Ақбұлақ

Шолу

  • Кітаптар
  • Мақалалар
  • Оқу жоспарлары
  • Сөздік

Байланысу

  • Біз туралы
  • Байланыс

Қадам жасаңыз

  • Құдайды тану
  • Інжілді оқыңыз

Бүгінгі оқуды email арқылы алыңыз

© 2026 Ақбұлақ. Тегін христиан кітапханасы. Көптеген мақалалар қайта басылған; рұқсаттар дереккөзге байланысты.

Ақбұлақ
  • Мақалалар
  • Оқу жоспарлары
  • Сөздік
Құдайды тануКіру
Ақбұлақ
Ақбұлақ
Жоспарлар

2016 ж. 28 қазан, жұма

Күнтізбе

2016 ж. 28 қаз.

Ақиқатты жақтайтын бірде-бір адамның жоқ екенін көріп, зорлық-зомбылық шеккендерді қолдайтын ешкімнің болмағанына таңғалды. Сондықтан Тәңір Ие Өзінің әділдігіне сүйеніп, құдіретті қолымен құтқаруды дайындады.

Ишая 59:16

Дұшпандарым жамандап былай дейді: «Қашан анау өліп, аты өшеді?» Біреуі маған кіріп-шықса, жалған сөйлейді, Шынымен ол тек өсек-аяң жинайды, Барған жерлерінде сонысын жаяды. Мені жек көргендердің барлығы Өзара маған қарсы сыбырласады, Былай деп жамандық ойластырады:

Забур жырлары 40:6–8

Әкем Мені жақсы көреді, себебі Мен жанымды қиямын, содан кейін оны қайтадан аламын. Жанымды ешкім Менен тартып алмайды, оны өз еркіммен қиямын. Қиятын да, қайтып алатын да билігім бар. Бұл — Маған Әкем тапсырған міндет.

Жохан 10:17–18

Енді өзара ақылдасып, күшті дәлелдеріңді келтіріңдер: Кім бұл жайттарды баяғыдан бері жария етті? Оларды алдын ала айтқан кім? Мен, Жаратқан Ие, емес пе едім? Жалғыз Мен ғана әділ Құдай әрі Құтқарушымын. Менен өзге құдай болған емес, болмайды да! Ей, жердің түкпір-түкпіріндегілер, Маған бет бұрыңдар, сонда құтқарыласыңдар. Жалғыз Құдай Менмін, өзге құдай жоқ!

Ишая 45:21–22

Исадан басқа ешкім де бізді (Құдайдың қаһарынан) құтқара алмайды! Аспан астында бізді құтқаратын басқа ешкімнің есімі адамдарға бұйырылмаған!

Елшіл. істері 4:12

Сондықтан да, бауырластарым, мен сендерге келіп, Құдайдың шынайы хабарын уағыздаған кезде шешен сөздер және дана пікірлер қолданған жоқпын. Сендерге Иса Мәсіх пен Оның айқыштағы құрбандық өлімінен басқа нәрселер туралы айтпауға шешім қабылдаған едім. Араларыңда күш-қуатсыз, дірілдеп, қатты жүрексініп тұрып жаттым. Сөз сөйлеп, уағыз айтқанда адамды сендірерліктей данышпан пікірлерге емес, Құдайдың Рухы мен құдіретінің айқын көрінуіне сүйендім. Ондағы мақсатым — сенімдеріңнің негізі адамның даналығы емес, Құдайдың құдіретінің болуы. Дегенмен, біз рухани жетілгендерге даналық туралы хабарды уағыздай береміз. Ал бұл даналық осы күнәкар дүниенікі емес, сондай-ақ, осы дүниелік билеушілердікі де емес; солар — болашақта құрып кететіндер. Керісінше, жариялап жүргеніміз — Құдайдың құпия даналығы, бұл адамзаттың көзінен таса болып келді. Ал Құдай оны біздің ұлылыққа ие болуымыз үшін әлемді жаратпастан бұрын-ақ белгілеп қойған болатын. Бұны осы дүниелік билеушілердің біреуі де ұққан емес; ұққан болса, олар Ұлылықтың Иесін айқышқа шегелетіп өлтіртпес еді. Алайда (Киелі жазбаларда) алдын ала жазылғандай, көз көріп, құлақ естімеген, адам ойына ешқашан келмеген игіліктерді Құдай Өзін сүйетіндерге дайындап қойған. Бұны Құдай біздерге Өзінің Киелі Рухы арқылы анық білдірді. Киелі Рух бәрінен де, Құдайдың терең ой-мақсаттарынан да хабардар. Себебі адамның ішкі құпия-сырларын оның өз рухынан басқа бірде-бір адам біле ме? Сол сияқты, Құдайдың терең ой-мақсаттарын да Оның Киелі Рухынан басқа ешкім білмейді. Ал біз осы дүниелік рухты емес, Құдайдан келген Киелі Рухты қабылдадық, Соның көмегімен Құдайдың бізге сыйлаған игіліктерін біле аламыз. Солар туралы біз адамзаттың даналығынан емес, Киелі Рухтан үйренген сөздермен уағыздап, Оған мойынсұнғандарға рухани шындықты түсіндіреміз. Өз еркімен жүретін адам Құдайдың Рухынан келгенді қабылдамайды, соны түсіне алмай, ақымақтық деп санайды. Себебі оны Киелі Рухтың тұрғысынан бағалау керек. Ал Құдайдың Рухына мойынсұнушы Одан келгеннің бәрін де бағалай алады, бірақ басқалар ондай адамға баға бере алмайды. Өйткені «Кім Жаратқанның ақыл-ойын ұққан, кеңесшісі болып бағыт берді Оған?» (деп жазылған). Ал бізде Мәсіхтің ой-ниеті бар.

Қорынттықт. 2-хат 8:9

ЖИ көмегімен аударылған, Киелі кітап дәйексөздері де соның ішінде — кез келген сілтемені ашып, Киелі кітап аудармасынан оқыңыз.

© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.

Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).

АлдыңғыКелесі
Оқу параметрлері

Мақала қаріп өлшемі

Соңғы күндер

  • 2016 ж. 27 қаз.

    Матай 8:17 · Леуіліктер 14:4–7

    Матай 8:17

  • 2016 ж. 26 қаз.

    Забур жырлары 99:1 · Еремия 5:22

    Забур жырлары 99:1

  • 2016 ж. 25 қаз.

    Матай 28:20 · Жохан 14:21–23

    Матай 28:20

  • 2016 ж. 24 қаз.

    Жүніс 2:4 · Ишая 49:14–15

    Жүніс 2:4

  • 2016 ж. 23 қаз.

    Лұқа 12:15 · Забур жырлары 37:16

    Лұқа 12:15

  • 2016 ж. 22 қаз.

    Забур жырлары 108:1 · Забур жырлары 27:1

    Забур жырлары 108:1

  • 2016 ж. 21 қаз.

    Жохан 1:16 · Матай 17:5

    Жохан 1:16

Ұқсас мақалалар

  • Шәкірттік

    Әулиелерге қамқорлық: Мәңгілік сүйіспеншіліктің куәлігі

    Автор қарт әулиенің басқа сенушілерге қамқорлық жасау туралы өлер алдындағы тілегін баяндайды, Құдайдың…

    2026 ж. 13 мам.·Белгісіз
  • Рухани өсу

    Дауылдар арқылы Құдайға сену: Киелі жазбалардан алынған сабақтар

    Құдайдың өмір дауылдарын біздің сенімімізді жетілдіру және Оның қатысуы мен тыныштығы арқылы бізді жоғары…

    2024 ж. 8 қыр.·Рамон Сальсидо
  • Даналық

    Жақыптың кітабы: Даналық пен іс-әрекет арқылы практикалық сенім

    Жақыптың 3-5 тарауларын зерттеңіз: Құдайшыл даналық, Құдаймен достық және Мәсіхтің қайтып келуіне байланысты…

    2024 ж. 12 қар.·Филипп Нанн
  • Киелі Рух

    Киелі Рухтың Құдайлығы мен Тұлғалығын түсіну

    Бұл мақала Киелі Рух туралы кең таралған қате түсініктерді түзетіп, Оның Құдайлық тұлғалығын, құдайлығын және…

    2026 ж. 21 там.
  • Мейірімділік

    Жақсы Самариялық және Иса Мәсіхтің мейірімділігі

    Жақсы Самариялық туралы астарлы әңгіме Құдайдың өліп бара жатқан күнәкарларға деген мейірімділігін көрсетеді…

    2026 ж. 27 қыр.·Грейс және Ақиқат Қауымдастығы - Броули, Калифорния
  • Кішіпейілділік

    Фарисей мен салық жинаушы: Қайсысы Құдайға ұнады?

    Фарисей өзіне ұнады, бірақ кішіпейіл салық жинаушы Құдайға ұнады. Неге өзін-өзі ақтау емес, кішіпейілдік…

    2024 ж. 19 қыр.·Том Палмер
  • Шәкірттік

    Әулиелерге қамқорлық: Мәңгілік сүйіспеншіліктің куәлігі

    Автор қарт әулиенің басқа сенушілерге қамқорлық жасау туралы өлер алдындағы тілегін баяндайды, Құдайдың…

    2026 ж. 13 мам.·Белгісіз

Рухани өсу

Дауылдар арқылы Құдайға сену: Киелі жазбалардан алынған сабақтар

Құдайдың өмір дауылдарын біздің сенімімізді жетілдіру және Оның қатысуы мен тыныштығы арқылы бізді жоғары…

2024 ж. 8 қыр.·Рамон Сальсидо
  • Даналық

    Жақыптың кітабы: Даналық пен іс-әрекет арқылы практикалық сенім

    Жақыптың 3-5 тарауларын зерттеңіз: Құдайшыл даналық, Құдаймен достық және Мәсіхтің қайтып келуіне байланысты…

    2024 ж. 12 қар.·Филипп Нанн
  • Киелі Рух

    Киелі Рухтың Құдайлығы мен Тұлғалығын түсіну

    Бұл мақала Киелі Рух туралы кең таралған қате түсініктерді түзетіп, Оның Құдайлық тұлғалығын, құдайлығын және…

    2026 ж. 21 там.
  • Мейірімділік

    Жақсы Самариялық және Иса Мәсіхтің мейірімділігі

    Жақсы Самариялық туралы астарлы әңгіме Құдайдың өліп бара жатқан күнәкарларға деген мейірімділігін көрсетеді…

    2026 ж. 27 қыр.·Грейс және Ақиқат Қауымдастығы - Броули, Калифорния
  • Кішіпейілділік

    Фарисей мен салық жинаушы: Қайсысы Құдайға ұнады?

    Фарисей өзіне ұнады, бірақ кішіпейіл салық жинаушы Құдайға ұнады. Неге өзін-өзі ақтау емес, кішіпейілдік…

    2024 ж. 19 қыр.·Том Палмер