2006 ж. 10 там.
Күнделікті нұр, 11 тамыз: Ол өлімді біржола жоқ қылады
Күнделікті нұр
Осылайша Ол Өзінің құрбандық өлімі арқылы өлімнің әміршісін, яғни әзәзіл шайтанды.
Еврейлерге хат 2:14
Қазір Ол соны Құтқарушымыз Иса Мәсіхтің келуімен ашық көрсетті: Мәсіх өлімнің күшін жойып, Ізгі хабары арқылы шынайы, ешқашан өшпейтін өмірді жарыққа әкелді.
Тімотеге 2-хат 1:10
Ол өлімді біржола жоқ қылады. Жаратушы Тәңір Ие барлық бет-жүздердің көз жастарын сүртіп жұбатып, өз халқының көрген масқарасын бүкіл жер бетінен алып тастайды. Жаратқан Иенің Өзі осыны нық айтқан.
Ишая 25:8
Бұл жүзеге асып, құритын нәрселер мәңгілік нәрселермен алмасқан шақта Пайғамбарлар жазбаларындағы мынадай уәделер орындалады: Өлім жеңіліп, біржола жоқ болады. Өлім, қайда сенің жеңісің? О дүние, қайда улы тісің? Өлім тудыратын «улы тіс» — күнә, ал күнә өз күшін заңнан алады. Құдайға шүкірлік етейік! Ол бізге Иеміз Иса Мәсіх арқылы жеңісті сыйлайды.
Қорынттықт. 1-хат 15:54–57
Өйткені Құдай бізге қорқыныш емес, күш, сүйіспеншілік және ұстамдылықты дарытатын Киелі Рухын сыйлады.
Тімотеге 2-хат 1:7
Қап-қараңғы шатқалда жүрсем де мен, Қорықпаймын ешбір қауіп-қатерден, Себебі Өзің менің қасымдасың, Жігер береді сойылың мен таяғың.
Забур жырлары 22:4
Нұрдың мекеніне апаратын жол қайда?
Әйүп 38:19
Нұр, Оның ішінде ешқандай түнек жоқ.
Жоханның 1-хаты 1:5
Осы дүниеде тұрған шағымда Мен адамзат үшін Құдайдың Нұрымын, — деді.
Жохан 9:5
Егер біз «Құдаймен байланыстамыз» дей тұра, түнекте жүрсек, өтірікші боламыз, әрі өміріміз шындыққа сай болмай қалады. Ал егер Құдайға ұқсап нұрда тұрсақ, онда өзара байланыста боламыз және Оның рухани Ұлы Исаның төгілген қаны бізді барлық күнәларымыздан тазартады.
Жоханның 1-хаты 1:6–7
Құдай Әкеге шүкірлік ете берсін деп мінажат етудеміз. Өйткені Ол бәрімізді Өзінің халқы иемденетін нұрлы Патшалығынан үлес алуға шақырып, лайықтады. Құдай бізді қара түнектің билігінен құтқарып, сүйікті рухани Ұлы Иса Мәсіхтің Патшалығына енгізді. Оның құрбандық өлімі арқылы күнәларымыздың құны өтеліп, кешірімге ие болдық.
Қолостықт. хат 1:12–14
Бәрің де жарықта және күнде жүресіңдер ғой. Біз түндікі және түнектікі болмағандықтан.
Салониқал. 1-хат 5:5
Сендер дүниеге (Құдай жолын көрсететін) «нұрсыңдар». Төбе басына салынған қала жасырынып қала алмайды. Сол сияқты, сендердегі «нұр» адамдарға сәулесін төксін. Осылайша олар игі істеріңді көріп, көктегі Әкелеріңді мадақтап дәріптесін.
Матай 5:14, 16
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2006 ж. 9 там.
Таңдаулы ән 4:7 · Ишая 1:5–6
2006 ж. 8 там.
Нақыл сөздер 4:18 · Філіпілікт. хат 3:12
2006 ж. 7 там.
Жохан 14:26 · Жохан 4:10
2006 ж. 6 там.
Нақыл сөздер 3:12 · Заңды қайталау 32:39
2006 ж. 5 там.
Римдіктерге хат 6:4 · Римдіктерге хат 6:19
2006 ж. 4 там.
Жохан 19:30 · Еврейлерге хат 12:2





