2009 ж. 13 мау.
Күнделікті нұр
Өмірімізде Мәсіхтің жолындағы азаптарымыздың молая түскеніндей, Ол арқылы көретін жұбанышымыз да ағыл-тегіл мол болады.
Қорынттықт. 2-хат 1:5
Мәсіхтің азаптарына ортақтасып, Оның өз жанын мен үшін өлімге қиғанындай.
Філіпілікт. хат 3:10
Неғұрлым көбірек Мәсіх секілді азап шексеңдер, соғұрлым көбірек қуаныңдар. Сонда Мәсіх салтанатты ұлылықпен қайта оралып, ашық көрінген кезде де шаттанып қуанатын боласыңдар.
Петірдің 1-хаты 4:13
Егер Мәсіхпен бірге өлген болсақ, Онымен бірге өмір сүретін де боламыз.
Тімотеге 2-хат 2:11
Рухани баласы болғандықтан, Оның бізге дайындап қойған мәңгілік игіліктеріне де ие боламыз: Құдай Мәсіхке сыйлағандары іспетті игіліктерді бізге де сыйламақ. Егер Мәсіхтің жолында жүріп, азабына ортақ болсақ, Оның салтанатты ұлылығына да ортақ болып, сол игіліктерді қабылдаймыз.
Римдіктерге хат 8:17
Сондықтан Құдай да Өзінің уәдесін иемденетіндерге алға қойған мақсатының мызғымас екенін өте айқын көрсеткісі келгенде, айтқандарын антпен бекітті. Осылайша біз бұл екі мызғымас негізге (Құдайдың уәдесі мен антына) сүйеніп, олардан зор күш-жігер аламыз. Себебі Құдайдың өтірік айтуы еш мүмкін емес қой. Бізге ұсынылған осы үміттен күдер үзбей, Одан пана таптық.
Еврейлерге хат 6:17–18
Лайым бізді сүйетін, әрі рақымын төгіп, мәңгілік жұбаныш пен үзілмес үміт берген Иеміз Иса Мәсіх пен Құдай Әкеміз жүректеріңді жігерлендіріп, сендерге іс жүзінде де, сөз жүзінде де ізгілік жасауға күш бергей.
Салониқал. 2-хат 2:16–17
Марта-ай, сен көп нәрсенің қамын ойлап, уайымдайсың.
Лұқа 10:41
Қарғаларға назар салыңдаршы: олар егін екпейді де, оны ормайды да ... Қызғалдақтардың қалай өсіп тұрғанына көңіл бөліңдерші: олар еңбек те етпейді, жіп те иірмейді. ... Сондықтан не ішіп-жейміз деп ойлап уайымға салынбаңдар! ... Ал бұлардың сендерге қажет екенін көктегі Әкелерің біледі ғой.
Лұқа 12:24, 27, 29–30
Сондықтан ішер ас пен киер киім болса, соған қанағат етейік. Ал баюға ұмтылғандар азғыруға ұшырап, өздерін апатқа, құрып кетуге апаратын көптеген ақымақ та зиянды құмарлықтардың торына түседі. Өйткені ақшақұмарлық — әр түрлі жамандықтың түп-тамыры. Кейбіреулер осыған бола сенімдерінен адасып, өздерін көптеген қайғы-қасірет пен өкінішке душар етті.
Тімотеге 1-хат 6:8–10
Алайда бұ дүниелік тұрмыс қамын ойлап абыржып, байлыққа алданады. Өзге нәрселерге деген құмарлықтар да бойларына сіңеді. Сондықтан Ізгі хабар оларда ескерусіз қалып тұншығып, өнім бермейді.
Марқа 4:19
Сондықтан да бізге бөгет болатынның барлығынан, әсіресе, тез шырмап алатын әрбір күнәдан арылып, алдымыздағы «жарысты» қажырлылықпен аяқтайық!
Еврейлерге хат 12:1
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2009 ж. 13 мау.
2009 ж. 12 мау.
2009 ж. 11 мау.
2009 ж. 10 мау.
2009 ж. 9 мау.
2009 ж. 8 мау.
2009 ж. 7 мау.

Шәкірттік
Христиандық жарысты шыдамдылықпен жүгіру үшін әрбір ауыртпалық пен күнәні тастаңыз. Дүниелік жетістіктер мен…

Христиан өмірі
Ауыртпалықтар мен күнәні тастап, сенімнің бастаушысы және аяқтаушысы Исаға нық қарап, христиандық жарысты…

Иса Мәсіх
«Кемелдендіру» сөзінің Еврейлерге хатында 12 рет қалай кездесетінін зерттеңіз, бұл Құдайдың Мәсіхтің діни…

Сенім
Нақұм кітабы – сот кітабы. 1-тарауда біз Құдайдың кек қайтарушы Құдай ретіндегі мінезін көреміз. Ол Өз…

Мәңгілік қауіпсіздік
Иса Мәсіхке сенушілер үшін мәңгілік қауіпсіздіктің киелі жазбалық кепілдігін ашыңыз. Құтқарылуды алғаннан…

Пайғамбарлық
Самуил тек пайғамбар ғана емес, сонымен қатар соңғы би болды. Ол діни қызметкер де болды: «Самуил Иеміздің…