Келесі күні Жақия өзіне қарай келе жатқан Исаны көріп: — Қараңдар, Мынау — Құдайдың құрбандыққа жіберген «Тоқтысы»! Ол адамзаттың күнәсін өз мойнына артып, сол үшін жанын қияды.
Жохан 1:29
Күнделікті нұр
Келесі күні Жақия өзіне қарай келе жатқан Исаны көріп: — Қараңдар, Мынау — Құдайдың құрбандыққа жіберген «Тоқтысы»! Ол адамзаттың күнәсін өз мойнына артып, сол үшін жанын қияды.
Жохан 1:29
Өйткені құрбанға шалынған бұқалар мен қошқарлардың қаны адамның күнәсін толығымен алып тастай алмайды. Сол себепті Мәсіх бұл дүниеге келгенде, Өзін құрбандыққа қиятыны туралы (Құдай Әкеге) мынадай сөздер айтқан: Құрбандықтар мен сый-тартуларды қаламадың, Бірақ Маған тәндік денемді дайындадың. Шалып, өртелетін не күнәнің құнын Өтейтін құрбандықтарды жақтырмадың. Сонда Мен былай дедім: «Міне, келе жатырмын, Уа, Құдай, Сенің еркіңді орындау үшін. Шиыршық кітапта Мен туралы жазылған».
Еврейлерге хат 10:4–7
Ол зорлық көріп қиналды, алайда аузын ашпады. Оны тоқты сияқты сойылатын жерге алып барды. Ол қырқылып жатқанда үні шықпайтын қой секілді тіс жармады.
Ишая 53:7
Олар қатты дауыспен әндетіп былай деді: «Құрбандыққа шалынған Тоқты Билік пен байлықты, Даналық пен құдіретті, Құрмет, ұлылық пен дәріпті Қабылдауға әбден лайықты!»
Аян 5:12
Әрі зорлық-зомбылықтан қорғайды, Олардың қанын қымбат деп санайды.
Забур жырлары 71:14
Бұған әлі жете қойған жоқпын, өзімді Құдайдың көздегеніндей жетілдім деп те есептемеймін. Бірақ соның ізіне түсіп, иемденуге тырысудамын. Дәл осыған бола Мәсіх Исаның Өзі мені иемденіп алды ғой.
Філіпілікт. хат 3:12
Сол себепті Мәсіхтің Ізгі хабарының ең бастапқы тәлімін былай қойып, одан бетер жетілу үшін алға басайық. Тағы да ең негізгі тақырыптарға: бізді рухани өлімге бастап әкететін қылықтардан бас тартып, Құдайға сенім арту жайында,
Еврейлерге хат 6:1
Әділдің жолы таң шапағы іспетті Тал түс болғанша жарқырай түседі.
Нақыл сөздер 4:18
Иемізді даңқтаңдар, барлық ұлттар! Оны мадақтаңдар, күллі халықтар! Ол зор мейірімін танытады, Бізге мәңгілік адал болады. Мадақтаңдар Иеміз — Жаратқанды!
Забур жырлары 116:1–2
(Дәуіттің жыры.) Менімен ерегісіп келгендермен Сен Өзің ерегісе гөр, уа, Ием. Маған қарсы күресіп келгендермен Сен Өзің күресе гөр, уа, Ием.
Забур жырлары 34:1
(Ән-күйдің жетекшісіне арналған ән әрі жыр.) Бар әлем, Құдайға қуана дауыстаңдар,
Забур жырлары 65:1
Әрбіреуінің алты қанаты болатын, қанаттардың тұла бойлары да толған көздер еді. Олар күні-түні тоқтамастан: «Бүкіл әлемнің Билеушісі — әрдайым болып келген, мәңгі бар және болашақта келетін Құдай Ие қасиетті, қастерлі, киелі!» — деп сиынумен болды.
Аян 4:8
Әрдайым Иемізбен байланыстарыңа қуаныңдар! Тағы да айтамын: қуаныңдар!
Філіпілікт. хат 4:4
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2014 ж. 27 сәу.
2014 ж. 26 сәу.
2014 ж. 25 сәу.
2014 ж. 24 сәу.
2014 ж. 23 сәу.
2014 ж. 22 сәу.
2014 ж. 21 сәу.