2009 ж. 3 сәу.
Күнделікті нұр
Қорықпа! Мен Алғашқымын да Соңғымын.
Аян 1:17
Сендер ата-бабаларымыз іспетті көріп-естуге болатын мынадай жайтты бастарыңнан өткізбедіңдер: олар от болып лаулап жанып жатқан Синай тауына жақындады. Айнала қара түнек болып, сұрапыл дауыл соғып, Ал сендер рухани Сион тауына ... Барлық адамдарға үкім шығаратын Құдайдың алдына, әрі өткен кезеңдерде сенімдері арқылы ақталып, мақсаттарына жеткендерге және Жаңа Келісімнің негізін салған Исаға да келдіңдер.
Еврейлерге хат 12:18, 22–24
Бар назарымызды Исаға аударайық! Бастапқыда сенім жолын салған Ол бізді сеніміміз арқылы Құдай белгілеген мақсатымызға жеткізеді де.
Еврейлерге хат 12:2
Ол бізге жаны ашымайтын, осал жақтарымызды түсінбейтін діни қызметкер емес, қайта, өзіміз сияқты әр түрлі сынақтан өтіп көрді, бірақ ешқашан күнә жасаған жоқ. Ендеше рақымы мол Құдайдың тағына нық сеніммен жақындап, өтініштерімізді білдірейік. Осылай көмекке мұқтаж кездерімізде Оның мейірімділігі мен рақымына ие боламыз.
Еврейлерге хат 4:15–16
Жаратқан Ие — Исраилдің Патшасы мен азат еткен Қамқоршысы әрі Әлемнің Иесі мынаны айтады: «Алғашқы да, Соңғы да Менмін, Менен өзге құдай жоқ!
Ишая 44:6
Тыныштықты сыйлайтын Әмірші Деп те аталатын болады.
Ишая 9:6
Уа, Жаратқан Ие, Сен мәңгі тірі, киелі Құдайым емессің бе? Бізді өлімге қимағаның ғой?
Аббақұқ 1:12
Жаратқан Иеден басқа кім Құдай екен? Құдайымыздан басқа кім қорғайтын құз екен?
Патшалықтар 2-ж. 22:32
Шыға алмас шыңға мені шығаршы Сен.
Забур жырлары 60:3
Еш нәрсені уайымдамай, барлық жағдайда өтініштеріңді Құдайға сиынып тілекпен және шүкірлікпен білдіріңдер! Сонда Құдайдың адам ақылынан асқан керемет тыныштығы сендердің жүректерің мен ой-саналарыңды Мәсіх Исада сақтайды.
Філіпілікт. хат 4:6–7
Рухым қажығанда Сен білесің жолымды.
Забур жырлары 141:3
Құдай жүретін жолымды жақсы біледі. Ол мені сынап тексергенде, алтын сияқты таза болып шыға келемін.
Әйүп 23:10
Уа, Ием, атам заманнан бері Өзің Баспанамыз біздің болып келесің.
Забур жырлары 89:2
Ал жарлылар Өзіңнен баспана табады, Апатта мұқтаждар қасыңда қорғанады, Оларға қорғаныш боласың дауылдан Әрі ыңғайлы көлеңке боп ыстықтан.
Ишая 25:4
Құдайымыздан басқа кім қорғайтын құз екен?
Забур жырлары 17:32
Олар ешқашан жойылмайды, ешкім оларды Менің қолымнан тартып та алмайды.
Жохан 10:28
Тірі қалуым үшін мені қолдасаңшы, Берген уәдең бойынша нығайтсаңшы, Үмітім Өзіңде: ұятқа қалдырмасаңшы.
Забур жырлары 118:116
Бұл үмітіміз — берік зәкір сияқты жанымыздың сенімді сүйеніші; ол көктегі киелі үйдің ішіндегі «шымылдықтың арт жағында» Құдайдың Өзімен бекітілген.
Еврейлерге хат 6:19
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2009 ж. 3 сәу.
2009 ж. 2 сәу.
2009 ж. 1 сәу.
2009 ж. 31 нау.
2009 ж. 30 нау.
2009 ж. 29 нау.
2009 ж. 28 нау.

Христология
Біздің тамаша Киелі кітабымыздағы соңғы кітап былай басталады: «Иса Мәсіхтің аяны, оны Құдай Өзінің…

Иса Мәсіх
«Кемелдендіру» сөзінің Еврейлерге хатында 12 рет қалай кездесетінін зерттеңіз, бұл Құдайдың Мәсіхтің діни…

Сенім
Нақұм кітабы – сот кітабы. 1-тарауда біз Құдайдың кек қайтарушы Құдай ретіндегі мінезін көреміз. Ол Өз…

Мәңгілік қауіпсіздік
Иса Мәсіхке сенушілер үшін мәңгілік қауіпсіздіктің киелі жазбалық кепілдігін ашыңыз. Құтқарылуды алғаннан…

Шәкірттік
Христиандық жарысты шыдамдылықпен жүгіру үшін әрбір ауыртпалық пен күнәні тастаңыз. Дүниелік жетістіктер мен…

Иса Мәсіх
Исаның Киелі жазбадан қаншалықты жиі дәйексөз келтіргенін және оның қызметіне терең әсерін біліңіз. Құдай…