Зор қайғы шеккенім игі болды маған! Сен алып қалдың мені өлім аузынан, Күнәмді лақтырдың асыра арқаңнан.
Ишая 38:17
Күнделікті нұр
Зор қайғы шеккенім игі болды маған! Сен алып қалдың мені өлім аузынан, Күнәмді лақтырдың асыра арқаңнан.
Ишая 38:17
Құдай бізге деген сүйіспеншілігін былай көрсетті: Сол арқылы шынайы өмір сүруіміз үшін Құдай Өзінің жалғыз рухани Ұлын бұ дүниеге жіберді. Бұл сүйіспеншіліктің мәнісі мынада: Құдайды сүйген біз емес, қайта, Ол бізді сүйгендіктен, құрбандығы арқылы күнәміздің құнын өтеу үшін Өзінің рухани Ұлын жіберді.
Жоханның 1-хаты 4:9–10
«Өз меншікті халқын кінәсінен арылтатын әрі оның тірі қалғандарының теріс істерін кешіретін Сен сияқты қай Құдай бар? Сен мәңгілікке қаһарланбайсың, қайта, берік мейірім көрсетуден рақат табасың. Сен бізге қайтадан рақымыңды көрсетесің. Әділетсіз істерімізді аяғыңмен таптап, күнәларымыздың бәрін де теңіздің тұңғиығына тастайсың!
Миха 7:18–19
Өзіңді паналаймын, уа, Жаратқан, Ұятқа қалдырмашы мені ешқашан, Сен әділсің, мені алып қалшы аман. Құлақ түріп маған, тез құтқара көрші, Бас сауғалар құз бен қорғаным бола көрші.
Забур жырлары 30:2–3
Су асты, тау түбіне түсіп қалдым, Сол жерге мәңгі қамалғандай болдым. Бірақ Сен, Жаратқан Ие, Құдайым, Жанымды тұңғиықтан алып қалдың.
Жүніс 2:7
(Ән-күйдің жетекшісіне арналған Дәуіттің жыры.) Жарлының қамын ойлайтын жан бақытты! Ауыр күнде Иеміз оны құтқарады,
Забур жырлары 40:1–2
Көргендеріңді, қазіргі барды және одан кейін болатындарды жазып қой!
Аян 1:19
Сол сияқты, біздің қазір көргеніміз Айнадағы көмескі бейне іспетті, Ал болашақта бетпе-бет анық көреміз. Қазіргі білетінім тек қана шектеулі, Ал Құдайдың мені толық білетіні секілді, Бәрін де толықтай білемін сол кезде.
Қорынттықт. 1-хат 13:12
Бәрін де оған бағындырып бердің». Құдай адам баласына бәрін де бағындырып берген кезде оған бағындырмаған еш нәрсені қалдырған жоқ. Алайда біз бәрінің де адам баласына бағынғандығын қазір көре алмаймыз.
Еврейлерге хат 2:8
Сонымен қатар, біздерде пайғамбарлардың жазып қалдырған нық сенімді сөздері бар ғой. Бұларға көңіл бөлсеңдер, жақсы болады. Сол сөздер қараңғылықта «нұрын шашып тұрған шам-шыраққа» ұқсайды. Таң атып, шолпан жұлдызының пайда болатынындай, ақырында Мәсіх көктен қайтып келіп, жүректеріңе толық түсінік құятын болады.
Петірдің 2-хаты 1:19
Құдай Рухы: «Соңғы дәуірде кейбіреулер сенімдерінен бас тартып, жалған рухтарға құлақ салып, жындар үйреткен ілімдерге еретін болады», — деп анық айтады.
Тімотеге 1-хат 4:1
Балаларым менің, қазіргі уақыт — осы заманның соңғы дәуірі. Сендер Мәсіхке қарсы шығатын біреу келеді деп естідіңдер, ал қазірдің өзінде де Мәсіхке қарсы шығатын адамдар көп. Біз осыдан-ақ соңғы дәуірдің келгенін біле аламыз.
Жоханның 1-хаты 2:18
Түнгі уақыт бітуге таяп қалды, ал Мәсіхтің күні жақындады. Сондықтан қара түнектегі жаман істерден бас тартып, жамандыққа қарсы тұратын «нұрдың қаруын» асынайық!
Римдіктерге хат 13:12
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2014 ж. 16 қаң.
2014 ж. 15 қаң.
2014 ж. 14 қаң.
2014 ж. 13 қаң.
2014 ж. 12 қаң.
2014 ж. 11 қаң.
2014 ж. 10 қаң.
Шайтан
Аянды жазған елші Жоханға: «Сен көрген нәрселерді, қазіргі нәрселерді және бұдан кейін болатын нәрселерді…

Рухани өсу
Киелі кітапты оқудың терең себептерін ашыңыз. Оның қалай басшылық, рухани өсу және Иса Мәсіх арқылы мәңгілік…

Киелі кітапты зерттеу
Киелі кітаптың өзін рухани тағам, жетекші жарық және тазартатын айна сияқты метафоралар арқылы қалай…

Мәсіхшілік өмір
Мәсіхке қызмет етудің шынайы уәждерін, қызмет етудің тиімді әдістерін және адал қызметтің, әсіресе балалар…

Үміт
Павелдің Римге сапары рульші мен кеме иесі қалағандай тегіс болмады. Павел олардың бәрін тамақ ішуге шақырып…

Рухани соғыс
Христиандарда сауыттың үш түрі бар. Құдайдың сауытының сенушілерді ібілістің айла-шарғысынан қалай…