2006 ж. 10 қаз.
Күнделікті нұр, 11 қазан: Енді алыстай көрме менен Өзің
Күнделікті нұр
Енді алыстай көрме менен Өзің. Себебі азап-бейнет қалды таяп.
Забур жырлары 21:12
Уа, Жаратқан, қашанғы Сен мені ұмытпақсың? Мәңгілік пе бет-жүзіңді менен жасырмағың? Қашанғы көңілім уайымға тола бермек, Жүрегім күн сайын қасіретке кенелмек?
Забур жырлары 12:2–3
Бет-жүзіңді жасыра көрме менен, Ашумен бас тартпа мендей пендеңнен. Қорғап-қолдаушым болып келесің Сен, Жалғыз қалдырып безіп кетпе менен, Уа, Құдайым, Құтқарушымсың Сен.
Забур жырлары 26:9
Ол Маған сиынғанда құлақ саламын, Азап шеккен кезінде оған жар боламын, Аман-есен сақтап, құрметке бөлеймін.
Забур жырлары 90:15
Иеміз Өзіне сиынғандардың жанында, Ол шынайы шақырғандардың қасында, Өзін қастерлейтіннің тілегін орындайды, Жалынышын естіп, оны аман сақтайды.
Забур жырлары 144:18–19
Мен сендерді жетімсіретпей, өздеріңе қайтып келемін.
Жохан 14:18
Мен бұл дүниенің ақыр соңына дейін әр күні өздеріңмен бірге болып, сендерге жар боламын!» (Аумин).
Матай 28:20
Құдай — біздің панамыз да күшіміз, Қиын кезде сенімді көмекшіміз.
Забур жырлары 45:2
Жаным тыным табады жалғыз Құдайдан, Құтқарылуым келеді тек қана Одан.
Забур жырлары 61:2
Жан дүнием, тыным тап жалғыз Құдайдан, Үміт келеді маған тек қана Одан.
Забур жырлары 61:6
Сенің киелі есімің қастерлене берсін.
Матай 6:9
Жаратқан Иеден, басқа ешбір тәңірге құлшылық етпеңдер! Себебі бір атағым «Қызғаныш». Өзімді шын көңілмен сүйіп, түгелдей бағышталуларыңды талап еткен Құдаймын.
Мысырдан шығу 34:14
Уа, Жаратқан Ие, қай «тәңір» Саған тең келер еді? Ешкім жоқ Сендей салтанатты да қасиетті, Даңқты ұлылығымен айбынды да қастерлі, Керемет істер жасайтын сондай құдіретті!
Мысырдан шығу 15:11
Мәңгі бар және болашақта келетін Құдай Ие қасиетті.
Аян 4:8
Қасиетті салтанатына бөленіңдер, Жаратқан Иеге бағынып бас иіңдер!
Шежірелер 1-ж. 16:29
Заңғар биік тағында отырған Тәңір Иенің аянын көрдім. Оның салтанатты шапанының етегі киелі үйдің ішін алып жатты. Тәңір Иені айналдыра оттай жалындаған періштелер қызмет етіп тұрды ... Жалындаған періштелер бір-біріне дауыстап: «Әлемнің Иесі киелі, қасиетті, қастерлі! Бүкіл дүние Оның салтанатты ұлылығына кенелген!» — десіп тұрды. Сонда мен дауыстап: Қасіретке қалдым-ау, енді құритын болдым!
Ишая 6:1–3, 5
Сен туралы бұрын өзгелерден естігенмін, ал енді Сені өз көкірек көзіммен көріп тұрмын. Сондықтан бұрынғы айтқандарыма өкініп, қатты қайғырып күл-топырақта отырмын.
Әйүп 42:5–6
Онда өзара байланыста боламыз және Оның рухани Ұлы Исаның төгілген қаны бізді барлық күнәларымыздан тазартады.
Жоханның 1-хаты 1:7
Осылайша Өзінің қасиетті болғанындай бізді де қасиетті етуді көздейді.
Еврейлерге хат 12:10
Сонымен, бауырластар, Исаның өз қанын төккенінің арқасында енді нық сеніммен ең қасиетті орынға кіре аламыз. Сондықтан да адал жүрекпен, нық сеніммен Құдай алдына барып, Оған сиынайық.
Еврейлерге хат 10:19, 22
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2006 ж. 9 қаз.
Нехемия 9:17 · Петірдің 2-хаты 3:9
2006 ж. 8 қаз.
Еврейлерге хат 13:6 · Римдіктерге хат 8:35
2006 ж. 7 қаз.
Забур жырлары 25:9 · Матай 5:5
2006 ж. 6 қаз.
Аян 19:6 · Әйүп 42:2
2006 ж. 5 қаз.
Забур жырлары 50:15 · Забур жырлары 42:11
2006 ж. 4 қаз.
Мысырдан шығу 34:29 · Забур жырлары 115:1





