2010 ж. 13 қаң.
Күнделікті нұр
Себебі Әкем Менен ұлы.
Жохан 14:28
Сендер Құдайға сиынғанда мына іспетті мінажат етіңдер: Көктегі Әкеміз!
Лұқа 11:2
Яғни сендердің де Құдайларыңа, көтеріліп кететінімді айт! — деп тапсырды.
Жохан 20:17
Ал енді тұрыңдар, бұл жерден кетейік!
Жохан 14:31
Сендерге айтып жүрген сөздерім Өзімдікі емес, Әкемдікі. Сол сияқты Менімен тығыз байланыстағы Әкем Өзінің істерін де Мен арқылы істеп жатыр.
Жохан 14:10
Әкесі Ұлын сүйіп, Оның қолына бар билікті тапсырған.
Жохан 3:35
Себебі Сен Маған берген адамдарыңның бәріне мәңгілік өмір сыйлауым үшін күллі адамзаттың билігін Менің қолыма тапсырдың.
Жохан 17:2
Бізге Әкені көрсетіңіз, бізге сол да жеткілікті, — деп өтінді. Иса былай деп жауап берді: — Мен көптен бері қастарыңдамын, сонда да Мені шынымен білген жоқсың ба, Філіп? Кім Мені көрсе, соның Әкені де көргені. Бізге Әкені көрсетіңіз деп неге айтасың? Менің Әкеммен, Әкемнің Менімен тығыз байланыста екенімізге сенбейсің бе?
Жохан 14:8–10
Әкем Екеуіміз біртұтаспыз.
Жохан 10:30
Әкем Мені қалай сүйсе, Мен де сендерді солай сүйемін. Сүйіспеншілігімді қабылдай беріңдер! Менің Әкемнің өсиеттерін орындап, сүйіспеншілігін қабылдап жүргенімдей, сендер де Менің өсиеттерімді орындасаңдар, сүйіспеншілігімді қабылдап жүресіңдер.
Жохан 15:9–10
Сенің ұрпағың мен оның ұрпағын өзара өштестіріп қоямын. Әйелдің ұрпағы басыңды мыжып, ал сен оның өкшесін шағатын боласың», — деді.
Жаратылыстың баст. 3:15
Себебі Қызметшімнің ұсқынының бұзылғаны сонша, тіпті адам сияқты көрінбеді. Оның түр-тұрпаты адам баласына ұқсамай қалды.
Ишая 52:14
Алайда Құдайдың Қызметшісі біздің күнәларымыз үшін түйреліп, біздің әділетсіз істеріміз үшін құртылды. Оның тартқан жазасы бізге амандық пен тыныштық әкелді. Оның жараларының арқасында біз (рухани дертімізден) сауықтық.
Ишая 53:5
Қара түнектің күші билігін жүргізіп тұр», — деді.
Лұқа 22:53
Көктен берілмесе, Маған билігіңіз жүрмес еді. Сондықтан Мені ұстап бергеннің күнәсі сіздікінен де үлкен.
Жохан 19:11
Бірақ Құдайдың рухани Ұлы шайтанның ісін жою үшін бұ дүниеге келді.
Жоханның 1-хаты 3:8
Көптеген жындарды қуып шығарды. Өзінің Мәсіх екенін жындар білгендіктен, Иса оларды сөйлетпей тастады.
Марқа 1:34
Маған көк пен жердің бүкіл билігі берілген!
Матай 28:18
Олар Менің атыммен жындарды қуып шығарып, жаңа тілдерде сөйлейді.
Марқа 16:17
Тыныштық сыйлайтын Құдай жуық арада әзәзіл шайтанды аяқтарыңа жығып бермек.
Римдіктерге хат 16:20
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2010 ж. 13 қаң.
2010 ж. 12 қаң.
2010 ж. 11 қаң.
2010 ж. 10 қаң.
2010 ж. 9 қаң.
2010 ж. 8 қаң.
2010 ж. 7 қаң.

Магдалалық Мәриям
Мәриям Магдалинаның шынайы тарихын ашыңыз, жалпы мифтерді жоққа шығарыңыз және оның Исаның тірілуінің алғашқы…

Мәңгілік қауіпсіздік
Иса Мәсіхке сенушілер үшін мәңгілік қауіпсіздіктің киелі жазбалық кепілдігін ашыңыз. Құтқарылуды алғаннан…

Пайғамбарлық
Самуил тек пайғамбар ғана емес, сонымен қатар соңғы би болды. Ол діни қызметкер де болды: «Самуил Иеміздің…

Жаратылыш
Құдай аспан мен жерді жаратты, және Құдай: «Сулардың ортасында кеңістік болсын» деді (1:20-тармақ) Құдай…

Отбасы
Дұға, киелі кітаптық оқыту және сүйіспеншілік билігі арқылы Мәсіхке негізделген отбасын қалай құруға…

Иса Мәсіх
Исаның Киелі жазбадан қаншалықты жиі дәйексөз келтіргенін және оның қызметіне терең әсерін біліңіз. Құдай…