2022 ж. 26 сәуір, сейсенбі

Күнтізбе

2022 ж. 26 сәу.

Бұл кім екен, айдай сұлу, таңдай атқан, Күндей нұрын шашып, ту көтеріп тұрған Әскерге ұқсап сес көрсетіп жатқан? (Жас келін:)

Таңдаулы ән 6:10

Енді өздеріңе де, Киелі Рух басқарушы етіп қойған барлық қауымға да қараңдар! Шопан қойын қалай бақса, сендер де Құдай Иеміздің өз қанын төгіп, иемденген қауымына солай қамқор болыңдар!

Елшіл. істері 20:28

Күйеулер, Мәсіх қауымды қалай сүйсе, сендер де әйелдеріңді солай сүйіңдер: Мәсіх қауым үшін жанын қиды! Оны Құдай сөзімен тазартып, қайта туғызып, қасиетті қылды. Сонымен қауым күйеуіне апарылған қалыңдықтай салтанатты да сұлу, ешбір дақсыз, ақаусыз, басқа да кемшіліксіз, қасиетті де пәк таза болсын.

Ефестікт. хат 5:25–27

Мұнан кейін аспанда бір керемет зор көрініс пайда болды: күнді жамылған, аяғының астында айы бар, басына он екі жұлдыздан тәж киген бір әйел көрінді.

Аян 12:1

Шаттанып, қуанайық, Оның ұлылығын мадақтайық! «Тоқтының үйленетін уақыты» жетті. Оның қалыңдығы әзірленіп, дайын отыр. Оған кіршіксіз таза, жылтыраған ақ бәтес киімдер берілді». — Сол ақ бәтес киімдер Құдай халқының әділ істерін білдіреді.

Аян 19:7–8

Құдай яһуди және басқа ұлт адамдарының бәрін де Иса Мәсіхке деген сенімдері арқылы ақтайды. Себебі бұл жерде ешқандай айырмашылық жоқ:

Римдіктерге 3:22

Солар да Біз сияқты біртұтас болсын деп, Өзің Маған сыйлаған ұлылықты Мен оларға да бердім.

Жохан 17:22

ЖИ көмегімен аударылған, Киелі кітап дәйексөздері де соның ішінде — кез келген сілтемені ашып, Киелі кітап аудармасынан оқыңыз.

Kieli Kitap © Orta Asia Baspasy, 1993, 1996, 2000, 2010, 2025

Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).

Соңғы күндер