Құдай оларға Мысырда бұрын-соңды белгісіз болған тағамды, Қанахан жерінің ескі дәнін – немесе «қуырылған дәнін» – аспандағы, даңқталған Мәсіхті берді, бірақ Мәсіхті осы күнәға батқан әлемнен кіршіксіз адамзатпен өткен Адам ретінде, ашытқысыз нан ретінде, және осы адамзатпен қуырылған дән сияқты сот отынан өткен, және қайта тірілуде даңққа кірген, Құдайдың оң жағында Адам ретінде отырған Мәсіхті берді.
Сонымен қатар, Ол біз үшін Әкемен біздің Қорғаушымыз ретінде ғана емес, сонымен қатар Өзінің Адам ретіндегі тұлғасында бізді даңққа енгізуші ретінде де бар. Үшінші аспанда адам үшін орын дайындалған; ол Мәсіх арқылы аспан нығметінің толық ләззатына бөленеді. Мен бұл Адамды көріп: «Міне, менің орным; мен Ондамын, Мәсіхтегі адаммын, Ол сияқты мәңгілік өмірге, өлілер арасынан тірілген Адамның өміріне қазірдің өзінде иелік етемін; мен Онымен біріккенмін, аспан орындарында Онда отырмын, мені оған жетелейтін Киелі Рух арқылы осы шексіз нығметті тамашалаймын. Құтқарушы! Мен үшін Сен түстің, мен үшін Сен айқышта іліндің; Сен даңққа кеттің, және Сен мені Өзіңмен мәңгі бірге болардан бұрын, Өзіңнің тұлғаңда оған қазірдің өзінде енгіздің» деймін.
Осындай Мәсіхпен айналысуда қандай таңғажайып қуаныш пен қандай күш бар! «Біз бәріміз, бетіміз ашық, айнадағыдай Иеміздің даңқын көріп, Иеміздің Рухы арқылы даңқтан даңққа сол бейнеге өзгереміз» (2 Қор. 3:18). Бұл үзіндіде біз жердің ескі дәнімен қоректенудің нәтижесін көреміз. Аспандағы Мәсіхпен қалыптасқан жан, осы қасиетті нысанның қасиеттерін қайта жаңғырта алады. Біздің үлесіміз осындай.