2006 ж. 19 шіл.
Күнделікті нұр, 20 шілде: Қуанышты жанның тойы тарқамас
Күнделікті нұр
Менің осы дүниелік еместігім сияқты, бұлар да осы күнәкар дүниенің адамдары емес.
Жохан 17:16
Оны адамдар менсінбей, жалғыз қалдырды. Ол ауыр азап көріп, көп қасірет шегіп, жұрт бетін бұрып әкететіндей жиренішті болды.
Ишая 53:3
Күнәкар дүниеде қысымшылық көресіңдер; алайда батыл болыңдар: Мен осы дүниені жеңіп шықтым!
Жохан 16:33
Бізге дәл сондай Бас діни қызметкер қажет: қасиетті де кінәратсыз, кіршіксіз таза Ол, күнәкарлардан аластатылып, аспаннан да жоғары, Құдайдың қасына, көтерілді.
Еврейлерге хат 7:26
Осылай қазіргі азғын да алдамшы ұрпақтың арасында еш кінәсіз таза, Құдайдың мінсіз рухани балалары болыңдар.
Філіпілікт. хат 2:15
Шайтанның құрсауындағы адамдарды азат етіп сауықтырып, ел аралап жүрді, өйткені Құдай Оған жар болды.
Елшіл. істері 10:38
Сондықтан мүмкіндік барда барлық адамдарға, әсіресе сенімі бір бауырластарымызға, жақсылық істей берейік!
Ғалаттықт. хат 6:10
Әр адамға сәулесін түсіретін шынайы Нұр бұл дүниеге келе жатты.
Жохан 1:9
Сендер дүниеге (Құдай жолын көрсететін) «нұрсыңдар». Төбе басына салынған қала жасырынып қала алмайды. Сол сияқты, сендердегі «нұр» адамдарға сәулесін төксін. Осылайша олар игі істеріңді көріп, көктегі Әкелеріңді мадақтап дәріптесін.
Матай 5:14, 16
Қуанышты жанның тойы тарқамас.
Нақыл сөздер 15:15
Паналарың болады! — деп қосты.
Нехемия 8:10
Құдайдың Патшалығы ішіп-жеуде емес, Киелі Рухтың күшімен әділ, өзара тату, қуанышты өмір сүруде.
Римдіктерге хат 14:17
Қайта, Киелі Рухқа кенеле беріңдер! Бір-біріңді Забур жырлары, мадақтау өлеңдері және Киелі Рух дарытқан әндер арқылы жігерлендіріп, Иемізді ән-күймен шын жүректен дәріптеңдер. Иеміз Иса Мәсіхтің атымен Құдай Әкеге қай нәрсе үшін де ұдайы шүкірлік етіңдер!
Ефестікт. хат 5:18–20
Сонымен Мәсіх арқылы Құдайды үнемі мадақтап сый-тартуымызды ұсынайық: Оның «Жаратқан Ие» деген атағын ауызбен де мойындап, дәріптеуіміз біздің Тәңір Иеге арнаған құрбандығымыз болады.
Еврейлерге хат 13:15
Інжір ағаштары гүлдемесе де, Бақтарда жүзім шоқтары піспесе де, Зәйтүн ағаштары өнім бермесе де, Егістіктерден астық жиналмаса да, Қорада қой, табында мал қалмаса да, Мен бәрібір Жаратқанға шаттанамын, Құтқарушы Құдайыма қуанамын.
Аббақұқ 3:17–18
Бізді ренжітеді, бірақ әрдайым қуаныштымыз.
Қорынттықт. 2-хат 6:10
Иә, тіпті азап шегіп жүрсек те, шаттана аламыз.
Римдіктерге хат 5:3
«Күнделікті жолдағы күнделікті нұр» кітабынан алынған қасиетті жазбалар (қоғамдық домен жинағы).
Соңғы күндер
Барлығын көру2006 ж. 18 шіл.
Жохан 10:3 · Тімотеге 2-хат 2:19
2006 ж. 17 шіл.
Жүніс 4:2 · Руларды санау 14:17–18
2006 ж. 16 шіл.
Мысырдан шығу 19:6 · Аян 5:9–10
2006 ж. 15 шіл.
Матай 6:10 · Забур жырлары 103:20–21
2006 ж. 14 шіл.
Матай 12:34 · Қолостықт. хат 3:16
2006 ж. 13 шіл.
Таңдаулы ән 7:10 · Тімотеге 2-хат 1:12






