Осылай Ишая пайғамбардың: Ол «біздің қасіретімізді Өзіне алды, біздің ауруларымызды өз мойнымен көтерді» деп алдын ала айтқаны жүзеге асты.
Матай 8:17
Күнделікті нұр
Осылай Ишая пайғамбардың: Ол «біздің қасіретімізді Өзіне алды, біздің ауруларымызды өз мойнымен көтерді» деп алдын ала айтқаны жүзеге асты.
Матай 8:17
онда ол сол адамға тазару рәсімін орындау үшін екі тірі адал құсты, біраз самырсын ағашын, қырмызы жіп пен сайсағыз бұтақшасын әкелуге бұйырсын. Діни қызметкер екі құстың бірін таза су құйылған қыш құмыраның үстінде шалуға бұйырсын. Діни қызметкер тірі құсты қолына ұстап алып, самырсын ағашымен, қырмызы жіппен және сайсағыз бұтақшасымен бірге таза су үстінде шалынған құстың қанына малып алсын. Діни қызметкер жұқпалы тері ауруынан тазару рәсімінен өтіп жатқан адамға қанды жеті рет бүріксін. Содан соң оны таза деп жарияласын. Ал тірі құсты далаға босатып жіберсін.
Леуіліктер 14:4–7
Иса сол маңайдағы қалалардың бірінде болғанда, үсті-басын алапес қаптаған бір адам келе жатты. Ол Исаны көргенде аяғына жығылып: — Мырза! Егер қаласаңыз, мені құлантаза сауықтыра аласыз, — деп жалбарынды.
Лұқа 5:12
Оған жаны ашыған Иса қолын созып, денесіне тигізді де: — Қалаймын, құлантаза сауығып кет! — деді. Сол сәтте-ақ ауру адам алапесінен арылып, тазарды!
Марқа 1:41–42
Өтінемін, келіп, сол халықты қарғап беріңіз. Олар бізден сондай қуатты! Мүмкін, осылай оларды күйретіп, елден қуып шыға алармын. Себебі сіз кімге бата берсеңіз, соның жарылқанатынын, ал кімді қарғасаңыз, соның қарғысқа ұшырайтынын білеміз».
Руларды санау 22:6
— Құдай алдында құр алақан тұрғандар бақытты: Құдайдың Патшалығы сондайларға арналған! Күнәларына өкініп қайғырғандар бақытты: Құдай оларды жұбататын болады! Кішіпейіл жандар бақытты: олар жерді иемденетін болады! Әділдікті аңсап зарыққандар бақытты: олар қанағат табатын болады! Мейірімділер бақытты: Құдайдың мейірімі соларға түседі! Жүректері пәк тазалар бақытты: олар Құдайды көретін болады! Татуластырушылар бақытты: олар Құдайдың рухани балалары деп аталмақ! Әділдік үшін қудаланғандар бақытты: Құдай Патшалығы сондайларға арналған! Адамдар сендерді Маған бола қорлап, қудалап, әр түрлі жала жауып жамандаса, бақыттысыңдар! Қуана шаттаныңдар, себебі көкте сендерді зор сыйларың күтіп тұр! Жұрт сендерден бұрынғы пайғамбарларды да солай қудалаған.
Матай 5:3–12
Бірақ Иса оған: — Құдай сөзін естіп, оны орындайтындар одан бетер бақытты! — деді.
Лұқа 11:28
Шапандарын таза жуып, осылайша мәңгілік өмір ағашының жемісін жеп, қақпалары арқылы қалаға ену құқығына ие болғандар бақытты!
Аян 22:14
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2013 ж. 26 қаз.
2013 ж. 25 қаз.
2013 ж. 24 қаз.
2013 ж. 23 қаз.
2013 ж. 22 қаз.
2013 ж. 21 қаз.
2013 ж. 20 қаз.

Құдайдың қасиеттері
Биламның тарихы – Құдайдың Өз халқына деген сүйіспеншілігі мен қорғанысы туралы тамаша баяндау, тіпті олар…

Адалдық
Шынайы адалдық бір сәттік қимылдармен емес, күнделікті міндеттеме арқылы көрсетіледі. Рут Наомиге жабысып…

Пайғамбарлық
Самуил тек пайғамбар ғана емес, сонымен қатар соңғы би болды. Ол діни қызметкер де болды: «Самуил Иеміздің…

Шәкірттік
Мәсіхтің Матай 11:28-30-дағы қызметке арналған үш қадамдық жоспарын ашыңыз. Қалай тыныштық табуға, Оның…

Рождество
Бұл Рождестволық өлең Исаның Бетлехемде туылғанда оған орын болмағанын және бүгінде көптеген адамдар оны әлі…

Иса Мәсіх
Исаның Киелі жазбадан қаншалықты жиі дәйексөз келтіргенін және оның қызметіне терең әсерін біліңіз. Құдай…