Сондықтан ешкім адамның жетістіктерімен мақтанбасын! Бәрі де сендерге игілік көрсетуге қатысады:
Қорынттықт. 1-хат 3:21
Күнделікті нұр
Сондықтан ешкім адамның жетістіктерімен мақтанбасын! Бәрі де сендерге игілік көрсетуге қатысады:
Қорынттықт. 1-хат 3:21
Ал сендер Мәсіхтің меншігісіңдер және Мәсіх — Құдайдікі.
Қорынттықт. 1-хат 3:23
Себебі біз керемет үмітіміздің іске асуын күтудеміз: ұлы Құдайымыз әрі Құтқарушымыз Иса Мәсіх зор салтанатпен көрінетін болады. Ол бізді бүкіл жамандық атаулыдан азат етіп, тазартып, Өзінің меншікті, игі істерге ынталы халқы ету үшін жанын қиып, құрбан болды.
Титке хат 2:13–14
Құдай бұлардың бәрін Мәсіхке бағындырып, Оны барлығынан да жоғары қойып, сенушілер қауымының Басы етті.
Ефестікт. хат 1:22
Күйеулер, Мәсіх қауымды қалай сүйсе, сендер де әйелдеріңді солай сүйіңдер: Мәсіх қауым үшін жанын қиды!
Ефестікт. хат 5:25
Сонымен қауым күйеуіне апарылған қалыңдықтай салтанатты да сұлу, ешбір дақсыз, ақаусыз, басқа да кемшіліксіз, қасиетті де пәк таза болсын.
Ефестікт. хат 5:27
Сауыт киіп, қалқаныңды қолыңа алшы, Мені қолдап айқасуға дайындалшы.
Забур жырлары 34:2
Жаратқан Иеге қатты қуанам, Құдайыма шаттанады жан дүнием, Мені Ол құтқарып, амандыққа бөледі, Үстіме әділдікті де жауып берді! Күйеу жігіт діни қызметкер іспетті Әшекейлі тәж басына киеді, Қалыңдық асыл тастарын тағады, Дәл солай мен де болдым салтанатты!
Ишая 61:10
Сен Өзің мені тексеріп, ақтай көрші, Ісімнің әділдігіне көз сала көрші.
Забур жырлары 16:2
Ізіңмен Сенің берік жүрді қадамдарым, Ақ жолыңнан тайып кетпеді аяқтарым. Уа, Құдайым, Саған дұға етемін, Себебі Сен маған жауап бересің, Қазір де құлақ түрші сөзіме менің,
Забур жырлары 16:5–6
Адамға түзу болып көрінген жолдар да бар, Ақырында олар ажалға бастап апарар.
Нақыл сөздер 14:12
Өз ақылына ғана сенген аңғал болар, Даналықпен жүрген аман сақталар.
Нақыл сөздер 28:26
Мадаққа лайық Жаратқанға сиынам, Ол мені арашалайды жауларымнан.
Забур жырлары 17:4
Егер араларыңда пайғамбар не көріпкел пайда болып, бір ғажап іс не керемет туралы алдын ала жариялап, онысы жүзеге асса, әрі сол адам: «Ал, кәне, басқа тәңірлерге табынып құлшылық етейік!» — деп сендерді өздеріңе бейтаныс тәңірлерге мойынсұнуға еліктіріп азғырса, онда сендер сондай пайғамбардың не көріпкелдің айтқан сөздерін тыңдамаңдар! Осы жайт арқылы Құдайларың Жаратқан Ие сендерді, Өзін шын жүректен және бүкіл жан дүниелеріңмен сүйетін не сүймейтіндеріңді білу үшін сынайды. Сендер тек Құдайларың Жаратқан Иенің жолымен жүріп, жалғыз Оны ғана қастерлеулерің керек! Оның өсиеттерін орындап, даусына құлақ асатын болыңдар! Әрдайым Жаратқан Иеге қызмет етіп, Одан ажырамастай берік ұстаныңдар!
Заңды қайталау 13:1–4
Күллі жер Жаратқан Иені қастерлесін, Әлемнің бар халқы Оны құрметтесін,
Забур жырлары 32:8
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2013 ж. 20 там.
2013 ж. 19 там.
2013 ж. 18 там.
2013 ж. 17 там.
2013 ж. 16 там.
2013 ж. 15 там.
2013 ж. 14 там.

Мәсіхшілік өмір
Мәсіхке қызмет етудің шынайы уәждерін, қызмет етудің тиімді әдістерін және адал қызметтің, әсіресе балалар…

Дұға
Бұл дұға Құдайдың өмірдегі қатысуы мен басшылығына деген терең тілекті білдіреді, Оның жолын дүниелік…

Иса Мәсіх
Исаның Киелі жазбадан қаншалықты жиі дәйексөз келтіргенін және оның қызметіне терең әсерін біліңіз. Құдай…
Мейірім
Құтқарылудың заңдылықпен немесе заңды сақтаумен емес, рақым мен сенім арқылы келетінін біліңіз. Рақымның…

Мәсіхшілік өмір
Мәсіхтің алдын ала білуі мен арашашылығы Оның біздің қажеттіліктерімізге әрдайым дайын екенін, бізді кез…

Эсхатология
Иса Мәсіхтің қайтып келуіне қатысты Інжіл пайғамбарлықтары мен уәделерін, Оның алғашқы келуінен бастап…