Мен сүйетіндерімді әшкерелеп, тәртіпке шақырамын. Енді ынталы болып, өкініп, теріс жолдан қайт!
Аян 3:19
Күнделікті нұр
Мен сүйетіндерімді әшкерелеп, тәртіпке шақырамын. Енді ынталы болып, өкініп, теріс жолдан қайт!
Аян 3:19
Расында Құдайдың сендерді Өзінің рухани балалары деп атаған мынадай ескертпесін ұмыттыңдар ма: «Балам, Тәңір сені тәрбиелегенде Онысын ешқашан менсінбей жүрме, Ол сені жөнге келтіргенде, Лайым еңсең түсіп жүнжіме! Иеміз Өзі сүйетін әркімді Түзетеді әрі тәрбиелейді, Бауырына басқан әр баласын да Жазалайды қажет болғанда».
Еврейлерге хат 12:5–6
Иеміз Өзі сүйетін әркімді Түзетеді әрі тәрбиелейді. Әкесі сүйікті баласын да Жазалайды қажет болғанда.
Нақыл сөздер 3:12
Өйткені Ол жара салса, соны Өзі таңады, соққы берсе, өз қолдарымен сауықтырады да.
Әйүп 5:18
Сонымен, Құдайдың құдіретті қолының астына бой ұсыныңдар; Өзі белгілеген уақыты жеткенде Ол сендерді жоғарылатпақ.
Петірдің 1-хаты 5:6
Оның орнына сендерді тазарту үшін азап отынан өткіздім. Сонда да балқытылған күмістей саф таза болып шықпадыңдар.
Ишая 48:10
Адам баласына қайғы-қасіретті Ол өз жүрек қалауымен жібермейді.
Жоқтау 3:33
Сен сайларға ағызасың бұлақтарды, Өзендер тау арасымен құйылады, Дала аңдарын олар суға қандырады, Құландар да одан шөлін басады. Құстар су жағасына ұя салады, Бұтақтар арасынан ән айтады. Заңғар мекеніңнен тауды суғарасың, Ісіңнің жемісімен жерді толтырасың, Топырақтан мал азығына шөп өсіресің, Адамға ас болуға дақылдар еккізесің,
Забур жырлары 103:10–14
«Көп уайымдағанда адам түс көрер, Көп сөз айтылғанда ақымақ та сөз сөйлер».
Уағыздаушы 5:2
Құдайға сиынғанда жалған тәңірлерге құлшылық етушілер іспетті құр сөз сөйлей бермеңдер! Олар көп сөз айтсақ еститін болады деп есептейді. Сендер сондайларға ұқсамаңдар! Себебі көктегі Әкелерің өздерің сұрамай тұрып-ақ, сендерге не керек екенін біледі.
Матай 6:7–8
Олар бір бұқаны таңдап алып, шалып, дайындады. Мұнан кейін олар таңертеңнен түске дейін Бағалға сиынып: «Уа, Бағал, бізге жауап бере гөр!» — деп айқайлаумен болды. Бірақ ешбір дауыс та шықпады, ешкім жауап та қатпады. Бағалдың пайғамбарлары өздері тұрғызған құрбандық орнының айналасында секіріп билей берді.
Патшалықтар 3-ж. 18:26
— Екі адам Құдайға сиыну үшін ғибадатханаға өрлеп барыпты. Бірі парызшыл, екіншісі салық жинаушы екен. Парызшыл тұра қалып, іштей былай деп мінажат етеді: «Я, Құдай! Мен басқа адамдар сияқты қарақшы, жәбірлеуші, неке адалдығын бұзушы немесе ана салықшыға ұқсап күнәкар болмағаным үшін Саған ризашылығымды білдіремін.
Лұқа 18:10–11
Ал салық жинаушы алыста тұрып, тіпті назарын көкке көтеруге де батылы бармай, қолын кеудесіне қойып: «Я, Құдай, мен күнәкармын, рақым ете гөр!» — деп жалбарынады. Сендерге шын айтамын: екеуі үйлеріне қайтқанда, парызшылды емес, салықшыны Құдай кешіріп, ақтаған еді. Өйткені өзін-өзі жоғарылатқан әркім төмендетіледі, ал өзін төмен ұстаған жоғарылатылады.
Лұқа 18:13–14
Бірде Иса бір жерде мінажат етіп отырды. Онысын аяқтаған кезде шәкірттерінің бірі Оған: — Мырза, Жақия шәкірттеріне мінажат етуді үйреткендей, Сіз де бізге үйретсеңізші, — дегенде,
Лұқа 11:1
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2014 ж. 29 мау.
2014 ж. 28 мау.
2014 ж. 27 мау.
2014 ж. 26 мау.
2014 ж. 25 мау.
2014 ж. 24 мау.
2014 ж. 23 мау.