Құдай өтірік айтатын пенде емес, Ойын өзгерте беретін адам да емес. Ол айтса, сонысын іске асырмай ма, Әлде сөз беріп, онысын орындамай ма?
Руларды санау 23:19
Күнделікті нұр
Құдай өтірік айтатын пенде емес, Ойын өзгерте беретін адам да емес. Ол айтса, сонысын іске асырмай ма, Әлде сөз беріп, онысын орындамай ма?
Руларды санау 23:19
көктегі Әкеміз берген қай нәрсе де игі. Нұр шашқан аспан денелерін жаратқан Ол бізге Өзінің мүлтіксіз жарылқауын жаудырады. Аспан денелерінің көлеңкелері қозғала бергенмен, Құдайда ешқандай тұрақсыздық жоқ.
Жақыптың хаты 1:17
Иса Мәсіх өткенде, қазір және болашақта мәңгілік Өзі болып қала береді.
Еврейлерге хат 13:8
Он ішекті аспапта әсем күй тартып, Жетіген және домбырамен қосылып.
Забур жырлары 91:4
Сондықтан Құдай да Өзінің уәдесін иемденетіндерге алға қойған мақсатының мызғымас екенін өте айқын көрсеткісі келгенде, айтқандарын антпен бекітті. Осылайша біз бұл екі мызғымас негізге (Құдайдың уәдесі мен антына) сүйеніп, олардан зор күш-жігер аламыз. Себебі Құдайдың өтірік айтуы еш мүмкін емес қой. Бізге ұсынылған осы үміттен күдер үзбей, Одан пана таптық.
Еврейлерге хат 6:17–18
Сондықтан да Құдайларың Жаратқан Иенің шынымен Құдай екенін біліп алыңдар! Өзін сүйіп, өсиеттерін ұстанғандардың тіпті мыңыншы ұрпағына да Ол Өзінің Келісімін сақтап, рақымын төгетін болады.
Заңды қайталау 7:9
Арам қылықтары қолдарын былғайды, Пара алып, беруден олар бас тартпайды.
Забур жырлары 25:10
Жаратқан Ие ұлы әрі тым қуатты, Шексіз мол Оның ақыл-парасаты. Иеміз қорланған жанды жоғарылатады, Ал зұлымдарды Ол жерге құлатады.
Забур жырлары 146:5–6
Тап болған қиындыққа мойығаның — Тым аздығы бойыңдағы қуатыңның!
Нақыл сөздер 24:10
Қалжырағанға Ол қуат сыйлайды, Қажып, шаршағанға күш табыстайды.
Ишая 40:29
Бірақ Ол маған былай деді: «Менің рақымым саған жетер: күшсіз жағдайыңда Менің құдіретім толықтай іске аса алады». Сондықтан Мәсіхтің құдіретінің бойымда орнығуы үшін, күшсіздігіме қуана мақтанамын.
Қорынттықт. 2-хат 12:9
Жасы ұлғайса да, жемісін береді, Шырынды, ширақ болып қала береді,
Забур жырлары 91:15
Ежелден Құдай болып келеді баспанаң, Аясында боласың мәңгілік қолының, Ол жауыңды алдыңнан қуып шығады, Оны жойып құртуға бұйырады,
Заңды қайталау 33:27
Әдетте әрбір бас діни қызметкер пенделер арасынан таңдалып, олар үшін Құдайға қызмет етуге тағайындалады: Оған арнап сый-тартулар ұсынып, адамдардың күнәларының құнын өтеу үшін құрбандықтар шалады. Бас діни қызметкер өзінің де пенделік кемшіліктері бар болғандықтан, білмей тура жолдан адасып кеткендерге мейірімділік көрсете алады.
Еврейлерге хат 5:1–2
Сондай-ақ Мәсіх те Бас діни қызметкер болу құрметін өз бетімен иемденген жоқ. Қайта, Құдай Оған: «Рухани Ұлымсың, Мен бүгінгі күн Әке болдым Саған» деген.
Еврейлерге хат 5:5
Құдайдың рухани Ұлы бола тұра, Мәсіх ауыр азаптар шеккен кезінде де Әкесіне мойынсұнуға үйренді. Жүктелген тапсырмасын толық орындап шыққан Ол Өзіне мойынсұнғандардың барлығы үшін мәңгілік құтқарылуға жол ашты.
Еврейлерге хат 5:8–9
Шынында Құдайдың Қызметшісі біздің қасіретімізді Өзіне алды, біздің ауруларымызды өз мойнымен көтерді. Оның ұрылып, азап шегуін Құдай бұйырған жаза деп ойладық!
Ишая 53:4
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2013 ж. 19 там.
2013 ж. 18 там.
2013 ж. 17 там.
2013 ж. 16 там.
2013 ж. 15 там.
2013 ж. 14 там.
2013 ж. 13 там.

Рухани тәртіп
Киелі жазбаларды оқу, медитация және дұға арқылы Құдаймен күнделікті тыныш уақытты қалай орнатуға және…
Иса Мәсіх
Иса есімінің терең мағынасы мен күшін, оның Ескі Өсиеттегі алдын ала көрсетілуінен бастап, даңқтағы мәңгілік…

Қудалау
Аян 2:8-11 және Мәсіхтің Ізмірге жазған хатын зерттеу. Азаптың сенімді қалай тазартатынын және өмір тәжінің…

Құдайдың соты
Еремияның өмірін зерттеңіз, ол зор қарсылық пен азапқа қарамастан, Құдай Сөзімен нығайтылып, даңқты түрде…

Құдайдың жетелеуі
Иса Мәсіх — біздің қатесіз жолбасшымыз, ол бізді өмірдің қауіп-қатерлері арқылы киелілікке, бақытқа және ақыр…

Құдай Патшалығы
Матфей 13-тегі жеті астарлы әңгіме арқылы аспан патшалығының құпияларын зерттеңіз, Мәсіхтің Елуінші күн…