2009 ж. 27 нау.
Күнделікті нұр
Сонымен қайратты да батыл болыңыз!
Ешуа 1:18
(Дәуіттің жыры.) Жаратқан — нұрым менің, құтқарушым да, Кімнен мен қорқамын солай болғанда? Жаратқан — өмірімнің берік қорғаны да, Кімнен үрейленемін солай болғанда?
Забур жырлары 26:1
Қалжырағанға Ол қуат сыйлайды, Қажып, шаршағанға күш табыстайды. Жасөспірімдер әлсіреп шаршайды, Тіпті жігіттер де сүрініп құлайды, Ал сенім артқандар Жаратқан Иеге Жаңа күш-қуатты иемденеді де, Қырандай қанаттарын жайып кеңістікке Самғай жөнеледі, алайда талмайды, Жүре береді, бірақ еш болдырмайды.
Ишая 40:29–31
Тәнім әлсіреп, жаным шаршағанмен, Уа, Құдай, мәңгілік жар боласың Сен, Жүрегімнің берік тірегі бола бересің.
Забур жырлары 72:26
Бізге кім қарсы шыға алады?!
Римдіктерге хат 8:31
Ием маған жар, қорықпаймын ешбір жайттан, Не істей алады адам баласы маған?
Забур жырлары 117:6
Сенімен жауларымызды соққылаймыз, Сенің атыңнан дұшпанды таптаймыз.
Забур жырлары 43:6
Ал осының бәрінде біз өзімізді шексіз сүйетін Иеміздің арқасында ұлы жеңіске жетеміз.
Римдіктерге хат 8:37
Әрекет ете бер, Жаратқан Ие саған жар бола көрсін!
Шежірелер 1-ж. 22:16
Досымыз Елазар ұйықтап жатыр.
Жохан 11:11
Қымбатты бауырластар, үміті үзілген басқалар сияқты қайғырмауларың үшін сендерді бұ дүниеден қайтқан сенушілердің жағдайы туралы хабарсыз қалдырмаймыз. Исаның өліп, қайта тірілгендігіне кәміл сенеміз ғой. Сондықтан Оған сеніп бұ дүниеден кеткендердің Исамен бірге болулары үшін Құдайдың оларды қайта тірілтетініне де сенейік.
Салониқал. 1-хат 4:13–14
Ешқандай қайта тірілу болмағанда Мәсіх те қайта тірілмес еді ғой. Ал егер Мәсіх тірілмеген болса, сенімдеріңнен еш пайда болмай, күнәларың әлі де мойындарыңда қала берер еді. Сондай-ақ, Мәсіхке сеніп қайтыс болғандар тозаққа түсер еді. Алайда өлгендердің алғашқысы ретінде Мәсіх өлімнен біржола қайта тірілді!
Қорынттықт. 1-хат 15:16–18, 20
Бүкіл халық Иордан өзенінің арғы бетіне өтіп болғаннан кейін, Жаратқан Ие Ешуаға тіл қатып былай деді: Оларға мынадай бұйрық беріңдер: Діни қызметкерлердің Иорданның ортасында қозғалмай тұрған жерінен он екі тас алыңдар. ... Сондықтан осы тастар Исраил халқы үшін мәңгілік ескерткіш болады» деп жауап беріңдер.
Ешуа 4:1, 3, 7
Осы Исаны Құдай қайта тірілтіп алды, біз бәріміз соған куәміз!
Елшіл. істері 2:32
Бүкіл халыққа емес, Өзі куә болуға алдын ала таңдап алған біздерге көрсетті. Иса өлімнен қайта тірілгеннен кейін біз Онымен дастарқандас болып бірге ішіп-жедік.
Елшіл. істері 10:41
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2009 ж. 27 нау.
2009 ж. 26 нау.
2009 ж. 25 нау.
2009 ж. 24 нау.
2009 ж. 23 нау.
2009 ж. 22 нау.
2009 ж. 21 нау.

Сенім
Мәсіхтің көп қырлы сүйіспеншілігін зерттеңіз: Оның жеке сүйіспеншілігі, табанды қамқорлығы және мәжбүрлеуші…

Болашақ
Апостол Пауылдың 2 Қорынттықтарға 5-тараудағы өлім, қайта тірілу және имандының даңқтағы болашағы туралы…

Жаңа жаратылыс
Құдайдың Киелі жазбада Нұхтан Исаның өзгерістеріне дейін қалай жаңа бастамалар ұсынатынын біліңіз. Оның…

Суицид
Суицид, мәңгілік қауіпсіздік және сенушінің Мәсіхтегі тағдыры туралы Киелі кітаптағы көзқарасты, тіпті терең…

Пайғамбарлық
Самуил тек пайғамбар ғана емес, сонымен қатар соңғы би болды. Ол діни қызметкер де болды: «Самуил Иеміздің…

Иса Мәсіх
Ібіліс өзінің бұл зұлым амбициясынан бас тартқан да, өкінбеген де. Ол Құдайға қарамастан адамзат арасында…