Істеріңе бола жұрттың Ізгі хабарды ғайбаттауына жол бермеңдер!
Римдіктерге хат 14:16
Күнделікті нұр
Істеріңе бола жұрттың Ізгі хабарды ғайбаттауына жол бермеңдер!
Римдіктерге хат 14:16
Жамандықтың қай түрінен де аулақ жүріңдер!
Салониқал. 1-хат 5:22
Иеміз алдында да, адамдар алдында да адал жүруге тырысамыз.
Қорынттықт. 2-хат 8:21
Құдай сендердің игілік істеулерің арқылы ақымақ адамдардың (сенушілер туралы) надан әңгімелерін тойтаруларыңды қалайды.
Петірдің 1-хаты 2:15
Алайда егер қайсыбіреулерің азап шексеңдер, бұл, әрине, кісі өлтіріп, ұрлық не өзге қылмыс жасаудың немесе басқаның шаруасына қол сұғудың зардабы болмауға тиіс!
Петірдің 1-хаты 4:15
Ал мәсіхші болғандарыңа бола жәбірленсеңдер, одан ұялмаңдар, керісінше, Мәсіхтің атымен аталғандарың үшін Құдайды мадақтаңдар.
Петірдің 1-хаты 4:16
Бауырластар, Құдай сендерді еркіндікке шақырды. Бірақ еркіндікті күнәлі құмарлықтарыңды қанағаттандыру үшін теріс пайдаланбаңдар, қайта, бір-біріңе сүйіспеншілікпен қызмет етіңдер!
Ғалаттықт. хат 5:13
Дегенмен байқаңдар, бұл еркіндіктерің сенімі әлсіздерді күнәға азғырмасын!
Қорынттықт. 1-хат 8:9
Ал кім Маған сенетін осы кішкенелердің біреуін азғырып теріс жолға түсірсе, сол адам үшін мойнына диірменнің тасы байланып, теңіздің тұңғиығына батырылғаны жақсырақ болар еді-ау!
Матай 18:6
Патша оларға былай деп жауап береді: — Сендерге шындығын айтамын: Менің мына бауырларымның тіпті ең маңызсыз болып көрінген біреуіне жасаған жақсылықтарың — шын мәнінде Маған жасаған жақсылықтарың!
Матай 25:40
Сондықтан да былай деп айтылады: «Оян, ей, ұйқышыл, Рухани өлімнен тіріл! Мәсіх саған төгеді нұр».
Ефестікт. хат 5:14
Осыны іске асырыңдар, себебі қандай заманда өмір сүріп жатқанымызды білесіңдер: қазір рухани ұйқыдан оянып, сақ болатын уақытымыз келді. Біздің Мәсіхке сене бастаған кезімізден гөрі қазір құтқарылуымыз жақынырақ тұр.
Римдіктерге хат 13:11
басқаларға ұқсап ұйықтап қалмай, сергек те салауатты жүрейік! Себебі ұйықтайтындар түнде ұйықтайды, ішетіндер түнде ішеді. Ал біз күндікі болғандықтан салауатты жүрейік, сеніміміз бен сүйіспеншілігімізді «сауыт қылып», мәңгілік құтқарылуға деген үмітімізді «дулыға етіп киейік!»
Салониқал. 1-хат 5:6–8
«Орныңнан тұр, уа, Иерусалим, сәулеңді шаш! Сен нұрға бөленіп, Жаратқан Иенің нұрлы салтанаты үстіңнен көтеріліп келе жатыр.
Ишая 60:1
Міне, жер бетін қою қараңғылық жайлап, халықтарды қара түнек жауып алды. Бірақ сенің үстіңнен Жаратқан Иенің нұры жарқырап, Оның нұрлы салтанаты көрінеді.
Ишая 60:2
Сонымен, ақыл-ойларыңды іс-әрекетке дайын ұстауға бел буыңдар! Сергек болып, Иса Мәсіх салтанатпен қайтып келгенде көрсететін рақымға толығынан үміт артыңдар!
Петірдің 1-хаты 1:13
Белдерің буулы, шамдарың жағулы болсын!
Лұқа 12:35
Сөйтіп сендер қожасының тойдан қайтуын күтіп тұрған қызметшілерге ұқсаңдар. Олар қожайыны келіп, есік қағысымен дереу ашуға дайын тұрады.
Лұқа 12:36
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2012 ж. 10 жел.
2012 ж. 9 жел.
2012 ж. 8 жел.
2012 ж. 7 жел.
2012 ж. 6 жел.
2012 ж. 5 жел.
2012 ж. 4 жел.

Құдай Патшалығы
Құдай патшалығының әртүрлі аспектілерін, соның ішінде Құдай патшалығын, көк патшалығын және мәңгілік…

Рухани өсу
Рухани тұрғыдан ақыл-ойыңызды нығайту үшін алты библиялық жаттығуды ашыңыз. Иса Мәсіх үшін ойларыңызды…
Құтқарылу
Уақыт таусылып барады. Неліктен Иса Мәсіхке қазір күнәлардан құтқарушы ретінде сену сіз қабылдай алатын ең…

Құдайдың қасиеттері
Құдайдың қасиеттілігінің табиғатын, сенушінің Мәсіхтегі позициялық қасиеттілігін және киелену арқылы іс…

Құдай Патшалығы
Құдай Патшалығының қазіргі және болашақ жағдайын түсініңіз. Мәсіхшілердің қажылар ретінде қалай өмір сүруге…
Рухани өсу
Петірдің соңғы хаты сенушілерге Құдайдың хабарымен ойларын жаңартуға, Оның Сөзіне мойынсұнуға және Оның…