2006 ж. 23 шіл.
Күнделікті нұр, 24 шілде: Әрдайым үміттеніп қуаныңдар
Күнделікті нұр
Әрдайым үміттеніп қуаныңдар, қиыншылыққа шыдап.
Римдіктерге хат 12:12
Ол Жаратқан Ие ғой, Оның әділ еркі орындалсын, — деді.
Патшалықтар 1-ж. 3:18
Мен әділ болсам да, Оның маған таққан кінәларына жауап бере алмаймын. Қайта, мені соттайтын Төрешімнен рақым етуін ғана жалынып өтіне аламын.
Әйүп 9:15
Жаратқан Ие сыйлап берді де, Жаратқан Ие қайтарып алды да. Жаратқан Иенің есімі мадақтала берсін!
Әйүп 1:21
Соны қабылдау, ал ауыртпалық жіберсе, содан бас тарту дұрыс па өзі? — деп жауап қатты.
Әйүп 2:10
Иса көзіне жас алды.
Жохан 11:35
Жалғыз қалдырды. Ол ауыр азап көріп, көп қасірет шегіп, жұрт бетін бұрып әкететіндей жиренішті болды.
Ишая 53:3–4
Иеміз Өзі сүйетін әркімді Түзетеді әрі тәрбиелейді, Бауырына басқан әр баласын да Жазалайды қажет болғанда.
Еврейлерге хат 12:6, 11
Сендер Оның ұлы құдіретінен мол қуат алып, әрдайым төзімділік пен ұстамдылық таныта алсын әрі қуанышқа кенеліп.
Қолостықт. хат 1:11
Мен бұларды сендер Менімен тығыз байланыста тұрып, тыныштыққа кенелсін деп айттым. Күнәкар дүниеде қысымшылық көресіңдер; алайда батыл болыңдар: Мен осы дүниені жеңіп шықтым!
Жохан 16:33
Қайта, Ыбырайым Құдайдың уәдесіне күмәнданбай.
Римдіктерге хат 4:20
Иса жауап беріп шәкірттеріне былай деді: — Құдайға сеніңдер! Сендерге шындығын айтайын: біреу мына тауға «Орныңнан көтеріліп, теңізге лақтырыл!» деп, айтқан сөзінің іске асатынына жүрегінде еш күмәнданбай сенсе, сол өтініші орындалады. Сондықтан сендерге былай деймін: Құдайға сиынып (Оның еркіне сай) не сұрасаңдар да, соны қабылдадық деп сеніңдер! Сонда ол орындалмақ.
Марқа 11:22–24
Ал сенім артпай Құдайға ұнау мүмкін емес. Құдайға келген әркім Оның бар екеніне сенуге және Өзін іздеп, жақыннан танығысы келгендерді Құдайдың жарылқайтынына илануға тиіс.
Еврейлерге хат 11:6
Ол туралы «сенің ұрпағың Ысқақтан тарайтын болады» деген уәде алғанымен, Ыбырайым жалғыз ұлын құрбан етуге дайын болды. Ыбырайым Құдай баламды өлімнен қайта тірілтуге де құдіретті деп есептеді.
Еврейлерге хат 11:17–19
Осылай ол Тәңірдің өз уәдесін орындай алатынына қалтқысыз сеніп, Оған құрмет көрсетті.
Римдіктерге хат 4:21
Жаратқан Ие істей алмайтын тым қиын іс бар ма?
Жаратылыстың баст. 18:14
Бірақ Құдайдың қолынан бәрі де келеді, — деп жауап берді.
Матай 19:26
Сенімімізді арттыра көріңіз, — деп өтінді.
Лұқа 17:5
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2006 ж. 22 шіл.
Римдіктерге хат 6:10 · Ишая 53:12
2006 ж. 21 шіл.
Римдіктерге хат 3:1–2 · Еремия 4:4
2006 ж. 20 шіл.
Жохан 17:16 · Ишая 53:3
2006 ж. 19 шіл.
Лұқа 1:49 · Мысырдан шығу 15:11
2006 ж. 18 шіл.
Жохан 10:3 · Тімотеге 2-хат 2:19
2006 ж. 17 шіл.
Жүніс 4:2 · Руларды санау 14:17–18






