Құдайдың рухани Ұлы бола тұра, Мәсіх ауыр азаптар шеккен кезінде де Әкесіне мойынсұнуға үйренді.
Еврейлерге 5:8
Күнтізбе

Құдайдың рухани Ұлы бола тұра, Мәсіх ауыр азаптар шеккен кезінде де Әкесіне мойынсұнуға үйренді.
Еврейлерге 5:8
Рухани баласы болғандықтан, Оның бізге дайындап қойған мәңгілік игіліктеріне де ие боламыз: Құдай Мәсіхке сыйлағандары іспетті игіліктерді бізге де сыйламақ. Егер Мәсіхтің жолында жүріп, азабына ортақ болсақ, Оның салтанатты ұлылығына да ортақ болып, сол игіліктерді қабылдаймыз. Болашақта біз үшін анық көрінетін салтанатты ұлылықпен салыстырғанда, қазіргі заманның азаптарының түк емес екендігіне әбден сенемін.
Римдіктерге 8:17–18
Құдай жүретін жолымды жақсы біледі. Ол мені сынап тексергенде, алтын сияқты таза болып шыға келемін. Себебі Оның жолымен аяқ басып, содан еш бұрылмай жүріп келдім.
Әйүп 23:10–11
Құдай Иеміздің осы қырық жыл бойы сендерді иен далада бастап алып жүрген жолын естеріңе түсіріңдер! Ол сендерді Өзіне мойынсұндыру үшін, әрі шынайы ниеттеріңнің қандай екенін: Оның өсиеттерін орындайсыңдар ма, жоқ па, соны білу үшін түрлі сынақтардан өткізді.
Заңды қайталау 8:2
Сонымен әкесінің баласын тәрбиелейтініндей, Құдайларың Жаратқан Иенің де сендерді тәрбиелейтінін терең ұғынып, жүректеріңде берік сақтаңдар! Құдай Иеміздің өсиеттерін берік сақтап, нұсқаған жолдарымен жүріп, Оны терең қастерлеңдер!
Заңды қайталау 8:5–6
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
2019 ж. 4 жел.
Әйүп 28:12
2019 ж. 3 жел.
Әйүп 5:8
2019 ж. 2 жел.
Жохан 1 2:20
2019 ж. 1 жел.
Ишая 32:2
2019 ж. 30 қар.
Аян 1:4
2019 ж. 29 қар.
Забур жырлары 65:4
2019 ж. 28 қар.
Жақып 2:26

Қайғы
Мәсіхшілер неліктен азап шегетінін, бастапқы күнәдан бастап Құдайдың түзетуіне дейін біліңіз. Әйүп пен…
Үміт
Дәуіттің үмітке толы және Құдайға деген мызғымас сенімі бар шабыттандыратын өмірін ашыңыз. Жаратқан Иеге…

Киелі кітапты зерттеу
Киелі кітаптың өзін рухани тағам, жетекші жарық және тазартатын айна сияқты метафоралар арқылы қалай…

Құдайдың адалдығы
Құдайдың өзгермейтін табиғаты, сөзі және уәделері сенушілерге терең қауіпсіздік пен сенім үшін берік негіз…
Мәсіхшілік өмір
Алаңдатулардың рухани өсуіңізді қалай ұрлайтынын біліңіз және христиандық өміріңізде шынымен маңызды нәрсені…
Киелі кітапты зерттеу
Құдайдың бізге Киелі кітапты не үшін бергенін және оның өзгертуші күшін зерттеңіз. Ол Исаны ашады, күнәні…