«Ежелде Мен, Құдай, Содом мен Ғомораны қиратқанмын. Енді сендердің кейбір қалаларыңды да қираттым. Сендер шала жанып, от ішінен құтқарылып алынған отындық ағаш сияқты болдыңдар. Бірақ сонда да Маған қайтып келмедіңдер!» — деп әшкерелейді Жаратқан Ие.
Амос 4:11
Сиондағы күнәкарлар үрейленіп, арсыздар дірілдеп қорқып былай деп жатыр: «Біздің қайсымыз осы жалмайтын отта тұра аламыз? Қайсымыз сөнбейтін отта аман қала аламыз?» —
Ишая 33:14
Жүрегімізде өлімге кесілгендей сезіндік. Бұл жайт біздің өзімізге емес, Құдайға ғана сүйене алуымыз үшін де осылай болды. Ол өлгендерді тірілте алады ғой.
Мұндай қорқынышты ажал қаупінен Ол бізді құтқарып алды және әлі де құтқаруда; сондай-ақ болашақта да құтқаратын болады деп Оған нық сенім артамыз.
Қорынттықт. 2-хат 1:9–10
Күнәнің беретіні — (мәңгілік) өлім, ал Құдайдың беретін сыйы — Иеміз Иса Мәсіхпен тығыз байланыстағы мәңгілік өмір.
Римдіктерге хат 6:23
Мәңгі тірі Құдайдың қолына түсіп, сотталу қандай қорқынышты!
Еврейлерге хат 10:31
Сонымен Иемізді терең қастерлеп, Оған ұнамсызды істеуден шошынуды ұдайы есімізде ұстаймыз. Сондай-ақ басқа адамдарды да осы шындыққа сендіруге ұмтыламыз. Біз Құдай алдында әйгіліміз. Сендердің ар-ұждандарыңа да әйгіліміз деп үміттенеміз.
Қорынттықт. 2-хат 5:11
Құдайдың сөзін уағызда! Мұны адамдарға ұнауы, ұнамауына қарамастан әрдайым орындауға табандылықпен ұмтыл. Олардың қателерін әшкерелеп, тыйым сал, әрі жақсылыққа жігерлендіре тұрып, зор сабырлылықпен тәлім бер!
Тімотеге 2-хат 4:2
Ол маған былай деп түсіндірді:
— Жаратқан Иенің Зоробабелге арнаған сөзі мынау: Күш-қуатпен де емес, билік күшімен де емес, тек Менің Рухыммен ғана табысқа жетесің! — дейді Әлемнің Иесі. —
Зәкәрия 4:6
Ол барлық адамдардың құтқарылып, шындықты біліп алуларын қалайды.
Тімотеге 1-хат 2:4