Құрметті оқырман!
Қасиеттілікке ұмтылыңдар, онсыз ешкім Жаратқан Иені көрмейді (Еврейлерге 12:14).
Оның қасиеттілігіне ортақтасу деген не? (Еврейлерге 11:10).
Қасиеттілік – жақсылық пен жамандықты дұрыс ажырату; одан әрі, ол жақсылықты ұнатып, жамандықты жек көретін қасиет. Бұл Құдайдың сипаты және қасиетті мақсатта бөліп қою ойын білдіреді. Қасиеттілік – Мәсіхке ұқсас сипат. Ең қасиетті жерге кіру (Еврейлерге 10:19) қасиеттіліктегі сәйкес іс жүзіндегі өмірді қамтиды.
Осыны өндіру және сүйіспеншілікті осы әлемнен ажырату үшін Құдай балаларын әртүрлі жаттығулар арқылы өткізеді және оларды пайдасы үшін жазалайды. Бұл қажет, өйткені әйтпесе жан Құдайдың мақсатына жетпейтін нәрселерден тыныштық іздейді. Моральдық жарамдылықты беретін – іс жүзіндегі қасиеттілік. Сондықтан Құдайдың қасиеттілігіне ортақтасу – үлкен артықшылық пен жоғары құрмет, өйткені сонда біз Оның қуанышына ортақтасамыз, Оның сұлулығын көреміз және Оның ойын үйренеміз.
Құдай әрдайым балаларының шынайы бақытын іздейді, ал бақыт пен қасиеттілік қатар жүреді. Сіздерге, құрметті оқырмандар, дұғаларыңыз бен жігерлендіруші хаттарыңыз үшін ерекше алғыс айтамыз. Біз сіздердің барлығыңыздан хабар алғанды жақсы көреміз.





