Жылға арналған Құдайдың жаңа көзқарасын қабылдау: Жаратылыстан Жаңаға

    Киелі кітаптағы «жаңа» сөзінің маңыздылығын зерттеңіз, жаратылыстан жаңа келісімге және жаңа аспан мен жерге…

    2024 ж. 18 қаз.·Джордж Хоук
  • Бақсы христианды жұмақтан шақыра ала ма?

    Жұмақ

    Бақсы христианды жұмақтан шақыра ала ма?

    Христиан өлгенде, олар Иемізбен бірге болады, бақсылардың қолы жетпейтін жерде. Ендордағы бақсы туралы оқиға…

    2025 ж. 25 там.·Юджин П. Веддер, мл.
  • Христианның үміті: Құдайдың уәделеріне қатысты Киелі кітаптағы көзқарас

    Үміт

    Христианның үміті: Құдайдың уәделеріне қатысты Киелі жазбалар көзқарасы

    Христиандық үміттің Киелі жазбалардағы көзқарасын, Құдайдың орындалмайтын уәделеріне негізделген сенімді…

    2025 ж. 2 қаң.·Алан Кросби
  • Киелі кітап бүгінгі әулиелер туралы не айтады?

    Киелілік

    Киелі кітап бүгінгі әулиелер туралы шынымен не айтады?

    Киелі кітаптың әулиелер туралы шынымен не үйрететінін біліңіз. Әрбір сенуші рухани суперқаһармандар ғана…

    2025 ж. 11 қаң.·Роджер Пенни
  • Заң және христиан: Киелі кітаптағы ілім түсіндірілді

    Мұса заңы

    Заң және христиан: Киелі кітаптағы ілім түсіндірілді

    Заңның мақсатын, оның шектеулерін және христиандардың неліктен оның айыптауының астында емес екенін түсініңіз.

    2022 ж. 29 қар.