Оның шексіз рақымынан бәріміз молынан жарылқанып келеміз.
Жохан 1:16
Күнделікті нұр
Оның шексіз рақымынан бәріміз молынан жарылқанып келеміз.
Жохан 1:16
Ол әлі де сөйлеп тұрған кезде-ақ кенеттен бір нұрлы бұлт оларға көлеңкесін түсіріп, бұлт ішінен: «Бұл — Менің сүйікті рухани Ұлым, Оған ризамын. Оны тыңдаңдар!» — деген дауыс шықты.
Матай 17:5
Қараңдар, Әкенің бізге деген сүйіспеншілігі қандай зор: Құдайдың рухани балалары деп аталамыз және нақ солаймыз да! Осы күнәлі дүние кім екенімізді білмейді, себебі ол Құдайды білген жоқ.
Жоханның 1-хаты 3:1
Ал осы соңғы заманда Ол бізге хабарын Өзінің рухани Ұлын жіберіп жеткізді. Құдай Сол арқылы әлемді жаратып, Оны барлығының иесі етіп тағайындады.
Еврейлерге хат 1:2
Рухани баласы болғандықтан, Оның бізге дайындап қойған мәңгілік игіліктеріне де ие боламыз: Құдай Мәсіхке сыйлағандары іспетті игіліктерді бізге де сыйламақ. Егер Мәсіхтің жолында жүріп, азабына ортақ болсақ, Оның салтанатты ұлылығына да ортақ болып, сол игіліктерді қабылдаймыз.
Римдіктерге хат 8:17
Әкем Екеуіміз біртұтаспыз.
Жохан 10:30
Ал егер Мен оларды істеп жүрсем, тіпті Өзіме сенгілерің келмесе де, істеген істеріме сеніңдер! Осылай сендер Әкемнің Менімен, Менің Әкеммен тығыз байланыста екенімізді түсінесіңдер.
Жохан 10:38
Иса оған: — Маған жармаспа, себебі Мен әлі де Әкеме көтерілген жоқпын. Одан да бауырластарыма барып, оларға Менің Әкеме, яғни сендердің де Әкелеріңе, өз Құдайыма, яғни сендердің де Құдайларыңа, көтеріліп кететінімді айт! — деп тапсырды.
Жохан 20:17
Мен бұлармен тығыз байланыстамын, Сен де Менімен солайсың. Маған сенетіндер толық бірлікке жетсін! Осылайша Өзіңнің Мені жібергеніңе әрі Мені қалай сүйсең, оларды да солай сүйетініңе адамзаттың көзі жетсін.
Жохан 17:23
Құдай бұлардың бәрін Мәсіхке бағындырып, Оны барлығынан да жоғары қойып, сенушілер қауымының Басы етті. Ал қауым — Мәсіхтің рухани денесі. Мәсіх бүкіл әлемді Өзімен толтырғаны сияқты, қауымды да толтырады.
Ефестікт. хат 1:22–23
Осы уәделердің бәрі де бізге берілгендіктен, сүйікті бауырластарым, тәніміз бен рухымызды арамдайтын барлық нәрселерден тазарып, Құдайды терең қастерлеп, толығымен Оған бағышталған қасиетті өмір сүрейік!
Қорынттықт. 2-хат 7:1
15-Сендерге өте маңызды шындықты айтып тұрмын: қызметшінің жолы қожайынынан үлкен емес, елшінің жолы да өзін жібергендікінен үлкен емес. Мен сендерге қалай қызмет етсем, сендер де солай етсін деп үлгі көрсеттім. Мұны біліп, осылай іс-әрекет етсеңдер, бақытты боласыңдар!
Жохан 13:16–17
Әке-шешесі Таурат заңында тағы айтылғандай, «екі орман кептерін немесе екі жас көгершінді» құрбан етпекші де болды. Сол кезде Иерусалимде Шимон есімді кісі тұратын. Ол Исраил елінің көрген азабынан құтқарылуын аңсап күтіп келген әділ, Құдайды қастерлейтін жан еді. Киелі Рух оған қонған болатын. «Жаратқан Ие жіберген Құтқарушы Мәсіхті көрмей тұрып өлмейсің», — деп Киелі Рух Шимонға алдын ала айтқан еді. Енді Шимон Киелі Рухтың жетелеуімен ғибадатханаға барды. Таурат заңына сәйкес рәсімдерді атқару үшін әке-шешесі Сәбиі Исаны ғибадатханаға әкелгенде,
Лұқа 2:24–27
Осы сияқты Мен де Құдай тағайындаған Билеуші бола тұра, Өзіме қызмет еткізуге емес, Өзім қызмет етіп, көптеген адамдардың азаттық төлемін өтеу үшін жанымды қиюға осы дүниеге келдім.
Матай 20:28
Бірақ Иса Әкесінің бүкіл билікті өз қолына беріп қойғанын, сондай-ақ, Өзінің Құдайдан келіп, Оған тағы қайтып баратынын да білді. Содан Иса дастарқан басынан тұрып, сырт киімін шешті де, беліне алжапқыш байлады. Бұдан кейін Ол шылапшынға су құйып, шәкірттерінің аяқтарын жуып, беліне байлаған алжапқышпен құрғатып сүрте бастады.
Жохан 13:3–5
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2013 ж. 20 қаз.
2013 ж. 19 қаз.
2013 ж. 18 қаз.
2013 ж. 17 қаз.
2013 ж. 16 қаз.
2013 ж. 15 қаз.
2013 ж. 14 қаз.
Христология
Исаның Жохан 14:6-дағы «Менмін» мәлімдемесін және оның құтқарылу, Құдаймен қарым-қатынас, ақиқатты түсіну…

Бауырлас Махаббат
Бұл мақала 1 Жоханға сәйкес мәсіхші бауырластығын анықтайды, ол тек белгілі бір конфессияны емес, Исаға…

Пайғамбарлық
Киелі кітап келе жатқан бір әлемдік шіркеу туралы не айтады? Киелі жазбаның Шіркеу, діннен безіну және соңғы…

Киелілік
Киелі кітаптың әулиелер туралы шынымен не үйрететінін біліңіз. Әрбір сенуші рухани суперқаһармандар ғана…

Мәңгілік өмір
Киелі жазбаларға сәйкес мәңгілік өмірдің шынайы мағынасын ашыңыз. Бұл тек ұзақтық емес, Исаны жеке тану және…

Иса Мәсіх
Исаның Киелі жазбадан қаншалықты жиі дәйексөз келтіргенін және оның қызметіне терең әсерін біліңіз. Құдай…