2006 ж. 6 там.
Күнделікті нұр, 7 тамыз: Ал Әкем Менің атымнан Қамқоршыларың
Күнделікті нұр
Ал Әкем Менің атымнан Қамқоршыларың — Киелі Рухты жібереді.
Жохан 14:26
Егер Құдайдың өзіңе не сыйлағысы келгенін және су сұраған Адамның кім екенін білсең, сен Оның Өзінен су сұрар едің. Сонда Ол саған «өмір суын» берер еді, — деп жауап қатты.
Жохан 4:10
Сонымен, өздерің күнәкар бола тұра балаларыңа жақсылық жасауды білсеңдер, көктегі Әкенің Өзінен сұрағандарға Киелі Рухын сыйлайтыны ешбір шүбәсіз!
Лұқа 11:13
Сендерге өте маңызды шындықты айтамын: Әкеден Менің атымнан не сұрасаңдар, Ол соны береді. Бұған дейін Менің атымнан еш нәрсе де сұраған жоқсыңдар. Енді сұраңдар да алыңдар! Сонда шексіз қуанышқа кенелесіңдер.
Жохан 16:23–24
Бәрібір иемденбейсіңдер, өйткені оны Құдайдан сұрамайсыңдар.
Жақыптың хаты 4:2
Алайда шындықты білдіретін Құдай Рухы келгеннен кейін сендерді бар шындыққа жеткізеді. Себебі Ол Өзінен шыққан сөзді емес, көктегі Әкемнен естігенін айтады және болашақта не болатынын сендерге хабарлайды. Құдай Рухы Менің ұлылығымды көрсетеді, себебі Ол Менен қабылдаған хабарларды сендерге жеткізбек.
Жохан 16:13–14
Ал өз халқы Құдайға қарсы көтерілді, Киелі Рухын қатты ренжіте берді. Сондықтан Тәңір оның жауына айналды, Халқына қарсы Өзі күреске шықты.
Ишая 63:10
Мәсіх туралы не ойлайсыздар, Ол кімнің Ұрпағы болады?
Матай 22:42
Ей, көне қақпалар, айқара ашылыңдар, Ежелгі есіктер, кеңінен ашылыңдар! Кім екен осы даңққа бөленген Патша? Әлемнің Иесі, Сол — даңқталған Патша!
Забур жырлары 23:9–10
Аттылының жамылғысының екі жанында: «Патшалардың Патшасы, иелердің Иесі» деген атағы да жазылған.
Аян 19:16
Сенетін сендер үшін осы «Тас» (Иса Мәсіх) ерекше қымбат. Ал сенбейтіндерге байланысты мынадай сөздер жазылған: «Құрылысшылар менсінбеген «Тас» енді үйдің басты іргетасына айналды!» Ол «адамдарды сүріндіретін кедергі тас, құлататын жартас сияқты».
Петірдің 1-хаты 2:7
Бірақ біз Мәсіхті айқышқа шегеленіп, жанын құрбан етті деп жариялаймыз. Бұл хабар яһудилерге жек көрінішті, ал басқа ұлттық адамдарға ақымақтық болып көрінеді. Алайда яһудилер мен басқа халықтардан шақырылғандар Мәсіхті «Құдайдың құдіреті мен даналығы» деп түсінеді.
Қорынттықт. 1-хат 1:23–24
Мен бәрін де залал деп санаймын, өйткені Ием Иса Мәсіхті жақыннан танып білу өзге нәрселерден әлдеқайда жоғары. Иеме бола бұлардың бәрінен айырылдым, оларды түкке тұрғысыз сыпырынды деп санаймын да. Осылайша қабылдайтын сыйым — Мәсіхтің Өзі.
Філіпілікт. хат 3:8
Сіз бәрін де білесіз, Сізді жақсы көретінімді де білесіз.
Жохан 21:17
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2006 ж. 5 там.
Римдіктерге хат 6:4 · Римдіктерге хат 6:19
2006 ж. 4 там.
Жохан 19:30 · Еврейлерге хат 12:2
2006 ж. 3 там.
Лұқа 1:50 · Забур жырлары 31:19–20
2006 ж. 2 там.
Аян 13:8 · Мысырдан шығу 12:5–7
2006 ж. 1 там.
Ефестікт. хат 2:8 · Еврейлерге хат 11:6
2006 ж. 31 шіл.
Тімотеге 2-хат 2:3 · Ишая 55:4






