Мен жүрген жолдарын анық көрсем де, халқымды сауықтырып, жетелемекпін. Араларындағы өкініп қайғырғандарын жұбатып,
Ишая 57:18
Күнделікті нұр
Мен жүрген жолдарын анық көрсем де, халқымды сауықтырып, жетелемекпін. Араларындағы өкініп қайғырғандарын жұбатып,
Ишая 57:18
— Мен сендердің Құдайларың Жаратқан Иемін. Егер Менің айтқандарыма құлақ асып, Маған ұнамды әділ іс істесеңдер, әрі өсиеттеріме ден қойып, барлық ережелерімді орындасаңдар, онда Мен мысырлықтарға жіберген індет-аурулардың бірде-біреуін сендерге жұқтырмаймын. Себебі Мен сендерді сауықтырушы Жаратқан Иемін.
Мысырдан шығу 15:26
(Ән-күйдің жетекшісіне арналған Дәуіттің жыры.) Уа, Жаратқан, зұлым адамнан құтқаршы, Зорлықшыл жандардан мені қорғашы, Ойларында олар сұм жоспар құрады, Күн сайын ұрыс-керіс туғызады.
Забур жырлары 139:1–3
Тек болып жатқанды көріп тұрасың, Зұлымдардың жазаланғанын ұғасың.
Забур жырлары 90:8
Құдайдан жасырын жатқан ешбір жан иесі жоқ, Оның көз алдында барлығы ашық та айқын көрініп тұр. Біз Құдайдың алдында есеп беруге тиіспіз.
Еврейлерге хат 4:13
Жаратқан Ие былай деп шақырады: «Келіңдер, мәселелеріңді талқылап, шындығына жетейік! Күнәларың ал қызыл болса да, рақым етіп, сендерді қардай аппақ қылмақпын. Қылмыстарың қан қызыл болса да, сендерді кешіріп, аппақ жүндей ағартпақпын.
Ишая 1:18
онда ол: «Оны көрге түсуден аман сақтап қала гөр! Оның жанының құнын өтейтін төлемді таптым!» деп мейірім көрсететін болады.
Әйүп 33:24
Алайда Құдайдың Қызметшісі біздің күнәларымыз үшін түйреліп, біздің әділетсіз істеріміз үшін құртылды. Оның тартқан жазасы бізге амандық пен тыныштық әкелді. Оның жараларының арқасында біз (рухани дертімізден) сауықтық.
Ишая 53:5
— Маған Жаратушы Тәңір Ие Өзінің Рухын қондырды. Жаратқан Ие мені жарлыларға ізгі хабар жеткізуге және жаралы жүректерді жұбатып орнықтыруға тағайындады, сондай-ақ тұтқындарға босатылатындарын, бұғаудағыларға азат болатындарын жар салуға жіберді.
Ишая 61:1
Иса оған: — Қарындас, сенімің арқылы құтқарылдың. Аман-есен қайта бер, қиналған дертіңнен айықтың! — деді.
Марқа 5:34
Әділ шешімдеріңді үйренгенде Сені дәріптеймін таза жүрекпен.
Забур жырлары 118:7
(Ән-күйдің жетекшісіне арналған Дәуіттің жыры.) Уа, Ием, құдіретіңе патша қуанады, Құтқарғаныңа шексіз шаттанады.
Забур жырлары 20:1–2
Өмірін сақтауды сұрағанда Өзіңнен Тіпті мәңгілік өмір сыйладың Сен.
Забур жырлары 20:5
Сен патшаны мәңгілік жарылқадың, Қасыңда болу қуанышын сыйладың. Себебі патша Жаратқанға сенім артады, Хақ Тағаланың рақымымен нық тұрады.
Забур жырлары 20:7–8
Осылай батыстағылар мен шығыстағылар да Жаратқан Иені терең қастерлеп, Оның салтанатты ұлылығына қайран қалады. Өйткені Жаратқан Иенің дауылы су тасқынын қатты айдағандай, Өзі де тездете аттанып келеді.
Ишая 59:19
Сендер әлі күнге дейін қатты сыналған жоқсыңдар, еліктірген жағдайлар әдетте адамдардың бастарына түсіп жүргендегідей ғана болып келді. Ал Құдай Өзінің уәдесіне берік: Ол төзімдеріңнен артық сыналуларыңа жол бермейді. Еліктірілген кездеріңде соған шыдауға күш-қуат беріп, құтылып шығудың лайықты жолымен қамтамасыз етеді.
Қорынттықт. 1-хат 10:13
Бұл жайында не дейміз? Құдай жақтаса, бізге кім қарсы шыға алады?!
Римдіктерге хат 8:31
Сонда ден қойып бар өсиеттеріңе, Ешқашан масқара болмас та едім.
Забур жырлары 118:6
Егер лаулап жанып тұрған пешке лақтырылсақ та, ғибадат етіп жүрген Құдайымыздың бізді құтқаруға құдіреті жетеді. Ол бізді сіздің қолыңыздан құтқаратын болады да!
Даниял 3:17
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2026 ж. 11 қыр.
2026 ж. 10 қыр.
2026 ж. 9 қыр.
2026 ж. 8 қыр.
2026 ж. 7 қыр.
2026 ж. 6 қыр.
2026 ж. 5 қыр.

Ниневия
Нахум Елкоштықтың аян кітабы – Жаратқан Иенің Ниневияға не істейтіні туралы аян кітабы. Жаратқан Ие былай…

Пальма жексенбі
Пальма жексенбісінің мағынасын және Израильдің Исаны қабылдамауын түсініңіз. Бұл мақала Пурим оқиғасын және…

Құтқарылу
Сенушілер үшін Римдіктерге 8-ден он екі жігерлендіретін уәдені ашыңыз: айыптау жоқ, Киелі Рухтың күші…

Құтқарылу
Кішкентай қыз өліп бара жатқан анасына құтқарылу табуға көмектесу үшін уағызшы іздейді. Әйел де, уағызшы да…

Дұға
Дұға – қиын кездердегі сенушінің ең үлкен ресурсы. Михей мен Исадан қалай тиімді дұға етуді, Оның Ұлы арқылы…

Пайғамбарлық
Захария 12-14-ті зерттеу: Исраилдің болашақ өкініші, тесілген Мәсіхті тануы және Оның мыңжылдық патшалығының…