Қараша 2019 –«Мейірім мен Ақиқат» журналы
Мен сіздердің журналдарыңызғасоңғы бір жылдан бері жазылып келемін және маған ол өте ұнайды! Мені көптеген әртүрлі ілімдер қоршап тұр, бірақ мен сіздер сияқты ешқандай деноминациялық көзқарассыз ақиқатқа берік ұстанатын ешкімді немесе ешқандай журналды тапқан емеспін.– АҚШ
«Мейірім мен Ақиқат» журналы«Мейірім мен Ақиқат» журналымен үшін нағыз бата.Мен тұратын қарттар үйінде кешкісін жиналатын Киелі кітап тобы бар. Біз Киелі кітапты оқимыз, әнұрандар айтамыз және дұға етеміз. Онда мен журналдағы мақалаларды адамдарға оқып бере аламын. Көп рахмет.– Канада
Маған журнал өте ұнайдыжәне оны ай сайын алып тұруды жалғастырғым келеді. Мен үшін және осы түрмедегі жігіттер үшін жасаған барлық істеріңіз үшін көп рахмет. Мен сіздер үшін Құдайды мадақтаймын. Біз үшін дұға етіңіздерші.– АҚШ
Сіздердің журналдарыңызадамдардың өміріне, әсіресе менің өміріме үлкен әсер етті. Мен «Түрмеден алынған сабақтар» және «Сатылған, бірақ жіберілген» (ақпан ’19) сияқты әртүрлі мақалаларыңызбен бата алдым. Құдай Исаның атымен сіздерді байытып, қамтамасыз ете берсін.– Нигерия
Мен журналды Киелі кітапты зерттеужәне уағыздау үшін жиі қолданамын. Киелі Рухтан шабыт алып жазатын жазушыларға сәлем жолдаймын. Олардың адалдығы мен жазғандары үшін ризамын және олар үшін апта сайын дұға етемін.– Үндістан