Ізгі хабар–Қараша 2016 –«Мейірім мен Ақиқат» журналы
Орнына өлу...
Көне өсиеттегіәрбір құрбандық үстелі мен құрбандыққа шалынған әрбір жануар Құдайдың сүйікті Ұлына нұсқады; бір күні Оның жерге келіп, сол сұмдық айқышта азап шегіп, өлетініне нұсқады.
Сол күндері, Құдайдың тұрағы – киелі шатырдың сыртында, мынадай әңгімені естіп қалуы мүмкін еді:
«Құрбандыққа мал әкелгеніңді байқадым!» деді діни қызметкер қой ұстаған исраилдік адамға.
«Иә, мен мұны істеуім керек екенін білдім. Бірақ сол мал шынымен өлуі керек пе?»
«Әрине, өйткені қан төгілмейкешірім мүмкін емес» (Евр. 9:22).
«Бірақ бұл мал кінәсіз! Менің балаларым оны қатты жақсы көреді. Бұл қой ешқандай жамандық істеген жоқ».
«Мәселе дәл осыда.Кінәлі адам ешқашан басқа кінәлі адамның орнын баса алмайды. Сен күнәң арқылы өміріңді жоғалттың. Енді сен өлуің керек, немесе кінәсіз біреу сенің орныңа өлуі керек. Қолыңды осы қозының басына қой; өйткені осылай істеу арқылы сен өзіңнің кінәлі екеніңді, ал қозының кінәсіз екенін мойындайсың. Құдай бұл әрекетті сенің құрбандыққа шалынатын қозымен біртұтас болуың ретінде қарайды. Сенің кінәң қозыға ауысады. Қозы өлгенде, сен қозы бұрынғыдай еркін және кінәсіз боласың».
Адам үнсіз қолын қозының басына қойды. Әлі де бірнеше дайындықтар бар еді... пышақ... содан кейін, қозының қаны шөл құмына ақты. Бұл сұмдық көрініс еді. Дегенмен, адам терең күрсініп, көзін бір сәтке аспанға көтергенде, үлкен жүк иығынан түскендей сезінді. Қозы оның орнына өлді; «және оған кешіріледі» (Левит 4:20KJV). «О, Құдай, Саған шүкір».
Сен туралы не айтуға болады?
Сен ешқашан айқышқа осылай ойлармен жақындаған жоқсың ба? Ол – Қасиетті, Кінәсіз – сипаттауға келмейтіндей азап шекті. Ол өлді. Бұл Мәсіхтің орынбасар ретіндегі азабы еді. Бірақ Ол кім үшін өлді?
Барлық адамдар үшін емес. Мыңдаған адамдар айқышқа немқұрайлы қарайды. Олар жай ғана өмір сүре береді – не күнәкарлықпен, не өте салтанатты түрде, бірақ соған қарамастан, олар үшін өлген Ешкімсіз – олар өлгенше және мәңгілікке жоғалғанша. Басқалары таңданып, әсерленіп қарады, бірақ олар ешқашан Құдайға біздің әңгімеміздегі исраилдік сияқты: күнәкарлар ретінде келген жоқ.
Мәсіх барлығы үшін өлді,кім қозыға – Құдайдың Қозысына – қолын қойған болса. Сен де мұны істей аласың. Сен мұны қолыңды бүктеп, айқышта ілулі тұрған Оған ақырын айтып істей аласың: «Мен күнә істедім, мен айқышқа лайықпын. Иеміз Иса, Сен менің орныма өлдің бе?»
Содан кейін – содан кейін сен сол бүктелген қолдарыңды аспанға көтеріп: «Құдай, Әке, Саған шүкір, Саған сенемін, Сенің Ұлыңның айқышта орындаған ісіне сенемін. Рахмет, Иеміз Иса» дей аласың.
Сол сәтте Құдай Мәсіхтің қаны арқылы сенің барлық кінәңмен айналысты. Сен еркінсің, мәңгілікке еркінсің!Біз саған көбірек айта аламыз.
Айқышта мен мәңгі даңқтанамын,
Заң мені айыптай ала ма? Ешқашан!
Мәсіх мен үшін қарғысқа айналды.
Мәсіх мен үшін Қалварида өлді,
Күнәдан да, өлімнен де мен еркінмін,
Мәсіх мен үшін өмірді сатып алды!
Дж. Роу жазған, «Алтын үйден» бейімделген,Believers Bookshelf Canada.