2006 ж. 22 мам.
Күнделікті нұр, 23 мамыр: Сол түні патшадан ұйқы қашты
Күнделікті нұр
Сырт киімнің иық жапсырмаларына бекіттір. Сол екі тас — Исраилдің үрім-бұтағының естелігі: Һарон өзінің діни қызметін атқарғанда, Жаратқан Иенің (оларды рақым етіп таңдап алғанын) есіне салып отыру үшін рулардың аттарын ұдайы екі иығында алып жүретін болсын.
Мысырдан шығу 28:12
Ал Иса мәңгі бақи жасайтындықтан, Оның діни қызметі де өткінші емес. Сол себептен Ол Өзі арқылы Құдайға сиынғандардың бәрін толықтай құтқара алады. Иса мәңгі өмір сүріп, олар үшін өтініш жасайды.
Еврейлерге хат 7:24–25
Сендерді адасып кетуден сақтап, Өзінің нұрлы салтанаты көрінген күні қуанышпен, мүлтіксіз таза күйлеріңде өз алдына тұрғызуға.
Яһуданың хаты 1:24
Сонымен сенімімізді берік ұстанып, оны тапжылмастан мойындайық. Көкке көтеріліп кеткен зор мәртебелі Бас діни қызметкеріміз — Құдайдың рухани Ұлы Иса бар. Ол бізге жаны ашымайтын, осал жақтарымызды түсінбейтін діни қызметкер емес, қайта, өзіміз сияқты әр түрлі сынақтан өтіп көрді, бірақ ешқашан күнә жасаған жоқ. Ендеше рақымы мол Құдайдың тағына нық сеніммен жақындап, өтініштерімізді білдірейік.
Еврейлерге хат 4:14–16
Мұса Бунямин руына батасын беріп былай деді: «Лайым Жаратқан Ие жақсы көрген Ру Оның қасында тұрсын аман-есен, Күн сайын Ием оны қорғайтын болсын, Таулардың беткейлерінде қоныстансын».
Заңды қайталау 33:12
Сол түні патшадан ұйқы қашты.
Естер 6:1
Уа, Ием, Сен мені ұйықтатпайсың.
Забур жырлары 76:5
Кім Құдайымызға тең бола алады? ... Ол төмен қарап аспан мен жерге көз салады.
Забур жырлары 112:5–6
Ол көктегі періштелер топтарына да, жердегі адамдарға да Өзінің еркіне сай әрекет етеді. Оның құдіретті қолын тоқтатып, Оны: «Не істеп отырсың?»
Даниял 4:32
Сонда Сен теңіз арқылы жол жүрдің, Ұлан-ғайыр су арқылы қадам бастың, Ал көзге көрінбеді іздерің Сенің.
Забур жырлары 76:20
Пенденің ашуымен де даңқталасың, Оның қалған ашуын Өзің басасың.
Забур жырлары 75:11
Себебі Жаратқан Ие Өзіне шын жүректен бағышталып, адал болып жүргендерді күш-қуат беріп қолдау үшін, бүкіл жер жүзін назарында ұстап отырады.
Шежірелер 2-ж. 16:9
Тағы да мынаны білеміз: барлық жағдайларда Құдай Өзін сүйетіндердің игілігі үшін әрекет етеді.
Римдіктерге хат 8:28
Екі торғайды бір теңгеге сатпай ма? Дегенмен көктегі Әкелеріңнің еркінсіз бірде-бір торғай жерге құлап түспейді. Тіпті бастарыңдағы шаштарыңның саны да Оған белгілі!
Матай 10:29–30
«Күнделікті жолдағы күнделікті нұр» кітабынан алынған қасиетті жазбалар (қоғамдық домен жинағы).
Соңғы күндер
Барлығын көру2006 ж. 21 мам.
Ефестікт. хат 6:10 · Забур жырлары 71:16
2006 ж. 20 мам.
Тімотеге 1-хат 4:16 · Қорынттықт. 1-хат 9:25–27
2006 ж. 19 мам.
Забур жырлары 51:2 · Еремия 33:8
2006 ж. 18 мам.
Жохан 5:26 · Тімотеге 2-хат 1:10
2006 ж. 17 мам.
Езекиел 20:19 · Жоханның 1-хаты 2:6
2006 ж. 16 мам.
Римдіктерге хат 1:1 · Жохан 13:13






