Оян! Өзіңде әлі де бар, бірақ жуырда өлмекші игі қасиеттеріңді нығайт! Себебі сенің істеріңді Құдайымның көз алдында жеткіліксіз деп таптым.
Аян 3:2
Күнтізбе

Оян! Өзіңде әлі де бар, бірақ жуырда өлмекші игі қасиеттеріңді нығайт! Себебі сенің істеріңді Құдайымның көз алдында жеткіліксіз деп таптым.
Аян 3:2
Сондықтан да Құдайдың өз халқына сақтаған мол игілігін иемденуімізді күтеміз. Ешқашан шіріп бұзылмайтын, өшіп-солып қалмайтын сол мұраларың сендер үшін көкте дайын тұр. Құдай Өзіне сенуші сендерді құдіретті күшімен қорғап, заманның ақырында осы күнәкар дүниеден құтқаратын болады, сол кез жеткенде бұл айқын көрінбек. Қазір сендерге біраз уақыт азап шегіп, қуғын-сүргін көруге тура келгенмен, осы сөнбес үмітке қуаныңдар! Азап шегулеріңнің мақсаты — шын жүректен сенгендеріңді дәлелдеу. Жойылып кетуі мүмкін алтын отта балқытылған кезде сыналып, тазартылады. Сол сияқты, алтыннан әлдеқайда бағалы сенімдерің де бастан кешкен азаптарың арқылы сыналып, берік те шынайы екендігі дәлелденеді. Сонда Иса Мәсіхтің қайта оралып, ашық көрінетін күні Құдай сендерді мақтап, даңқ пен құрметке бөлемек.
Петір 1 4:7
Құдай Өзіне сенуші сендерді құдіретті күшімен қорғап, заманның ақырында осы күнәкар дүниеден құтқаратын болады, сол кез жеткенде бұл айқын көрінбек. Қазір сендерге біраз уақыт азап шегіп, қуғын-сүргін көруге тура келгенмен, осы сөнбес үмітке қуаныңдар! Азап шегулеріңнің мақсаты — шын жүректен сенгендеріңді дәлелдеу. Жойылып кетуі мүмкін алтын отта балқытылған кезде сыналып, тазартылады. Сол сияқты, алтыннан әлдеқайда бағалы сенімдерің де бастан кешкен азаптарың арқылы сыналып, берік те шынайы екендігі дәлелденеді. Сонда Иса Мәсіхтің қайта оралып, ашық көрінетін күні Құдай сендерді мақтап, даңқ пен құрметке бөлемек. Мәсіхті өз көздеріңмен көрмеген болсаңдар да, Оны сүйесіңдер. Қазір де көре алмағанмен, Оған сенесіңдер. Сондықтан сендер сөзбен суреттеуге болмайтын ұлы да керемет қуанышпен шаттанып тұрсыңдар.
Петір 1 5:8
Сондықтан өз көздеріңмен көрген осы нәрселердің ешқайсысын естеріңнен шығармауларың үшін, әрі өмір бойы жүректеріңнен кетіп қалмаулары үшін абай болып сақтаныңдар! Сол үшін балаларың мен немерелеріңе оларды айтып үйрететін болыңдар!
Заңды қайталау 4:9
Әділ адамым сенімі арқылы шынайы өмір сүреді. Ал кім қаймығып, бағытынан кері қайтса, Мен оған риза болмаймын. Бірақ біз алған бағытынан кері қайтып, тозаққа түсетіндердің қатарынан емеспіз. Қайта, Құдайға нық сеніп, мәңгі құтқарылмақпыз.
Еврейлерге 10:38–39
Сендерге айтқанымды бәріне де айтамын: сергек болыңдар!
Марқа 13:37
Қорықпа, Мен саған жар боламын, Абыржыма, Мен сенің Құдайыңмын! Саған қуат беріп көмектесемін, Жеңімпаз қолыммен сүйемелдеймін.
Ишая 41:10
Себебі Құдайың Жаратқан Иемін, Сені оң қолыңнан сүйемелдеймін. Қорықпа, Мен сені қолдап-қорғаймын Деп саған берік уәдемді беремін.
Ишая 41:13
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
2022 ж. 20 нау.
Забур жырлары 119:130
2022 ж. 19 нау.
Елшіл. істері 3:26
2022 ж. 18 нау.
Ишая 38:14
2022 ж. 17 нау.
Леуіліктер 1:4
2022 ж. 16 нау.
Жақып 4:14
2022 ж. 15 нау.
Еврейлерге 2:10
2022 ж. 14 нау.
Титке 2:10

Қорқыныш
Күнә қорқыныш пен Құдайдан алыстауды тудырады. Інжіл жүректерді жаулап, ар-ожданды тазартып, жағдайды…
Көкке көтерілу
Алып кетуді, оның Киелі кітаптағы негізін және неліктен христиандардың Мәсіхтің қайтып келуіне қатысты…
Құтқарылу
Жүсіптің түстерін және Құдайдың еркін зерттеп, оларды құтқарылуға деген жалған үміттермен салыстырыңыз…
Үміт
Шіркеудің жағдайы мен дүниеқоңыздық туралы қараңғы ойлардың ортасында автор Құдайдың түпкілікті салтанаты мен…
Құдайдың қамқорлығы
Құдай сізге қамқорлық жасайды, қажеттіліктеріңізді қамтамасыз етеді, қиындықтардан алып өтеді және әрдайым…

Қорқыныш
Күнә қорқыныш пен Құдайдан алыстауды тудырады. Інжіл жүректерді жаулап, ар-ожданды тазартып, жағдайды…

Көкке көтерілу
Алып кетуді, оның Киелі кітаптағы негізін және неліктен христиандардың Мәсіхтің қайтып келуіне қатысты…

Құтқарылу
Жүсіптің түстерін және Құдайдың еркін зерттеп, оларды құтқарылуға деген жалған үміттермен салыстырыңыз…
Киелі Рух
Бұл мақала Киелі Рух туралы кең таралған қате түсініктерді түзетіп, Оның Құдайлық тұлғалығын, құдайлығын және…

Үміт
Шіркеудің жағдайы мен дүниеқоңыздық туралы қараңғы ойлардың ортасында автор Құдайдың түпкілікті салтанаты мен…