Consider my affliction and my travail. Forgive all my sins.
Psalms 25:18
Күнделікті Жарық

Consider my affliction and my travail. Forgive all my sins.
Psalms 25:18
Жаратқан Ие былай деп шақырады: «Келіңдер, мәселелеріңді талқылап, шындығына жетейік! Күнәларың ал қызыл болса да, рақым етіп, сендерді қардай аппақ қылмақпын. Қылмыстарың қан қызыл болса да, сендерді кешіріп, аппақ жүндей ағартпақпын.
Ишая 1:18
Міне, біреулер Оған сал болып ауырған бір адамды төсегімен көтеріп алып келді. Иса олардың сенімдерін көріп, сал адамға: «Жігерлен, балам, сенің күнәларың кешірілді!» — деді.
Матай 9:2
Алайда Мен өз еркіме сай қылмыстарыңды өшіріп тастаймын! Енді қайтып ешқашан да күнәларыңды есіме алмаймын!
Ишая 43:25
Ал Билеуші ретінде көктен келген Менің жер бетінде күнәларды кешіруге билігімнің бар екендігін білулеріңіз үшін,.. — деп, сал адамға қарап: — Орныңнан тұр да, төсенішіңді жинап алып, үйіңе бар! — деп тапсырды.
Матай 9:6
Мәсіхтің құрбан болып, қаны төгілуімен төлеміміз өтеліп, біздер жамандықтың құлдығынан азат етіліп, күнәларымыз кешірілді. Осылайша Құдай Өзінің шексіз зор рақымын
Ефестікт. хат 1:7
бізді құтқарды. Ол бізді жасаған әділ істерімізге бола емес, Өзінің мейіріміне бола күнәдан жуып тазартып, Киелі Рухы арқылы рухани қайта туғызып жаңартты. Құдай бізді Өзінің Киелі Рухына Құтқарушымыз Иса Мәсіхтің арқасында молынан кенелтті.
Титке хат 3:5-6
Бұрын сендер Құдайдың бұйрықтарын бұзып, «рухани сүндеттелмеген», яғни күнәкар болмыстарыңа тәуелді болып, рухани тұрғыдан өлі едіңдер. Алайда Құдай сендерді Мәсіхпен бірге қайта тірілтіп алды. Ол күллі күнәларымызды кешірді: бізге айып тағып, үкім белгілейтін «құжатты» Мәсіх құрбан болған айқышқа «шегелеп іліп қойып», күшін жойды.
Қолостықт. хат 2:13-14
Жарық нұрды Сен шапандай киесің, Аспанды шатырдай жайып жібересің, Су үстінен «сарайыңды» бекітесің, Бұлттарды Өзің «мінер күймең» етесің, «Желдің қанаттары үстінде» жүресің.
Забур жырлары 103:2-3
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
2025 ж. 6 мау.
Zephaniah 3:17
2025 ж. 5 мау.
Luke 17:10
2025 ж. 4 мау.
Haggai 2:9
2025 ж. 3 мау.
Matthew 25:13
2025 ж. 2 мау.
Exodus 12:11
2025 ж. 1 мау.
Galatians 5:22
2025 ж. 31 мам.
Genesis 32:28

Дұға
Дұға – Құдаймен сөйлесу, христиандар үшін оңай және табиғи әрекет. Оның негізгі аспектілерін ашыңыз: өтініш…
Иса Мәсіх
Иса Капернаумда қуатты тәлім беріп, адамдарды таң қалдырды. Синагогадағы таза емес рух жынның дінді қалай…
Құтқарылу
Өзіне қол жұмсауға шақ қалған жас әйел уағызшының мейірімділігі мен ақ раушан гүлі арқылы үміт пен…

Дұға
Дұға – Құдаймен сөйлесу, христиандар үшін оңай және табиғи әрекет. Оның негізгі аспектілерін ашыңыз: өтініш…
Өтеу
Қаппар күніндегі екі ешкінің киелі мағынасын және олардың күнәні өтеудегі рөлін зерттеңіз. Исаның құрбандығы…

Иса Мәсіх
Иса Капернаумда қуатты тәлім беріп, адамдарды таң қалдырды. Синагогадағы таза емес рух жынның дінді қалай…
Дұға
Шынайы христиандық дұғаның Құдайға тәуелділік пен сенімнің көрінісі ретіндегі мәнін зерттеңіз.
Әлемдік діндер
Карма мен Құдайдың Иса Мәсіх арқылы берілетін рақымын (крупа) зерттеңіз. Мәсіхтің карма бұғауларын қалай…