2010 ж. 17 мау.
Күнделікті нұр
Мен өзіңе беретін Келісім жайлы айғақтарды сандыққа сал да ... Сол жерден.
Мысырдан шығу 25:21–22
Киелі үйдің алдыңғы бөлімі әлі де бар болып тұрғанда.
Еврейлерге хат 9:8
Иса тағы бір рет қатты дауыстап жіберіп, жан тапсырды. Сол сәтте киелі үйдегі шымылдық кенеттен жоғарыдан төменге дейін қақ айырылып.
Матай 27:50–51
Сонымен, бауырластар, Исаның өз қанын төккенінің арқасында енді нық сеніммен ең қасиетті орынға кіре аламыз. Өйткені Құдай алдына баруымызға бөгет болған «шымылдықты» Иса өз денесін құрбан етуімен қақ айырып, біз үшін мәңгілік өмірге жаңа жол ашты. Сондықтан да адал жүрекпен, нық сеніммен Құдай алдына барып, Оған сиынайық. (Мәсіхтің төгілген қаны) жүректерімізге «бүркіліп», ар-ұжданымыз күнә атаулыдан арылған әрі денеміз таза сумен жуылған болсын.
Еврейлерге хат 10:19–20, 22
Ендеше рақымы мол Құдайдың тағына нық сеніммен жақындап, өтініштерімізді білдірейік. Осылай көмекке мұқтаж кездерімізде Оның мейірімділігі мен рақымына ие боламыз.
Еврейлерге хат 4:16
Құтқарғанының арқасында тегін ақтала алады. Құдай Мәсіхті күнәлардың құнын өтеуші құрбандық етіп көрсетті: Соның қаны төгіліп құрбан болғандығына сенгендерді Құдай кешіреді. Құдайдың әділдігі осы арқылы айқын көрінеді. Себебі Ол бұрыннан бері шыдамдылық көрсетіп, адамдарға күнәларына лайықты жазаларын дереу тартқызбай жүрген еді.
Римдіктерге хат 3:24–25
Екі жағымызға да Мәсіх арқылы бір Киелі Рухтың арқасында Құдай Әкеге сиынуға жол ашылды.
Ефестікт. хат 2:18
Тіпті тарының түйіріндей ғана сенімдерің болса.
Матай 17:20
Алайда Барақ оған: — Егер сіз менімен бірге баратын болсаңыз, барамын, ал бармасаңыз, мен де бармаймын, — деп жауап қайтарды. Осылай Құдай сол күні Қанахан патшасы Ябинді исраилдіктерге бой ұсындырды.
Билер 4:8, 23
Бірақ ол әкесінің үй ішінен және қала халқынан қорқып, мұны күндіз емес, түнде істеді. Мұнан кейін Гедеон Құдайға сиынып былай деді: «Уа, Құдай! Егер Сен шынымен Өзің уәде еткендей, Исраил халқын мен арқылы құтқаратын болсаң, оны былай көрсете гөр: ... тағы бір өтінішімді айтайын ... Құдай сол түні дәл осылай істеді.
Билер 6:27, 36, 39–40
Өзіңдегі күш азырақ болғанымен, сен айтқандарымды сақтап, Менен танбадың.
Аян 3:8
Ұсақ-түйек істер істеліп үлгерілген күнді кім менсінбейді?
Зәкәрия 4:10
Қымбатты бауырластар, Құдайға сендер үшін әрдайым шүкірлік етуге тиіспіз. Бұл, әрине, дұрыс.
Салониқал. 2-хат 1:3
Сенімімізді арттыра көріңіз, — деп өтінді.
Лұқа 17:5
Мен Исраилді жерге түскен шықтай сергітетін боламын. Сонда Исраил лалагүлдей жайнайды, әрі Ливан тауындағы самырсын ағаштарындай тамырларын тереңге жібереді. Исраилдің жас өркендері кең жайылып өседі. Ол зәйтүн ағашындай көрікті, ал хош иісі Ливан самырсынының жұпарындай болады.
Ошия 14:6–7
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2010 ж. 17 мау.
2010 ж. 16 мау.
2010 ж. 15 мау.
2010 ж. 14 мау.
2010 ж. 13 мау.
2010 ж. 12 мау.
2010 ж. 11 мау.
Мейірім
Ескі Өсиетте Құдай бір ұлтты, Исраилді таңдап, олармен ерекше қарым-қатынаста болды. Бірақ, Жаңа Өсиеттегі…

Жұбаныш
Қазіргі қиындықтардың ортасында христиандар Құдайдың мызғымас қамқорлығынан және Оның жақын арада қайтып…

Құдайдың соты
Еремияның өмірін зерттеңіз, ол зор қарсылық пен азапқа қарамастан, Құдай Сөзімен нығайтылып, даңқты түрде…

Құдайға сүйену
«Тәуелсіздік» және «тәуелділік» әр түрлі мағыналарға ие болуы немесе бізде белгілі бір әсер қалдыруы мүмкін…

Иса Мәсіх
Исаның Киелі жазбадан қаншалықты жиі дәйексөз келтіргенін және оның қызметіне терең әсерін біліңіз. Құдай…

Құдайдың қасиеттері
Құдайдың қасиеттілігінің табиғатын, сенушінің Мәсіхтегі позициялық қасиеттілігін және киелену арқылы іс…