2023 жылғы сәуір –«Рақым және Шындық» журналы
•Мен сіздің тамаша журналыңыздыәрі қарай да алғым келеді. Сіздің журналыңыз туралы мен сенімді бір нәрсе – ол Киелі кітапқа адал, және ілімі шындық. Құдай сіздің командаңызға батасын берсін. Сіздер жақсы тұқым сеуіп жатырсыздар, және ол жақсы топыраққа түссе, көп жеміс беретініне сенімдімін.– Орталық аймақ, Португалия
•Мен сізге журналымды үнемі алып тұрғанымдыхабарлауға қуаныштымын. Мен журналдарды жыл сайын жинақтап, оларды қызметіміздің кітапханасына анықтамалық материал ретінде қойып отырмын. Иеміз Исаның атымен сіздің қажеттіліктеріңізді қанағаттандыра берсін.– Ойо штаты, Нигерия
•Мен сіздің журналыңызға жазылудыжәне жаңа дінге сенушілерге арналған басқа да әдебиеттеріңіз болса, соларды сұрап жазып отырмын. Мен бірдеңе қайырымдылық еткім келеді, бірақ түрмеде отырғандықтан, бұл қиын болады. Түрмеге түскен бірінші күні ұйықтайтын төсенішімнің астынан журналыңыздың бір данасын таптым. Тапқан журналым маған өте ұнады және журналды ай сайын алғым келеді. Барлық істеріңіз үшін рахмет, Құдай батасын берсін.– Пенсильвания, АҚШ