2009 ж. 7 мау.
Күнделікті нұр
Қожайыны Жаратқан Иенің Жүсіпке жар болып, оның қолы тиген заттың бәрінің орайын келтіріп отырғанына көз жеткізіп.
Жаратылыстың баст. 39:3
(Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын жыр.) Жаратқан Иені қастерлейтін, Оның жолдарымен жүретін Әрбір адам қандай бақытты! Еткен еңбегіңнің өнімін жейсің, Құдай сені жарылқап, өркендейсің.
Забур жырлары 127:1–2
Жаратушыға сеніп жақсылық жаса, Еліңде тұрып адалдықты сақта, Жаратқан Иеңнен тап рақатыңды, Ол сыйлайды ізгі жүрек қалауыңды.
Забур жырлары 36:3–4
Еш нәрседен абыржып, қорқушы болма! Қайда барсаң да, Құдайың Жаратқан Ие сенімен бірге жүріп жар болады.
Ешуа 1:9
Ең бастысы, Құдайдың Патшалығының қамын ойлап, Құдайдың әділ еркін орындауға ұмтылыңдар! Сонда көктегі Әкелерің сендерге бұлардың бәрін қосып береді.
Матай 6:33
Оның еркіне мойынсұнып жүрді. Содан Құдай оны жарылқап, зор табысқа жеткізді.
Шежірелер 2-ж. 26:5
Сондай-ақ абай болып, Құдай Иемізді естеріңнен шығарып, бүгін мен сендерге жеткізіп отырған Оның өсиеттерін, ережелерін және шешімдерін орындамаудан сақтаныңдар! Әйтпесе: «Осы дүние-байлықты өз күшім мен еңбегімнің арқасында қол жеткіздім» деп жүрулерің мүмкін.
Заңды қайталау 8:11, 17
Былай деді: — Құдайларың Жаратқан Ие сендерге жар болып жан-жақтан тыныштық сыйлады емес пе?
Шежірелер 1-ж. 22:18
Неге солай ойлайсыздар?
Марқа 2:8
Жасы жүзге келіп қалған Ыбырайым өз денесінде ешқандай күш қалмағанын, әйелі Сараның да құрсағына бала бітпейтінін жақсы білгенімен, уайымдап сенімін әлсіретпеді. Қайта, Ыбырайым Құдайдың уәдесіне күмәнданбай, Оған деген сенімінен қуат алды.
Римдіктерге хат 4:19–20
Сал адамға қайсысын айту оңайырақ: «Сенің күнәларың кешірілді!» деу ме, әлде: «Орныңнан тұрып, төсенішіңді жинап алып, жүре бер!» деу ме?
Марқа 2:9
Қолыңыздан келсе деген не сөз? Сенушіге бәрі де мүмкін, — деп жауап берді.
Марқа 9:23
Маған көк пен жердің бүкіл билігі берілген!
Матай 28:18
Неліктен соншама қорқасыңдар? Әлі де сенімдерің жоқ па? — деді.
Марқа 4:40
Әуеде ұшқан құстарға назар салыңдаршы ... бірақ көктегі Әкелерің оларды асырайды. Ал сендер құстардан әлдеқайда артық емессіңдер ме?!
Матай 6:26
Неге сендер нанымыз жоқ деп пікірлесіп отырсыңдар? Жасағандарымды әлі де не түсінбей, не ескермей келесіңдер ме? Бес күлше нан бес мың адамға жетіп, қалдықтардан неше себет жинап едіңдер?
Матай 16:8–9
Ал Иса Мәсіхпен жүрген сендердің барлық қажеттеріңді де менің Құдайым Өзінің керемет байлығы бойынша қамтамасыз ететін болады.
Філіпілікт. хат 4:19
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2009 ж. 7 мау.
2009 ж. 6 мау.
2009 ж. 5 мау.
2009 ж. 4 мау.
2009 ж. 3 мау.
2009 ж. 2 мау.
2009 ж. 1 мау.

Құдай Патшалығы
Бұл оқиға Құдай Патшалығына қатысты біздің тақырыбымыздың кішкентай мысалы болып табылады. Бұл Ескі Өсиет…
Майлау
Сұрақ: Иманды адамның майлау майын қолданудағы ұстанымы қандай? Сұрақ Жақып 5:14-15 (ЖАҚС) тармақтарындағы…

Құдай Патшалығы
Киелі кітапта «Құдай Патшалығы» деген тіркес билікпен және басқарумен байланыстырылады. Біріншісі Құдайдың…

Дұға
Екі адам басқалардан өздері үшін дұға етуін сұрады. Біріншісі достарынан оның ауруынан айығуы үшін дұға етуін…

Кішіпейілділік
Бата сенушіні Құдаймен Өзінің бірі ретінде байланыстырады. Бір мағынада, Құдай – нағыз Бейбітшілік Орнатушы…

Жақып
Киелі кітаптың бірінші кітабы – Жаратылыстың жартысы Жақыппен байланысты. Нұхтың топан суынан бірнеше ғасыр…