2006 ж. 12 қаз.
Күнделікті нұр, 13 қазан: Сонымен, Құдайға мойынсұныңдар!
Күнделікті нұр
Даниял. Себебі сен сол мәселені түсінуге ұмтылып, Құдайыңа мойынсұнып сиына бастаған алғашқы күні-ақ мінажатың Құдайдың құлағына жеткен еді.
Даниял 10:12
Себебі Киелі Құдай деп аталған, мәңгі тірі дәріптелген Алла Тағала мынаны да айтады: «Мен көктегі киелі мекенімде тұрамын. Сондай-ақ күйреп, күнәсіне шын көңілден өкінген кішіпейіл жанның қасында да боламын. Оны қайтадан рухтандырып, жаралы жүрегін сауықтырамын.
Ишая 57:15
Ал Құдайға ұнамды сый, құрбандық — Күнәсіне шынымен өкінген рух. Шын опық жеп, бағынған жүрекке Сен Теріс қарамайсың, уа, Құдай Ием.
Забур жырлары 50:19
Жаратқан Ие бәрінен де жоғары, Ал кішіпейілге Ол назар аударады, Тәкаппар адамды да алыстан ұғады.
Забур жырлары 137:6
Сонымен, Құдайдың құдіретті қолының астына бой ұсыныңдар; Өзі белгілеген уақыты жеткенде Ол сендерді жоғарылатпақ.
Петірдің 1-хаты 5:6
Сол себептен де Киелі жазбаларда мынадай сөздер бар: Құдай тәкаппарларға қарсылық жасайды, «ал езілген кішіпейілдерге рақымын сыйлайды». Сонымен, Құдайға мойынсұныңдар!
Жақыптың хаты 4:6–7
Ием, Өзіңе сиынғанның барлығына Кешірімді де ізгісің, шексіз рақымды да. О, Жаратқан, мінажатыма құлақ сала гөр, Жалбарынған дауысыма көңіліңді бөле гөр. Тек Өзіңе сиынамын күн туғанда басыма, Өйткені жауап бересің Сен мінажатыма.
Забур жырлары 85:5–7
Сенің еркің көкте орындалғандай, Жер бетінде де орындала берсін!
Матай 6:10
Құдай Иенің еркін біліп алыңдар.
Ефестікт. хат 5:17
Дәл сол сияқты, көктегі Әкелерің де осы кішкенелердің ешқайсысының адасып, тозаққа түсуін қаламайды!
Матай 18:14
Құдай сендердің Өзіне бағышталып қасиетті өмір сүргендеріңді қалайды.
Салониқал. 1-хат 4:3
Бұдан былай осы дүниедегі өміріңнің қалған кезеңін ескі күнәкар болмыстарыңның құмарлықтарына сай емес, Құдайдың еркіне мойынсұнып өткізулерің керек.
Петірдің 1-хаты 4:2
Ол шынайы хабары арқылы бізге мәңгілік өмір сыйлап ... Ендеше, өздеріңде қалған барлық арамдық пен жамандық атаулыны тастаңдар.
Жақыптың хаты 1:18, 21
Сондықтан сендер де Өзіме бағышталып киелі болыңдар!
Петірдің 1-хаты 1:16
Менің «шешем» мен «бауырларым»! Себебі Құдайдың еркін орындайтындар Маған бауыр, қарындас, шеше іспетті жақын! — деп жауап берді.
Марқа 3:34–35
Осы айтқандарымды тыңдап, оларды орындаған әркім үйін берік тастың үстіне қалап салған көреген адамға ұқсас болады. Жаңбыр жауып, өзендер тасып, дауыл тұрып үйді соққылағанда, ол құламайды. Себебі оның іргетасы берік тасқа қаланған.
Матай 7:24–25
Осы дүние мен оның ләззаты өткінші, ал Құдайдың еркін орындаушылар мәңгі өмір сүреді.
Жоханның 1-хаты 2:17
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2006 ж. 11 қаз.
Забур жырлары 22:11 · Забур жырлары 13:1–2
2006 ж. 10 қаз.
Ефестікт. хат 3:15 · Ефестікт. хат 4:6
2006 ж. 9 қаз.
Нехемия 9:17 · Петірдің 2-хаты 3:9
2006 ж. 8 қаз.
Еврейлерге хат 13:6 · Римдіктерге хат 8:35
2006 ж. 7 қаз.
Забур жырлары 25:9 · Матай 5:5
2006 ж. 6 қаз.
Аян 19:6 · Әйүп 42:2



