Мадаққа лайық Жаратқанға сиынам, Ол мені арашалайды жауларымнан. Өлім толқындары жан-жақтан құрсады, Заңсыздық тасқыны көміп тастады,
Забур жырлары 17:4–5
Күнделікті нұр
Мадаққа лайық Жаратқанға сиынам, Ол мені арашалайды жауларымнан. Өлім толқындары жан-жақтан құрсады, Заңсыздық тасқыны көміп тастады,
Забур жырлары 17:4–5
Жүргенде олар тура жолды нұсқар, Ұйықтасаң күзетіп, қорғап жатар, Оянғанда саған ақыл айтар. Өсиет пен тәлім шам-шырақ секілді, Түзеткіш тәрбие өмір жолын сілтейді.
Нақыл сөздер 6:22–23
Сонда сендер жолдан оңға не солға қарай бұрылмақ болғанда, бір дауыстың арт жақтан: «Жол мынау, сонымен жүріңдер!» дегенін еститін боласыңдар.
Ишая 30:21
Иса тағы бір жолы халыққа сөйлеп отырғанда былай деді: — Мен дүние үшін Нұрмын. Маған ерген кісі енді түнекте жүрмей, шынайы өмірдің Нұрына ие болады, — деді.
Жохан 8:12
Сонымен қатар, біздерде пайғамбарлардың жазып қалдырған нық сенімді сөздері бар ғой. Бұларға көңіл бөлсеңдер, жақсы болады. Сол сөздер қараңғылықта «нұрын шашып тұрған шам-шыраққа» ұқсайды. Таң атып, шолпан жұлдызының пайда болатынындай, ақырында Мәсіх көктен қайтып келіп, жүректеріңе толық түсінік құятын болады.
Петірдің 2-хаты 1:19
Сол сияқты, біздің қазір көргеніміз Айнадағы көмескі бейне іспетті, Ал болашақта бетпе-бет анық көреміз. Қазіргі білетінім тек қана шектеулі, Ал Құдайдың мені толық білетіні секілді, Бәрін де толықтай білемін сол кезде.
Қорынттықт. 1-хат 13:12
Енді ешқашан түн болмайды. Оларға шам-шырақ пен күн сәулесінің қажеті жоқ, себебі Құдай Иенің нұры түсіп тұрады. Олар мәңгі патшалық құрмақ.
Аян 22:5
Кеме бастығы оған келіп: «Әй, сен неғып ұйықтап жатырсың?! Тұрып, Тәңіріңе жалбарына сиын! Мүмкін, Тәңірің бізді ойына алып, ажалдан сақтап қалар», — деп бұйырды.
Жүніс 1:6
Тұрыңдар! Кетіңдер! Бұл елде бұдан былай аман-есен тұра алмайсыңдар. Өйткені жер арамдалып, енді қайтып қалпына келмейтіндей құртылды».
Миха 2:10
Ойларыңды күнәкар дүниедегіге емес, көктегіге аударыңдар!
Қолостықт. хат 3:2
Ал көзімді құртпақшы арамзалар Тозақтың түбіне түсетін болар,
Забур жырлары 62:10
Ендеше шын жүректен, бүкіл жан дүниелеріңмен Құдайларың Жаратқан Иеге бет бұрып, бағышталыңдар! Құдай Иенің киелі үйін тұрғызуға кірісіңдер! Құрылысты бітіргеннен кейін Жаратқан Иенің Келісім сандығын да, Құдайға бағышталған құрал-жабдықтарды да Жаратқан Иенің есіміне арнап салынған осы киелі үйге апарып қойыңдар!
Шежірелер 1-ж. 22:19
Яһуда (Исаның қасынан) кетіп, басты діни қызметкерлермен және ғибадатхананың бас сақшыларымен кездесіп, Исаны оларға қалай ұстап беру туралы ақылдасты.
Лұқа 22:4
Алайда өздеріңе сақ болыңдар: той-думан жасап, мас болып немесе күнделікті тұрмысты уайымдап, жүректерің шеменденіп кетпесін! Әйтпесе Менің қайта оралатын күнім сендерге қапылыста келеді.
Лұқа 21:34
Күйеу жігіт ұзақ кешіккендіктен, барлығы қалғып, ұйықтап қалады.
Матай 25:5
Себебі келуге тиісті Ол сәлден кейін келіп, еш кешікпейді.
Еврейлерге хат 10:37
Осыны іске асырыңдар, себебі қандай заманда өмір сүріп жатқанымызды білесіңдер: қазір рухани ұйқыдан оянып, сақ болатын уақытымыз келді. Біздің Мәсіхке сене бастаған кезімізден гөрі қазір құтқарылуымыз жақынырақ тұр.
Римдіктерге хат 13:11
Сондықтан сергек болыңдар! Үй иесінің қашан келетінін: кешке ме, түн ортасында ма, әтеш шақырған кезде ме, әлде таң ата ма, қызметшілері білмейді. (Сондай-ақ, сендер де Менің қашан қайтып келетінімді білмейсіңдер.) Кенеттен келе қалған кезімде рухани ұйықтап жатпаңдар!
Марқа 13:35–36
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2013 ж. 26 там.
2013 ж. 25 там.
2013 ж. 24 там.
2013 ж. 23 там.
2013 ж. 22 там.
2013 ж. 21 там.
2013 ж. 20 там.

Мәсіхшілік өмір
Мәсіхке қызмет етудің шынайы уәждерін, қызмет етудің тиімді әдістерін және адал қызметтің, әсіресе балалар…

Киелі Рух
Киелі Рухтың Мәсіхті қалай ашатынын, сенушілерде қалай тұратынын және Рухқа толы болудың шынайы мағынасын…

Иса Мәсіх
Исаның Киелі жазбадан қаншалықты жиі дәйексөз келтіргенін және оның қызметіне терең әсерін біліңіз. Құдай…

Эсхатология
Иса Мәсіхтің қайтып келуіне қатысты Інжіл пайғамбарлықтары мен уәделерін, Оның алғашқы келуінен бастап…

Мәңгілік қауіпсіздік
Иса Мәсіхке сенушілер үшін мәңгілік қауіпсіздіктің киелі жазбалық кепілдігін ашыңыз. Құтқарылуды алғаннан…

Киелі Рух
Матай 3:11-дің мағынасын оның дұрыс контекстінде зерттеңіз, Шомылдыру рәсімін жасаушы Жоханның…