Ал періште өзінің алдында тұрғандарға: «Оның лас киімдерін шешіп тастаңдар!» — деп тапсырды. Ешуаға қарап ол: «Мен сенің кінәңді алып тастадым. Енді саған салтанатты киім кигіземін», — деді.
Зәкәрия 3:4
Күнделікті нұр
Ал періште өзінің алдында тұрғандарға: «Оның лас киімдерін шешіп тастаңдар!» — деп тапсырды. Ешуаға қарап ол: «Мен сенің кінәңді алып тастадым. Енді саған салтанатты киім кигіземін», — деді.
Зәкәрия 3:4
Әділдер, қуана мақтаңдар Жаратқанды, Адал жандардың мақтауы жарасымды.
Забур жырлары 32:1
Бәріміз де күнәға батып рухани ластанып кеттік! Күллі әділ істеріміздің өзі лас шүберектей жиренішті! Солып қалған жапыраққа ұқсаймыз, күнәларымыз бізді желдей ұшырып әкетеді.
Ишая 64:6
Менің бойымда, яғни ескі күнәкар болмысымда, жақсылық жоқ екенін білемін; сондықтан да жақсылық жасағым келсе де, оны жүзеге асыратын күшім жоқ.
Римдіктерге хат 7:18
Мәсіхпен тығыз байланысып, шомылдыру рәсімінен өткен бәрің де Мәсіхтің рухани қасиеттеріне бөлендіңдер.
Ғалаттықт. хат 3:27
бір-біріңе өтірік те айтпаңдар! Себебі сендер ескі күнәкар болмыстарыңның іс-әрекетін тастап, жаңа ізгі болмысқа ие болдыңдар. Оны жаратып берген Иеміз Өзін жақынырақ тануларың үшін сендердің рухани жағынан Өзіне ұқсас болуларыңды көздеп соған ұмтылуда.
Қолостықт. хат 3:9–10
Онымен тығыз байланыста тұруым үшін Таурат заңын орындауға негізделген жеке басымның ақталуына сүйенбеймін, қайта, Мәсіхке деген сенім арқылы Құдайдан ақталған адам болғым келеді.
Філіпілікт. хат 3:9
Бірақ әкесі қызметшілеріне бұйырып: — Тезірек ең жақсы шапанды әкеліп, балама жабыңдар! Қолына мөрлі жүзік, аяғына кебіс кигізіңдер!
Лұқа 15:22
Оған кіршіксіз таза, жылтыраған ақ бәтес киімдер берілді». — Сол ақ бәтес киімдер Құдай халқының әділ істерін білдіреді.
Аян 19:8
Жаратқан Иеге қатты қуанам, Құдайыма шаттанады жан дүнием, Мені Ол құтқарып, амандыққа бөледі, Үстіме әділдікті де жауып берді! Күйеу жігіт діни қызметкер іспетті Әшекейлі тәж басына киеді, Қалыңдық асыл тастарын тағады, Дәл солай мен де болдым салтанатты!
Ишая 61:10
Әр құрылысшының істеген жұмысының сапасы Мәсіх үкім шығаратын күні айқындалады. Сол күні әркімнің еңбегін от сынап, шынайы сапасын әшкерелейді.
Қорынттықт. 1-хат 3:13
Сондықтан уақыты келместен бұрын айыптауға асықпай, Иеміздің қайта оралуын күтіңдер! Ол әзірше қараңғыға жасырылғанды әшкерелеп, жүрегіміздің ой-ниеттерін ашып көрсетеді. Сол кезде Құдай әрқайсымызға лайықты мақтауын береді.
Қорынттықт. 1-хат 4:5
Олай болса, мұндай ережелерді орындамайтын бауырласыңды айыптауға қандай қақың бар? Немесе оларды орындап жүрген бауырласыңа менсінбей қарауға қандай қақың бар? Бәріміз де Құдайдың қиямет сотының алдында тұрып, әшкереленетін боламыз.
Римдіктерге хат 14:10
Демек, әрқайсымыз Құдай алдында өз іс-әрекетіміз үшін есеп береміз. Ендеше бір-бірімізді айыптауды тоқтатайық! Қайта, бауырластарыңды істегендерің арқылы тура жолдан тайдырып, азғындыққа түсірмеуге шешім қабылдаңдар!
Римдіктерге хат 14:12–13
Ал адамдардың бәрінің жасырын істері мен ойларына үкімді Құдай қиямет соты күні Иса Мәсіх арқылы шығарады. Мен уағыздап жүрген Ізгі хабар осыны білдіреді.
Римдіктерге хат 2:16
Әкенің Өзі ешкімді соттамай, барлық сотты Оған тапсырған.
Жохан 5:22
Ол көктен келген Билеуші болғандықтан, Әкесі Оған қиямет сотын жүргізу билігін де тапсырған.
Жохан 5:27
Өзіңнің рақымыңды мыңдаған адамдарға көрсетесің, ал әкелерінің кінәларын балаларының мойнына да саласың. Уа, ұлы да құдіретті Құдай, Сенің есімің — «Әлемнің Иесі!» Жоспарларың сондай ұлы, істерің сондай керемет! Сенің көздерің адам баласының барлық істерін анық көреді. Әркімге жүрген жолдары мен істеген істерінің жемісі бойынша лайықтысын бересің.
Еремия 32:18–19
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2014 ж. 8 шіл.
2014 ж. 7 шіл.
2014 ж. 6 шіл.
2014 ж. 5 шіл.
2014 ж. 4 шіл.
2014 ж. 3 шіл.
2014 ж. 2 шіл.