Ақбұлақ

Шолу

  • Кітаптар
  • Мақалалар
  • Оқу жоспарлары
  • Сөздік

Байланысу

  • Біз туралы
  • Байланыс

Қадам жасаңыз

  • Құдайды тану
  • Інжілді оқыңыз

Бүгінгі оқуды email арқылы алыңыз

© 2026 Ақбұлақ. Тегін христиан кітапханасы. Көптеген мақалалар қайта басылған; рұқсаттар дереккөзге байланысты.

Қолдау
Ақбұлақ
  • Мақалалар
  • Оқу жоспарлары
  • Сөздік
Құдайды тануКіру
Ақбұлақ
Ақбұлақ
  • Күнделікті Жарық
  • Иеміз жақын

2014 ж. 19 сәуір, сенбі

Күнделікті нұр

Күнделікті жарық
Барлық жазбалар

Сондықтан Иса сөзін жалғастырып былай деді: — Сендерге өте маңызды шындықты айтамын: қойлар кіретін «есік» Менмін.

Жохан 10:7

Сол сәтте киелі үйдегі шымылдық кенеттен жоғарыдан төменге дейін қақ айырылып, екіге бөлінді. Жер сілкініп, жартастар жарылып,

Матай 27:51

Мәсіх те әділ бола тұра, әділетсіздер үшін азап шекті. Ол бізді Құдаймен табыстыру үшін күнәларымызға бола біржола құрбан болды. Сонда Мәсіх тәнінде өлтірілді, ал рухани денемен қайта тірілді.

Петірдің 1-хаты 3:18

Киелі Рух осы арқылы бізге мынаны білдіреді: киелі үйдің алдыңғы бөлімі әлі де бар болып тұрғанда, ең қасиетті бөлімге (яғни Құдайдың алдына) апаратын жол ашық емес.

Еврейлерге хат 9:8

Мен «есікпін», Менен кіргендер құтқарылады. Олар емін-еркін кіріп-шығып, жайылым табады.

Жохан 10:9

Иса оған: — Жол, шындық және шынайы өмір Менмін. Мен арқылы болмаса, ешкім де Әкеге бара алмайды.

Жохан 14:6

екі жағымызға да Мәсіх арқылы бір Киелі Рухтың арқасында Құдай Әкеге сиынуға жол ашылды. Сонымен сендер енді не бөтен, не келімсек сияқты емес, Құдайдың халқы болып келген яһуди сенушілерімен бірдей, сол халықтың азаматысыңдар, тіпті «Құдайдың отбасысының мүшелерісіңдер»!

Ефестікт. хат 2:18–19

Сонымен, бауырластар, Исаның өз қанын төккенінің арқасында енді нық сеніммен ең қасиетті орынға кіре аламыз. Өйткені Құдай алдына баруымызға бөгет болған «шымылдықты» Иса өз денесін құрбан етуімен қақ айырып, біз үшін мәңгілік өмірге жаңа жол ашты.

Еврейлерге хат 10:19–20

Сонымен, Иеміз Иса Мәсіхке деген сеніміміз арқылы ақталғандықтан, Оның арқасында Құдаймен татумыз. Құдайдың осы рақымына бізге Иса Мәсіхтің арқасында, сенім арқылы жол ашылды. Енді Құдайдың рақымына бөленіп, салтанатты ұлылығын көреміз деген үмітімізге қатты шаттанамыз!

Римдіктерге хат 5:1–2

Ал «Бұдан былай Оның хабарын есіме алып, Оның атынан сөйлемеймін» десем, онда Жаратқан Иенің сөзі жүрегімде жанып жатқан от сияқты, сүйегімнің ішіне қамалған шоқ іспетті болады. Оны ішімде ұстаудан қатты шаршадым, тіпті ұстай алмаймын да.

Еремия 20:9

Ал Ізгі хабарды уағыздап жүргенімнің өзі мақтануыма себеп бола алмайды, ол борышты міндетім: Ізгі хабарды уағыздамасам, қасіретке қалар едім.

Қорынттықт. 1-хат 9:16

Сонымен, менің алар сыйым қайсы? Уағыздауымда құқықтарымды қолданбай, Ізгі хабарды тегін таратуым — алар сыйым, міне, осы.

Қорынттықт. 1-хат 9:18

Әлгілерді шақырып алып, оларға: — Исаның атымен ешқандай уағыз айтпаңдар да, тәлім бермеңдер де! — деп тыйым салды. Бірақ Петір мен Жохан оларға: — Құдайды емес, сіздерді тыңдау Оның алдында жөн болар ма екен? Мұны өздеріңіз ойлап көріңіздерші! Ал біз көріп-естігендеріміз туралы үнсіз қала алмаймыз, — деп жауап берді.

Елшіл. істері 4:18–20

Мәсіхтің сүйіспеншілігі бізді алға басуға мәжбүр етеді. Себебі мынадай қорытындыға келдік: бір Адам бәрі үшін өлгендіктен барлығы да рухани өлді.

Қорынттықт. 2-хат 5:14

Сондықтан қорқып, күмісіңізді жерге көміп тастаған едім. Мінеки, соныңыз, — дейді. Қожайыны оған былай дейді: — Әй, зұлым да жалқау қызметші! Менің екпеген жерден орып, шашпаған жерден жинайтынымды білдің ғой! Сол үшін де күмісімді саудагерлерге қарызға беруің керек болатын. Сонда мен қайтып келгенде өзімдікін өсімімен қайтарып алатын едім.

Матай 25:25–27

Бірақ Иса оған рұқсат бермей: — Үйіңе қайтып, туысқандарың мен дос-жарандарыңа Жаратқан Иенің өзіңе не істегенін, қалай рақым еткенін айтып бер! — деп тапсырды.

Марқа 5:19

ЖИ көмегімен аударылған, Киелі кітап дәйексөздері де соның ішінде — кез келген сілтемені ашып, Киелі кітап аудармасынан оқыңыз.

© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.

Ахмет Йүксек ✪ Unsplash сайтындағы фотосы (https://unsplash.com/photos/hazy-mountain-peaks-at-sunrise-or-sunset-jUZUTcnJoQw)

Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).

АлдыңғыКелесі
Оқу параметрлері

Мақала қаріп өлшемі

Соңғы күндер

Барлығын көру→
  • 2014 ж. 18 сәу.

    Заңды қайталау 18:18 · Заңды қайталау 5:5

  • 2014 ж. 17 сәу.

    Забур жырлары 50:23 · Қолостықт. хат 3:16–17

  • 2014 ж. 16 сәу.

    Забур жырлары 31:22 · Забур жырлары 69:2

  • 2014 ж. 15 сәу.

    Еремия 50:34 · Амос 5:12

  • 2014 ж. 14 сәу.

    Забур жырлары 63:5–6 · Забур жырлары 139:17–18

  • 2014 ж. 13 сәу.

    Нақыл сөздер 3:9 · Қорынттықт. 2-хат 9:6

  • 2014 ж. 12 сәу.

    Римдіктерге хат 8:3 · Еврейлерге хат 10:1–2