(Дәуіттің жыры.) Уа, Ием, жанымды Саған бағыштаймын,
Забур жырлары 24:1
Күнделікті нұр
(Дәуіттің жыры.) Уа, Ием, жанымды Саған бағыштаймын,
Забур жырлары 24:1
Ал оған бидай, жүзім шырыны мен зәйтүн майын беріп, мол саф алтын мен күмісті жаудырған Мен екенімді мойындамады. Қайта, өзі соларды жалған тәңір Бағалға сый-тарту етті. Сол себепті Мен мерзімінде пісетін өнімім мен мезгілінде дайын болатын жүзім шырынымды, әрі оның жалаңаш тәнін жабатын жүнім мен зығырымды сол опасыздан алып қоямын.
Ошия 2:8–9
Ал енді, Саған осындай мол сый-тарту беретіндей біз кім едік сонша?! Әлемдегінің барлығы да Сенен келген. Өз қолыңның бізге сыйлағандарын ғана Өзіңе тарту етіп отырмыз. Сенің алдыңда біз де күллі ата-бабаларымыз сияқты жат жұрттық, бөтен кірмелерміз. Бұ дүниелік ғұмырымыз көлеңке іспетті өткінші де үмітсіз. Уа, Құдайымыз Жаратқан Ие! Біз Сенің киелі есіміңе арнап салмақшы болған ғибадатхананың құрылысы үшін осы ағыл-тегіл мол заттарды дайындап қойдық. Солардың барлығы да Сенің Өзіңнен келіп отыр, бәрі де Сенікі!
Шежірелер 1-ж. 29:14–16
Себебі әлемнің бәрі де Құдайдан, Ол арқылы, Ол үшін пайда болған. Лайым Құдай мадақталсын әрқашан! Аумин.
Римдіктерге хат 11:36
Осы дүниелік мал-мүлікке бай сенушілерге мынаны ескерт: олар менмен болмасын және сенімдерін өткінші байлыққа емес, Құдайға артсын! Ол адамдар рақатын көрсін деп игіліктердің бәрін сыйлайды.
Тімотеге 1-хат 6:17
Құдай жаратқандардың бәрі де адал; шүкірлік етіп қабылданған тамақтарға тыйым салуға болмайды. Олар Құдайдың сөзін оқып, Оған сиынуымыз арқылы Оған бағышталып адал болады.
Тімотеге 1-хат 4:4–5
Ал Иса Мәсіхпен жүрген сендердің барлық қажеттеріңді де менің Құдайым Өзінің керемет байлығы бойынша қамтамасыз ететін болады.
Філіпілікт. хат 4:19
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
2014 ж. 5 там.
2014 ж. 4 там.
2014 ж. 3 там.
2014 ж. 2 там.
2014 ж. 1 там.
2014 ж. 31 шіл.
2014 ж. 30 шіл.