Ақбұлақ

Шолу

  • Кітаптар
  • Мақалалар
  • Оқу жоспарлары
  • Сөздік

Байланысу

  • Біз туралы
  • Байланыс

Қадам жасаңыз

  • Құдайды тану
  • Інжілді оқыңыз

Бүгінгі оқуды email арқылы алыңыз

© 2026 Ақбұлақ. Тегін христиан кітапханасы. Көптеген мақалалар қайта басылған; рұқсаттар дереккөзге байланысты.

Қолдау
Ақбұлақ
  • Мақалалар
  • Оқу жоспарлары
  • Сөздік
Құдайды тануКіру
Ақбұлақ
Ақбұлақ
  • Күнделікті Жарық
  • Иеміз жақын

2014 ж. 6 маусым, жұма

Күнделікті нұр

Күнделікті жарық
Барлық жазбалар

Құдайың Жаратқан Ие араңда тұр! Ол — батыр іспетті құдіретті Құтқарушы саған қатты шаттанады, сүйіспеншілігімен сені тыншытып, саған қуанып мерекелейді».

Софония 3:17

Жаратқан Иенің сендерді сүйіп, таңдап алғанының себебі сендердің басқа халықтардан үлкен болғандықтарыңнан емес! Шынында сендер барлық халықтардың ішіндегі ең азы едіңдер. Қайта, Жаратқан Ие сендерді сүйгендігінен әрі ата-бабаларыңа берген антына бола ғана таңдап алды. Содан Өзінің құдіретті қолымен сендерді Мысыр патшасы перғауынның қолынан құтқарып, сол елдегі құлдықтан азат етіп, алып шықты.

Заңды қайталау 7:7–8

Біз сүйеміз, себебі Ол бізді алдымен сүйді.

Жоханның 1-хаты 4:19

Ал сендер бұрын жаман ой-пікірлерге салынып, зұлым іс-әрекет жасап, Құдайға жат әрі қас болдыңдар. Алайда Ол сендерді Мәсіхтің тәндік өлімі арқылы Өзімен татуластырды. Бұны сендерді алдына әкелген кезде Өзіне бағышталған кінәратсыз, айып тақпайтындай таза болуларың үшін жасады.

Қолостықт. хат 1:21–22

Бұл сүйіспеншіліктің мәнісі мынада: Құдайды сүйген біз емес, қайта, Ол бізді сүйгендіктен, құрбандығы арқылы күнәміздің құнын өтеу үшін Өзінің рухани Ұлын жіберді.

Жоханның 1-хаты 4:10

Дегенмен, әлі де күнәкар болып жүрген кезімізде біз үшін Мәсіх өмірін құрбан етті! Осы арқылы Құдай бізге Өзінің зор сүйіспеншілігін дәлелдеді.

Римдіктерге хат 5:8

Сонда көктен: «Бұл — Менің сүйікті рухани Ұлым, Оған толықтай ризамын!» — деген дауыс естілді.

Матай 3:17

Әкем Мені жақсы көреді, себебі Мен жанымды қиямын, содан кейін оны қайтадан аламын.

Жохан 10:17

Ал осы соңғы заманда Ол бізге хабарын Өзінің рухани Ұлын жіберіп жеткізді. Құдай Сол арқылы әлемді жаратып, Оны барлығының иесі етіп тағайындады. Одан Құдайдың салтанатты ұлылығы жарқырап көрінеді: Ол — Құдайдың болмысының дәлме-дәл сипаты. Ұл бүкіл әлемді құдіретті сөзімен қолдап ұстап тұр. Өзінің құрбандық өлімі арқылы күнәдан тазару жолын ашып бергеннен кейін, Ол көктегі Ұлылық Иесіне (яғни Құдай Әкеге) барып, Оның оң жағындағы ең құрметті орынға жайғасты.

Еврейлерге хат 1:2–3

Өйткені Құдай алдына баруымызға бөгет болған «шымылдықты» Иса өз денесін құрбан етуімен қақ айырып, біз үшін мәңгілік өмірге жаңа жол ашты.

Еврейлерге хат 10:20

Ал Қабыл Жаратқан Иенің көз алдынан кетіп, Едемнің шығысында орналасқан Нод (яғни «Кезбелік») деген жерге қоныстанды.

Жаратылыстың баст. 4:16

Қайта, өздеріңнің әділетсіз істерің Құдаймен араларыңды ажыратып келеді! Жасаған күнәларың Оның бетін сендерден бұрып әкетеді. Сондықтан да Құдай Ие мінажаттарыңа құлақ салмайды.

Ишая 59:2

Барлық адамдармен тату болып, Құдайға бағышталған қасиетті өмір сүруге ұмтылыңдар! Мұнсыз ешкім Жаратқан Иені көре алмайды.

Еврейлерге хат 12:14

Иса оған: — Жол, шындық және шынайы өмір Менмін. Мен арқылы болмаса, ешкім де Әкеге бара алмайды.

Жохан 14:6

Қазір Ол соны Құтқарушымыз Иса Мәсіхтің келуімен ашық көрсетті: Мәсіх өлімнің күшін жойып, Ізгі хабары арқылы шынайы, ешқашан өшпейтін өмірді жарыққа әкелді.

Тімотеге 2-хат 1:10

Киелі Рух осы арқылы бізге мынаны білдіреді: киелі үйдің алдыңғы бөлімі әлі де бар болып тұрғанда, ең қасиетті бөлімге (яғни Құдайдың алдына) апаратын жол ашық емес.

Еврейлерге хат 9:8

Мәсіх — татулығымыздың Бастауы: Ол екі топқа бөліп тұрған қабырғадай өштестікті жойып, алып тастап, екі жағын біріктірді.

Ефестікт. хат 2:14

Сол сәтте киелі үйдегі шымылдық кенеттен жоғарыдан төменге дейін қақ айырылып, екіге бөлінді. Жер сілкініп, жартастар жарылып,

Матай 27:51

Ал шынайы өмірге апаратын қақпа да, жол да тар. Соны біразы ғана табады.

Матай 7:14

Соңымнан қуып олар қоршап алады, Жерге ұрып-соғу үшін қарайды қырағы,

Забур жырлары 16:11

ЖИ көмегімен аударылған, Киелі кітап дәйексөздері де соның ішінде — кез келген сілтемені ашып, Киелі кітап аудармасынан оқыңыз.

© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.

Ахмет Йүксек ✪ Unsplash сайтындағы фотосы (https://unsplash.com/photos/hazy-mountain-peaks-at-sunrise-or-sunset-jUZUTcnJoQw)

Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).

АлдыңғыКелесі
Оқу параметрлері

Мақала қаріп өлшемі

Соңғы күндер

Барлығын көру→
  • 2014 ж. 5 мау.

    Лұқа 17:10 · Римдіктерге хат 3:27

  • 2014 ж. 4 мау.

    Хаққай 2:9 · Шежірелер 1-ж. 22:5

  • 2014 ж. 3 мау.

    Матай 25:13 · Лұқа 21:34–36

  • 2014 ж. 2 мау.

    Мысырдан шығу 12:11 · Миха 2:10

  • 2014 ж. 1 мау.

    Ғалаттықт. хат 5:22 · Мысырдан шығу 34:6

  • 2014 ж. 31 мам.

    Жаратылыстың баст. 32:28 · Ошия 12:3–4

  • 2014 ж. 30 мам.

    Еврейлерге хат 4:11 · Матай 7:13–14