Ақбұлақ

Шолу

  • Кітаптар
  • Мақалалар
  • Оқу жоспарлары
  • Сөздік

Байланысу

  • Біз туралы
  • Байланыс

Қадам жасаңыз

  • Құдайды тану
  • Інжілді оқыңыз

Бүгінгі оқуды email арқылы алыңыз

© 2026 Ақбұлақ. Тегін христиан кітапханасы. Көптеген мақалалар қайта басылған; рұқсаттар дереккөзге байланысты.

Қолдау
Ақбұлақ
  • Мақалалар
  • Оқу жоспарлары
  • Сөздік
Құдайды тануКіру
Ақбұлақ
Ақбұлақ
  • Күнделікті Жарық
  • Иеміз жақын

2014 ж. 27 шілде, жексенбі

Күнделікті нұр

Күнделікті жарық
Барлық жазбалар

Бұлар оған сенбейді, себебі осы күнәкар дүниенің «тәңірі» (әзәзіл шайтан) олардың ой-саналарын соқыр қылып қойған. Содан олар Мәсіхтің салтанатты ұлылығы туралы Ізгі хабардың нұрын көре алмайды. Ал Мәсіх Құдайдың қандай екенін айқын көрсетеді.

Қорынттықт. 2-хат 4:4

Сонда Жаратқан Иенің ұлылығы Бар адамзатқа көрінетін болады, (Оның өз халқын құтқарып алғанын) Барлығы да ап-анық көре алады. Себебі Жаратқан Иенің Өзі Осы бұйрықтарды шығарған еді».

Ишая 40:5

Құдайды ешкім ешқашан көзімен көрген емес. Әкесімен тығыз байланыстағы жалғыз рухани Ұлы бізге Оны жақыннан танытты.

Жохан 1:18

Сөз адамға айналып, арамызда өмір сүрді. Сонда біз Әкенің жалғыз рухани Ұлының асқан ұлылығын көрдік: Ол рақымдылық пен шындыққа толы еді.

Жохан 1:14

Иса былай деп жауап берді: — Мен көптен бері қастарыңдамын, сонда да Мені шынымен білген жоқсың ба, Філіп? Кім Мені көрсе, соның Әкені де көргені. Бізге Әкені көрсетіңіз деп неге айтасың?

Жохан 14:9

Одан Құдайдың салтанатты ұлылығы жарқырап көрінеді: Ол — Құдайдың болмысының дәлме-дәл сипаты. Ұл бүкіл әлемді құдіретті сөзімен қолдап ұстап тұр. Өзінің құрбандық өлімі арқылы күнәдан тазару жолын ашып бергеннен кейін, Ол көктегі Ұлылық Иесіне (яғни Құдай Әкеге) барып, Оның оң жағындағы ең құрметті орынға жайғасты.

Еврейлерге хат 1:3

Құдайға ұнамдылық туралы бізге ашылған мына құпияның ұлы екендігі еш шүбәсіз: Мәсіх адам болып дүниеге келді, Киелі Рух әділдігін дәлелдеді, Содан Мәсіх періштелерге көрінді, Халықтарға Ол жарияланды, Жер жүзінде Оған көбі иланды, Ол ұлылықпен көкке қабылданды.

Тімотеге 1-хат 3:16

Оның құрбандық өлімі арқылы күнәларымыздың құны өтеліп, кешірімге ие болдық. Көзге көрінбейтін Құдайдың қандай екенін рухани Ұлы көрсетеді. Ол — жаратылыс атаулының бәрінен жоғары.

Қолостықт. хат 1:14–15

Құдай алдын ала білетін біздерді Өзінің рухани Ұлының үлгісіне ұқсасын, осылайша рухани Ұлы көптеген бауырластарының арасындағы тұңғышы іспетті аса қадірлі болсын деп бұрыннан белгілеп қойған еді.

Римдіктерге хат 8:29

Сонымен, басымнан әлсіздік, қорлық, мұқтаждық, қуғын-сүргін, қысымшылық өткізгенде Мәсіхке бола ризамын. Себебі өзім күшсіз болғанымда Ол арқылы күштімін.

Қорынттықт. 2-хат 12:10

Аса Құдай Иесіне дауыстап сиынып былай деді: «Уа, Жаратқан Ие, әлсізді мықтыдан қолдап-қорғайтын құдірет жалғыз Сенде ғана! О, Құдайымыз — Жаратқан Ие, бізді қолдай гөр! Біз Саған сенім артамыз, Сенің атыңмен осы қарақұрым тобырға қарсы аттанып шықтық. Уа, Жаратқан Ие, Сен біздің Құдайымызсың! Пенденің Өзіңнен басым болуына жол бере көрме!»

Шежірелер 2-ж. 14:11

Сол себепті соғыс күймелерін жүргізетіндер (патшалық киімдерін киген) Жосапатты көргенде, «Бұл әрине Солтүстік Исраилдің патшасы!» — деп айқай салды. Содан олар оған қарай бұрылып, бас салды. Ал Жосапат (өз ұранын) айқайлап жіберді. Құдай Ие оған жар болып, бас салушыларды оның қасынан басқа жаққа бұрып алып кетті.

Шежірелер 2-ж. 18:31

Мен жарлықтарыңды ұстана берем, Жалғыз қалдыра көрме мені мүлдем. Жастар қалай таза жолмен жүре алады? Сөзіңе бағынып соны істей алады.

Забур жырлары 118:8–9

Жаратқан Ие әділдерге назар аударады, Өзіне жалынған оларға құлақ салады. Ал сұмдық жасайтындарға Жаратқан қарсы шығады, Есімдерін із-түзсіз жер бетінен жоқ қылады.

Забур жырлары 33:16–17

Біз адам баласына қарсы емес, қазіргі қара түнектің әкімдері мен күштілеріне әрі дүниені билеп-төстеушілеріне: көзге көрінбейтін дүниедегі зұлым рухтарға қарсы күресудеміз. Сондықтан Құдай берген «рухани қару-жарақтың» бәрін асыныңдар! Сөйтіп зұлым күштер шабуыл жасаған күні қарсы тұрып, ақырына дейін күресіп, жеңіп шыға аласыңдар.

Ефестікт. хат 6:12–13

ЖИ көмегімен аударылған, Киелі кітап дәйексөздері де соның ішінде — кез келген сілтемені ашып, Киелі кітап аудармасынан оқыңыз.

© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.

Ахмет Йүксек ✪ Unsplash сайтындағы фотосы (https://unsplash.com/photos/hazy-mountain-peaks-at-sunrise-or-sunset-jUZUTcnJoQw)

Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).

АлдыңғыКелесі
Оқу параметрлері

Мақала қаріп өлшемі

Соңғы күндер

Барлығын көру→
  • 2014 ж. 26 шіл.

    Еврейлерге хат 11:8 · Забур жырлары 47:4

  • 2014 ж. 25 шіл.

    Жоханның 1-хаты 3:14 · Жохан 5:24

  • 2014 ж. 24 шіл.

    Римдіктерге хат 12:12 · Патшалықтар 1-ж. 3:18

  • 2014 ж. 23 шіл.

    Қорынттықт. 1-хат 15:24 · Марқа 13:32–33

  • 2014 ж. 22 шіл.

    Римдіктерге хат 6:10 · Ишая 53:12

  • 2014 ж. 21 шіл.

    Римдіктерге хат 3:1–2 · Еремия 4:4

  • 2014 ж. 20 шіл.

    Жохан 17:16 · Ишая 53:3