2010 ж. 15 мау.
Күнделікті нұр
Сонымен парасатсыз емес, ақыл-парасатпен өмір сүруге ерекше ден қойыңдар: жақсылық жасауға әр мүмкіндікті пайдаланыңдар, себебі қазіргі күндер зұлымдыққа толы.
Ефестікт. хат 5:15–16
Алайда Мұсаның берген өсиеттері мен Таурат заңын өте мұқият орындаңдар ... Оның айтқан жолымен жүріп, бұйрықтарына бағыныңдар, әрі Онымен тығыз байланыста тұрып Оған шын жүректен, бүкіл жан-дүниелеріңмен қызмет етіңдер!
Ешуа 22:5
Қауымнан тыс адамдармен парасатты қарым-қатынас жасап, тиімді сәттерді пайдаланыңдар! Сөйлескенде ұдайы ниеттерің игі, сөздерің дәмді болсын, әрқайсысына қалай жауап беру керек екенін біліңдер.
Қолостықт. хат 4:5–6
Жамандықтың қай түрінен де аулақ жүріңдер!
Салониқал. 1-хат 5:22
Күйеу жігіт ұзақ кешіккендіктен, барлығы қалғып, ұйықтап қалады. Бірақ түн ортасында: «Күйеу жігіт келіп қалды! Қарсы алуға шығыңдар!» — деген дауыс естіледі. Сондықтан сергек болыңдар! Себебі сендер Мен Билеуші ретінде көктен келетін күнді де, сәтті де білмейсіңдер.
Матай 25:5–6, 13
Құдайдың өздеріңді меншікті халқы болуға шақырып, таңдап алғандығын өмірлеріңмен нық бекітуге ынтамен ұмтылыңдар! Егер солай істесеңдер, ешқашан да тура жолдан тайып кетпейтін боласыңдар.
Петірдің 2-хаты 1:10
Қожайыны келгенде олардың күзетіп ояу отырғанын көрсе, қызметшілері бақытты!
Лұқа 12:37
Жеңісіңнің тәжін» сенен ешкім тартып алмау үшін, өзіңде бар рухани игіліктерді берік ұста!
Аян 3:11
Тек Оның шапанына қолымды тигізсем болғаны, сонда сауығып кетер едім», — деген болатын.
Матай 9:21
Егер қаласаңыз, мені құлантаза сауықтыра аласыз, — деп өтінді. ... құлантаза сауығып кет! — деді.
Матай 8:2–3
Тіпті тарының түйіріндей ғана сенімдерің болса.
Матай 17:20
Ендеше жігер берген нық сенімдеріңнен күдер үзбеңдер! Сол үшін берілетін зор сый алдарыңда күтіп тұр.
Еврейлерге хат 10:35
Соны толығымен жүзеге асыруға ұмтылыңдар, әрі Құдайды терең қастерлеп, Оған ұнамайтын нәрселерден қатты жиіркеніңдер! Себебі Өзіне ұнайтын істерді қалап, жүзеге асыруларыңа түрткі болушы — Құдай.
Філіпілікт. хат 2:12–13
Содан кейін масағын шығарып, соңынан масақтағы дәндерді өсіріп толыстырады.
Марқа 4:28
Ендеше Жаратқан Иені мойындап, Оны жақыннан танып білуге жан сала ұмтылайық!
Ошия 6:3
Шомылдыру рәсімін орындаған уақытынан бері қазірге дейін Құдайдың Патшалығы күшпен алға басып, күш салғандар оны иемденуде.
Матай 11:12
Сендер де «жүлдеге» ие болатындай Мәсіхтің жолымен «жүгіріңдер»!
Қорынттықт. 1-хат 9:24
Мен «ізгі күреске» қатысып болдым, «жарыста жүгіріп, мәреге жеттім», сенімімді сақтап қалдым. Енді мені «жеңімпаздың жүлдесі» — «әділдіктің тәжі» күтіп тұр, оны маған сол күні әділ Төреші — Иеміз бермек. Ол тек маған ғана емес, Оның қайта оралып.
Тімотеге 2-хат 4:7–8
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2010 ж. 15 мау.
2010 ж. 14 мау.
2010 ж. 13 мау.
2010 ж. 12 мау.
2010 ж. 11 мау.
2010 ж. 10 мау.
2010 ж. 9 мау.

Құдайдың соты
Еремияның өмірін зерттеңіз, ол зор қарсылық пен азапқа қарамастан, Құдай Сөзімен нығайтылып, даңқты түрде…

Иса Мәсіх
Мәсіхтің сенімді қатысуы өмірдің хаосының ортасында, тіпті Ол жоқ сияқты көрінсе де, қалай тыныштық…

Құдай Патшалығы
Киелі кітапта «Құдай Патшалығы» деген тіркес билікпен және басқарумен байланыстырылады. Біріншісі Құдайдың…

Жаңа жаратылыс
Киелі кітаптағы «жаңа» сөзінің маңыздылығын зерттеңіз, жаратылыстан жаңа келісімге және жаңа аспан мен жерге…

Шәкірттік
Мәсіхтің Матай 11:28-30-дағы қызметке арналған үш қадамдық жоспарын ашыңыз. Қалай тыныштық табуға, Оның…

Иса Мәсіх
Исаның Киелі жазбадан қаншалықты жиі дәйексөз келтіргенін және оның қызметіне терең әсерін біліңіз. Құдай…